Шпаргалка по "Истории"
Автор: banu • Декабрь 26, 2018 • Шпаргалка • 8,429 Слов (34 Страниц) • 558 Просмотры
№ 19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
- Лагерлердің ұйымдастыру-нормативті негізі қалыптасуы
Кеңес заманында 1929 жылғы Женева конвенциясының 9-шы бабында адамдарды ұлтқа, нәсілге бӛлушілік бар, сондықтан КСРО оған қосылған жоқ деген пікірлер айтылып жүрді. Ол шындыққа жанаспайды. Ӛйткені аталған бапта: «Соғысушы елдер мүмкіндігінше әртүрлі нәсілдер мен әртүрлі ұлттардың ӛкілдерін бір лагерьге орналастырмауға тырысуы қажет» деп кӛрсетілген. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың тәжірибесінен туған. Әртүрлі тілде сӛйлейтін және әртүрлі дінге сенетін тұтқындардың тіл табысуы қиындау болады. Женева конвенциясына кеңес үкіметінің үрке қарауының түпкі себебі басқада. Бұл келісім бойынша, тұтқындар бірден тіркеуге алынып, тізімдері протектор-мемлекетке (Швейцарияға) беріледі, Швейцария оны сол тұтқынның отанына хабарлайды; Халықаралық Қызыл Крест қоғамы соғыс тұтқындары жинақталған лагерьлерді үнемі тексеріп отыруға және тұтқындардың жағдайын жақсартуды талап етуге тиісті; тұтқындарға берілетін тамақ мӛлшері тұтқындаушы елдің тылдағы әскери бӛлімдеріне берілетін мӛлшерде болуға тиісті; тұқындардың лагерьдегі ауыр жағдай туралы Қызыл Крест қоғамына арыз айтуға құқығы бар. Әрине, сталиндік басшылық елді орасан зор түрмеге айналдырғанын ескерсек, Кеңес Одағының Женева келісіміне неліктен қол қоймағанын түсіну қиын емес. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағынан басқа барлық соғысушы елдердің жауынгерлері тұтқынға түскен жағдайда осы Женева келісімінен құқықтық қорғаныш тапты. 1941 жылдың маусым-шілде айларында бейтарап Швеция үкіметі кеңес үкіметімен соғыс тұтқындарының құқықтық статусын анықтау туралы хат бетінде келіссӛздер жүргізді. Кеңес Одағы «біз соғыс тұтқындарына қатысты Гаага конвенциясының шарттарын мойындаймыз» деді. Германия Женева конвенциясын мойындауды талап етті. Осылайша екі мемлекеттің әрқайсысы ӛз дегенінен қайтпай, нәтижесінде кеңес тұтқындары халықаралық келісім бойынша қорғалу мүмкіндігінен айырылып қалды. Кеңес Одағы сілтеме жасап отырған құжат 1907 жылы Гаагада халықаралық конференцияда қабылданған «Соғыстың заңдары мен салттары туралы» конвенция. Оны жасауға патшалық Ресей де қатысқан еді. Конвенцияның бір тарауы соғыс тұтқындарына арналған болатын. 1917 жылы большевиктер үкімет басына келгеннен кейін бұрынғы патша үкіметі қол қойған барлық халықаралық келісімдерден бас тартты. 1925-30 жылдардың аралығында бірнеше келісімдерді, соның ішінде 1864 жылы Женевада жасалған «Соғыс кезінде жаралы және ауру жауынгерлерге кӛмек беру туралы» келісімді қайтадан мойындады. Ал тұтқындарға қатысы бар Гаага конвенциясы мойындалмай қала берді. Кезінде кеңес тарихшылары 1907 жылғы Гаага конвенциясын Кеңес Одағы мойындады, демек неміс лагерлеріндегі кеңес тұтқындарының аса ауыр жағдайда болуы Германияның осы конвенцияны ӛрескел бұзуы деп айтып жүрді. Германияда ғылыми зерттеулер