Шардара ауданындағы қол күресі спортының даму тарихы
Автор: Baian1986 • Сентябрь 21, 2022 • Научная работа • 2,786 Слов (12 Страниц) • 314 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының
Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байқау жұмысының тақырыбы:
Шардара ауданындағы қол күресі спортының даму тарихы
Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық
Авторы: Аншабек Дастан, 9 сынып
Жетекшісі: Канайбекова Баян Турехуловна,
тарих пәні мұғалімі
Шардара – 2022
Шардара ауданында қол күресі спортының даму тарихы
І. Кіріспе ........................................................................... 3-4
ІІ. Негізгі бөлім ...........................................................5-12
2.1. Шардара ауданында қол күресі спорт түрінің пайда болуы мен даму тарихы...................................5-8
2.2. Шардара ауданында қол күресі спорт түрімен айналысатын чемпиондар және олардың жеткен жетістіктері.............................................9-12
ІІІ. Қорытынды .............................................................13-17
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.....................................18
І. Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Шалғайда орналасқан Шардара ауданындағы қол күрес спорт түрінің пайда болуы мен дамуы жайлы мәліметтер беру. Қол күрес спорт түрін жасөспірімдер мен жастар арасында одан әрі насихаттау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Шардарадан шыққан қол күрес спортшыларын, Азияның Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары туралы насихаттау, саңлақ спортшылардың жетістіктері жайлы жаза отырып жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Шардара қол күресі спортының даму тарихын анықтап, Шардаралық шымыр спортшылар туралы тың мәліметтер жинақтау, Шардараны Шардара су қоймасы немесе балықтары арқылы емес, шымыр жігіттері арқылы танытуды дәлелдеу.
Ғылыми жұмысының нысаны. Шардара ауданындағы қол күрес спорты және осы спорт түрімен айналысатын ҚР-ның Туын көкте желбіретіп жүрген чемпиондар.
Ұлттық рухымызды асқақтататын төл тарихымыз айқын төрге озды. Ұлт мәселесін ұлы мақсаттармен дөп басқан баянды болашақтың сара жолы – бірегей сенім мен көзқарастың қалыптасуына ықпал етті. Ендігі жерде, тәрбиелік талаптың межесінен шығу өзімізге байланысты. Рухани сәулемен мәңгілік елдің еңсесін көтерген бағдарлама ел бірлігін нығайта түспек. Бұған дәлел сылаң қаққан Сырдың бойы мен Қызыр аралаған Қызылдың құмында орналасқан Шардара өңірі тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен саналады. Шардара туралы сөз қозғағанда аймақтың рухани-мәдени өміріне ерекше тоқталған жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл ретте шағалалы өңірдің атын облыс пен республика, әлем көлеміне танытып жүрген мәдениет және спорт саласының майталмандары аз емес. Қазіргі уақытта Шардара ауданында 4 аудандық спорт мектебі, 1 облыстық спорт мектептері жұмыс істейді. Осы орайда, даңқты спортшы Арман Қарсыбаев негізін қалаған армрестлинг спорты әлемдік аренада жоғары орынды иеленіп келе жатқанын мақтанышпен айта аламын. Аядай ғана ауданның армспорт клубының шымыр спортшылары халық арасында жүрген «ұлттық рухым» деген ұлы сезімді ерекше сезініп, әр азаматтың еңбекқор, саналы болуына серпін беріп келеді. Елім үшін деген пәрменді талап-міндеттің маңызын ұғындыруда. Әлемге Шардара ауданың ғана емес, Қазақстанның атын танытып жүрген армспорт клубы чемпиондарын насихаттау арқылы мен де өз елімнің, жерімнің мәдени-рухани дамуына өз үлесімді қосу.
...