Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылыми зерттеу және әдіснама

Автор:   •  Ноябрь 29, 2024  •  Реферат  •  1,045 Слов (5 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 5

№11 – дәріс. Ғылыми зерттеу және әдіснама

Жоспары:

  1. Ғылымның маңызы
  2. Әдіснама ұғымы, оның мәні

     Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның практикалық кызметі. Fылымның басты мақсаты – ғылыми заңдылықтардың негізінде ашылатын болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру, жүйелеу. Ежелгі Шығыста (Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғышарттары калыптасты. Ғылымның бастауында  мифология тұрады.         Миф — көне аңыз, әңгіме; тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінуіне ықпал етті. Миф - ақиқаттың да қайнар көзі. Көшпенді халықтардың бір бұтағы саналатын қазақ ұлтының мифі - алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны сол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, тайпаның тотемдік бабасы, ілкі ата мен жасампаз қаһармандар және олардың іс -әрекеттері фантастикалық сипатта баяндалған. Алайда  уақыт озып, адамдардың сана-сезімі жетілген сайын миф бұрынғы «қасиетті» сипатынан айрылып, бірте-бірте хикаятқа, одан ертегіге айналған. Әрине жер шарындағы әр ұлыстың  өзінің пайда болу тарихы мен жасаған ортасына қарай туындатқан мифтерінің сарыны, ерекшелігі әртүрлі болған. Академик С.Қасқабасов қазіргі ғылымда орын алған жасампаздық мифтер, космогониялық мифтер, этиологиялық мифтер, эсхатологиялық мифтер, тотемистік мифтер, шамандық мифтер, генеалогиялық мифтер, дуалистік мифтер, т.б. миф түрлерін атайды.                                                                Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат зандылықтарын ашып, мәдениет тарихында үлкен рөл атқарды. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.                                                 Әдіснама  - зерттеу жолы, теория, ілім дегенді білдіреді. Әдіснаманың екі мағынасы бар: ғылыми таным әдісі; зерттеліп отырған нысан туралы мәліметтерді, ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру. Зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап,  болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Демек зерттеудің нәтижеге жетуі оның ғылыми кұралдарды дұрыс анықтап алып, әдіснама арқылы әр түрлі тәсілдерді таңдай білуімен тікелей байланысты. Зерттеу екі саланы қамтиды: әдіснама және іс-әрекет. Әдіснамада  тақырыптың көкейкестілігі негізделіп, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, болжам жасалады. Ал екіншісінде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары анықталады.                                                                                 Зерттеу құралдарына әр түрлі әдістер, тәсілдер, әдістеме мен әдіснама, жүйе кіреді.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (71.1 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club