Тест тапсырмалары "Қазақстан тарихы"
Автор: Амен Ерхан • Февраль 7, 2023 • Тест • 1,563 Слов (7 Страниц) • 584 Просмотры
11 сынып.Тест тапсырмалары.
(әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады)
- Еуропоцентристік тұжырымдаманы жақтаушы ғалымдардың қайсысы, көшпелі мал шаруашылығымен айналысу шекарасы жоқ халықтың артта қалуының белгісі деп санайды:
А) Н.Я. Данилевский В) Г.Е. Лессинг
+С) А. Тойнби
- Даладағы молшылық пен құнарлылықты бейнелейтін және ою- өрнекте қолданылған ең құрметті киелі жануар:
А) Түйе.
+В) Қой.
С) Жылқы.
- 1946-1980 жылдары Қазақстанның шет елдермен байланысы өмірдің қай саласында сәтті дамыды?
А) Экономикада. В) Ғылымда.
+ C) Мәдениетте.
- Қазақстанда 1917 жылғы қараша – 1918 жылғы қаңтарда өткен Құрылтай жиналысына сайлау көрсетті:
+ A) Еңбекшілердің басым бөлігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарымен бөлісті.
- Көпшілігі большевиктерді қолдады.
- Көпшілігі мұсылман жетекшілерін қолдады.
- «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деген сөздер кімге тиесілі?
А) Ә. Бөкейхановқа
+ В) С. Сәдуақасовқа С) М. Дулатовқа
- Қазақтардың өз жерінен айырылу процесін суреттейтін «Қазтуған» шығармасын қай жырау жазды?
А) Шортанбай Қанайұлы.
+В) Мұрат Мөңкеұлы. С) Дулат Бабатайұлы.
- 1918 жылдың көктемінде Кеңес өкіметі Алашордаға қарсы күресті неден бастады?
- Алашорда басшыларын тұтқындады.
- Алашордаға қарсы қарулы күресті бастады.
+ C) «Қазақ» газетін жапты.
- Ш. Уәлиханов қай жылы Атбасар сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымына сайлауға қатысты:
А) 1860 жылы.
+В) 1862 жылы.
- 1864 жылы.
- Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысын ұйымдастырушылар:
+А) Жәдитшілдер. В) Социалистер.
C) Мұсылман дінбасылары.
- Қазақ өлкесінің мәдениетін, тілін және тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарған «Сібір қазақтарының этнографиясы туралы» шығарманың авторы:
А) А.И. Левшин
+В) В.В. Радлов
C) А.И. Добромыслов
- КСРО-дағы, оның ішінде Қазақстанда 1962-1989 жылдардағы реформалар неге тиімді нәтиже бермеді?
А) Реформалар объективті жетілмеген.
В) Реформалар жекелеген адамдардың тобына ғана қатысты болды.
+ С) Реформалар экономикалық қатынастарда түбегейлі өзгерістерді қарастырмады.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында «Шығыстың он бір батырының биіктігі» деп аталған ержүрек жауынгерлер қорғаған биіктік қай қалада орналасқан?
+А) Волгоград. В) Тула.
C) Смоленск.
- «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамасы:
А) Өз армиясын құру.
+В) Ұлттық мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту.
C) Пантюркизм және панисламизм идеяларында мемлекетті қалыптастыру.
- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы неше негізгі құндылықтардан тұрады? А) 3.
В) 5.
+C) 7.
- 1883 жылы Қазақстанда алғашқы көпшілік кітапханасы ашылған қала:
+А) Семей. В) Торғай.
C) Верный.
- XX ғасырдың 50-ші жылдары республикада жұмысшыларды даярлау мәселелерін шешу үшін:
А) Армияға, авиацияға және флотқа көмек көрсетудің Бүкілодақтық ерікті қоғамы ашылды.
+В) Еңбек резервтері мектептері ашылды.
C) Кешкі артельдер ашылды.
- Академик И.М. Курнаков «Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп атаған аймақ:
А) Шығыс Қазақстан. В) Батыс Қазақстан.
+ C) Орталық Қазақстан.
- 50-ші жылдардың екінші жартысында қоғамдық ғылымдардар саласында дағдарыстың күшеюінің басты себебі:
+ А) Коммунистік идеологияның үстемдігі. В) Бюрократиялық аппарат.
C) Елдегі ЖОО жетіспеушілігі.
- Алаш қозғалысының қайраткері С. Сәдуақасовтың пікірінше, бұл қала – өлкенің ірі білім беру орталықтарының бірі болған:
+ А) Омбы. В) Томск.
C) Орынбор.
- Ұжымдастыру кезеңіндегі қасіретті жағдайларға қарамастан, шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгеріп, ауылдағы негізгі тұлға айналды:
А) Мал дәрігері.
+ В) Механизатор.
C) Агроном.
- 1924 жылы Қазақстандағы халықтың сауатсыздығын жоюға қарсы құрылған Бүкілодақтық қоғамның бөлімшесі қалай аталды?
А) «Оқу үшін».
В) «Сауаттылықты арттыру».
+ C) «Сауатсыздық жойылсын».
- 90-жылдары Қазақстан экономикасын дамытудың басты бағыты республиканы ірі .................... өндіруші елге айналдыру болды:
+ А) Мұнай. В) Газ.
C) Полиметалдар.
- 1989 жылғы шілде айындағы ереуіл барысында қарағандылық кеншілер экономикалық талаптардан басқа:
А) Өндірістегі төтенше жағдайлардан өмірді сақтандыруды талап етті. В) Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысының орнынан кетуін талап етті.
...