жүргізген кезімде Әскери архивтегі және Сыртқы істер министрлігінің архивіндегі неміс және кеңес тұтқындарының құқықтық статусын анықтау туралы 1941 жылғы маусымда Германияның бейтарап елдердің үкіметтеріне жазған хаттарын оқыдым. Қарап отырсақ, Кеңес Одағы Гаага келісімін мойындағаны туралы ресми түрде мәлімдеме жасамаған. Сондықтан 1941 жылы соғыс басталған кезде кеңес тұтқындары аталған екі келісімді пайдалана алмады Кейбір зерттеушілер бізде Женева келісіміне ұқсас, мазмұны соған келетін тұтқындарды күтіп-бағудың ережесі болған еді ғой дегенді айтады. Ол ереже 1931 жылы жасалып Жоғарғы Кеңесте қабылданды және 1941 жылы қайта толықтырылды. Бірақ ол құжаттың тек елдің ӛз ішінде ғана күші болды, ал халықаралық дәрежеде мойындалған жоқ. Соғыс тұтқындары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тек қана 1929 жылғы Женева конвенциясы тұрғысынан ғана ресми түрде қорғалатын еді. Егер №270 бұйрыққа қарайтын болсаңыз, соғыста тұтқынға түскендердің барлығы ӛз еркімен, арнайы берілген сияқты. Олардың туғандарын жазалаймыз дегеннің ӛзі, тұтқындарды тағдыр тәлкегіне қалдыру болып саналады ғой. Мысалы нацистік Германияны алайық. Фашизм дүниежүзінде жауыздығымен белгілі болған құбылыс. Тіпті олар туралы бір ауыз дұрыс сӛз айтудың ӛзі қиын. Бірақ мен мынадай құжаттарды кӛрдім. 1941 жылы 22-ші маусымда соғыс басталды. Ал 24- ші маусымда Вермахтың (Германия армиясының) жоғарғы қолбасшылығының тұтқындар бӛлімі шетелдік бӛліміне хат жазған. Онда тұтқынға түсіп жатқан неміс жауынгерлерінің құқықтық статусы қалай анықталады деп сұрайды. Кеңес Одағы Гаага конвенциясын да, Женева конвенциясын да мойындаған жоқ. Сонда олар қандай конвенциямен қорғалады? Бұдан басқа, Сыртқы істер министрлігіне, Халықаралық Қызыл Крест ұйымына жазылған хаттарды кӛрдім. Олар ӛз солдаттарының тағдырын ойлағанда біз неге ойламаймыз. Неге түсті деп жатқан жоқ, қалай қорғалады деп жатыр Халықаралық Қызыл Крест қоғамы бірнеше рет Кеңес үкіметімен хабарласты. Кеңес үкіметі соғыс тұтқындары мәселесіне қатысты келіссӛздерді Түркиядағы КСРО елшісі С.Виноградовқа тапсырды. Алайда келіссӛздер ештеңе берген жоқ. Ӛйткені мәселе тағы да Женева конвенциясына қосылуға келіп тірелді. Женева конвенциясына қол қою керек, ӛйткені кеңес тұтқындарының жағдайы ӛте нашар деп біздің одақтастарымыз да оған мазасызданды. Мәселен, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы да Молотовқа кеңес тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін Женева конвенциясына қосылу қажет екенін ескерткен. Кеңес үкіметі Женева конвенциясына қосылудан мүлде бас тартты. Қарап отырсаңыз, ол мәселені шешуге Кеңес Одағының құлқы болмағанын аңғаруға болады. 1943 жылы Анкарадағы Ватиканның ӛкілі Д.Рокколи КСРО елшісіне кеңестік тұтқындарға кӛмек ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Швеция үкіметі де елші А.Коллонтайға осындай ұсыныс жасады. Кеңес елшілері бұл мәселелені талқылаудың орнына соғыс тұтқындарын «сатқындар» деп атады. Мұны №270 бұйрықтың тікелей ықпалы деп түсінуге болады.
...