Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Истории"

Автор:   •  Март 28, 2024  •  Шпаргалка  •  16,158 Слов (65 Страниц)  •  25 Просмотры

Страница 1 из 65

1.Орта ғасырлар ұғымының шығуы, мазмұны және кезеңдері.        

Жалпы, орта ғасырлар жайлы айтқанда бұрынғы халық, яғни рыцарьлар, сауыт саймандардың бейнелері қамалдар көз алдымызға елестейді. Орта ғасырлар ұғымының шығуына келетін болсақ, бұл атау латынша аударғанда медиум - орта, ал аевум - ғасыр деген мағына береді. Бұл медиум - аевум тіркесі алғаш рет 15-16 ғасырда Италияда қолданылған. Тарихшылар бұл атауды антикалық дәуірден қайта өрлеу кезеңіне дейінгу аралықты сипаттау үшін қолданған.

Орта ғасырлар тарихының кезеңдеріне келетін болсақ, орта ғасырлар тарихы 3 кезеңге бөлінеді.

Біріншісі кезең - ерте орта ғасыр. Бұл кезеңдегі өзгеріс - феодалдық өндіріс қалыптасты. Ірі жер иелері пайда болды. Шаруа қауымдарын феодалдар өздеріне бағындарды. Оларға жер беріп, салықтар алып отырды. Егін еккізіп, мал бақтырды.

Екінші кезең - дамыған орта ғасырлар. Бұл кезеңде шаруа қауымдары толық феодалдарға тәуілді болды. Шаруалар феодалдардан жерді жалға алып отырды. Өнімдер өндіріп, феодалдарға салықты өнім ретінде төледі. Әлеуметтік жағдай шиеленісіп, феодалдық қоғамның сипаты өзгере бастады. Қала тұрғындарының, шаруалардың наразылықтары мен көтерілістері көбейе бастады.

Ал үшіншісі- кейінгі орта ғасыр. Бұл кезең жалпы феодализмнің ыдырауымен және де капиталистік өндіріс тәсілінің туа бастауымен сипатталды. Дамыған орта ғасырда басталған наразылықты басу үшін күшті билік керек болып, бұрынғы бытыраңқы мемлекеттерді бір орталыққа бағындырылыған мемлекеттер құрыла бастады. Орталықтандырылған мемлекеттерде абсолюттік-феодалдық үкімет билік жүргізді. Олар мемлекеттерде көтеріліс, наразылықты болдырмай феодалдарға өз байлықтарының қызығын көруге мүмкіндік берді.

2. Рим империясындағы дағдарыс.

Жалпы,  IVғасырда империя жері үлкен ауқымды жер болды. Оның құрамында Балқан, Дунай, Мысыр, Сирия, Палестина, Еуропа, Африка болды.

Ал III ғасырда, империяда үлкен дағдарыс орын алып, әлсірей бастады. Оның үлкен себебіне келетін болсақ, ол құлдар еңбегінің өнімсіздігі болды. Құлдар көп еңбек етіп, ауыр жұмыс жасаса да, еңбектеріне ақы алмады. Ақының орынына ішер ауқатын ғана беріп отырды. Олар ауыр жұмыс істеп жүрген бүкіл құралдарын құртып, жұмыстарынан бас тартып, қарсы шықты.

Ол кезде император Диоклетиан болды. Оның тұсында империяның мемлекеттік құрылысында үлкен өзгерістер орын алды.  Халыққа заттай, ақшалай салық салынып отырды. Заттай салыққа тұрмыстық заттар және тағам қажеттіліктері алынды. Ал қолөнершілер және саудагерлер ақша жүзінде салық төлеп отырды. Сенат өз орынын императорлық кеңеске беріп, өзі іс жүзінде маңызынан айырылды.

Ал император Константин кезінде Рим империясында христиан дінін халық арасында уағыздауға рұқсат беріліп, еркіндікте болды. Ол христиан діні империясының бірлігін сақтауға көмектеседі деп сенген. Себебі, императордың анасы осы дінді ұстанғандықтан, Константинде христиан дініне жақын болып, христиандыққа өткен. 381 жылы, Константин өмірден өтті. Ол өмірден өткен соң, христиан діні мемлекеттік дін болып қабылданды. Шіркеулер салынып, шіркеудің басшысы “папа” деп аталды. Оған бағынбағандарды еретиктер деп атады. Яғни, күпірлер.  Бағынбағандарды қудалап отырды. Қара халық пен құлдар шіркеуге салық төлеп, бағынып, сы й- сыяпат беріп отырды. Бірақ тойымсыз дінбасыларға қарсы қалың қара хылық арасында наразылық туындап, үлкен күпірлер қозғалысын тудырды.

3. Диоклетиан реформасы

Диоклетиан әскери және әкімшілік реформалар жасады. Оның әкімшілік реформасы 293 жылы жүргізілді. Ол реформаның мақсаты - империяның тұтастығын нығайту болды. Реформа барысында Италия Батыс және Шығыс Рим империясы болып бөлінді және италияның аумағы 12 диоцезге бөлініп, ал диоцездер 104 провинцияға бөлінді. Бұл бөліну билікті нығайтты. Батыс және Шығыс Римнің басында императорлар тұрды. Цезарьлар императорлардың көмекшілері болды.

Диоклетианның реформалары әр уақытта туындап отырды. Империя аумағында болып жатқан көтерілістерге, империяға қарсы болып жатқан шабуылдарға қарсы әскери реформа қажет болды. Осыған байланысты Диоклетиан әскери реформа енгізді. Оның жасаған әскери реформасы Рим әскерін күшейтіп, әскерлер үш санатқа бөлінді. Олар : шекара, мобильдік, грегориан гвардиясы. Грегориан гвардиясы - императорды қорғаушылар болды.

...

Скачать:   txt (231.7 Kb)   pdf (364.1 Kb)   docx (82.7 Kb)  
Продолжить читать еще 64 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club