Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрленуі үдерісі

Автор:   •  Сентябрь 10, 2022  •  Реферат  •  2,165 Слов (9 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 9

                    ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

                     Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

             Реферат

Тақырыбы:Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрленуі үдерісі

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент 2020 ж.

Жоспар:

I.Кіріспе

Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы

II.Негізгі бөлім

Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы

III.Қорытынды

                                               Кіріспе

Алаш қозғалысы-20-ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.20-ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі,Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы,қазақтардың құнарлы жерлерден айрылуы,бел ала бастады.Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады.Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес,ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді.Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларының әрекеттері болашақтағы Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов жетекшілігімен ұлт зиялылары ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады.Олар түрлі қозғалыстарға қатысып,үгіт-насихат жұмыстары үшін газет,кітаптар шығаруды жолға қойды.1911 жылы «Айқап» журналы,1913 жылдан бастап «Қазақ»,артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті.Алаш қозғалысы-қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру,қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою,адам құқығын қадір тұту,экономиканы дамыту,қазақ тілінің бедерін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті.Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері,Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды.1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды.Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуғын-сүргінге ұшырап,өлім жазасына кесілді.Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ.Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов,С.Сәдуақасов,С.Спандияров,С.Қожанов,Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты.Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады.

Қазақ елі үшін 4 қараша несімен құнды?

Бәлкім біреу білер,біреу білмес дәл осы күні Алаш арыстары ҚазКСР Жоғарғы сотының шешімі бойынша ақталған болатын.Нақтырақ айтсақ,1988 жылдың 4 қарашасында Жоғарғы соттың қылмысты істер жөніндегі алқа мәжілісінде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан «Алашорда» қайраткеолерінің контрреволюциялық,террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды.Аталған істі қайта қарау Алаш ардақтыларының ақталуына түрткі болды.Мұның шарапатын ең біріншіден,жазықсыз жапа шеккен арыстардың ұрпақтары көрді.Себебі,ес білгелі олардың мойнына «халық жауының ұрпақтары» деген қарғыс таңбасы ілінген болатын.Екіншіден,осы оқиғадан кейін еліміздегі тарихшы ғалымдар алаштануға зер салып,батыл әректтерге бара бастады.Қазіргі таңда алаш арыстарының еңбектері қайта жарық көріп ,ғалымдардың көптеген монографиясы оқырмандарға жол тартты.

Алаш қозғалыс орын алғанна кейін елде саяси қоғамдық партиялар қалыптаса бастады.Бірақ,20-ғасырдың басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ.1917 жылғы  Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан,ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді.Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда арнайы оқу орындары болған емес.Түрлі мекемелерде,әкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары ресейлік оқу орындарында білім алды.Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ,керісінше қараңғылықта ұстау тиімдірек көрінді.Ал 19-ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды.Мұндай қадамға бара отырып,жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын қанағаттандыруды көздеді.Осы мақсатта генерал-губернатырлық кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды.Осы белгіленген  стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу,Санкт-Петербург,Қазан,Орынбор,Омбы,Вершава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша білім алды.19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды.Қазақ жастары сондай-ақ  Стамбул,Каир университеттерінде де білім алды.Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда  оқып,саяси оқиғаларға тікелей араласуы,орыс демократиясының ықпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне ,саяси белсенділігінің артуына әсер етті. 20 ғ басындағы  қазақ зиялылары  қоғамдық саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы револютциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халқының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық  дамуда орта ғасырлық деңгейде қалып қоюы  түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді: « ... ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда , ең төменгі урядниктің алдыңда діріл қағып , адам төзгісіз қорлыққа шыдады , оның бұл хәлге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер , болыс басқарушылары және  басқалары өз үлестерін қосып , ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды, қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды, патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тиым салды, мектеп ашуға әрекет жасағандар Якуд облысына жер аударылды, дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінікте болған емес... Қазақ елі ,міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметін отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре тұрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым». 1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлық өніріндегі жәрменкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылыған съездер өте бастады.Бірлі жарым мекемелердің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға ,ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды:Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.Бұл талап тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары ,яғни жергілікті басқару ,сот,халыққа білім беру,дін бостандығы ,бақылаусыз газет шығару,баспахана ашуға рұқсат беру,қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға,депутат сайлау құқығын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.Барлық арыз тіліктерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкенде өзекті мәселе ,жер мәселесі болды.Арыз-тілек авторлары« әкелер қанының өтеуімен азат етілген ата мекеннің» орыс үкіметінің ешқандайда дәлел себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап,соған сүйеніп ең құнарлы жерлермен тұшы су көздерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқанына наразылықтарын білдірді.Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық қозғалысына өзара айырмашылығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты.Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап ,дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса,оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды.Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар,ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.1905 ж 6тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де мемлекттік думаға депутат сайлау құқығы берілді.Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына,әсіресежер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді.Бірақ сайлау қарсыңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын.Уақыттың аздығына байланысты және басқа дайындықтың жоқтығын түсінген ұлт зиялылырының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның бағдарламасын мойындап,қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып,осы қһұйымның атынан депутаттыққа түсті.Мемлекттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсене араласқан қазақ зиялылыры үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді,жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті.Қазақ депутаттарының бұл талабын Т.И.Седельников және Н.Л.Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және басқа ұлт депутаттарыда қолдады.Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылыры отарлық тәуелділіктегі қазақ хвлқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,депутат сайлап,оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.1906 ж 10 маусымда Семей қаласында Мемлекттік Думаға қазақтардан деутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» партиясының бағдарламасымен таныстырып ,жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады.Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезендегі саяси әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия,кадеттердің қызметімен ұштасты.Бірақ осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірінде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді.Қазақ кадеттерінің бағдарламасында мынадай талаптар қойылды:қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау,ішкі ресейден көшіп келушілер легіне шек қою,қазақ жұмысшыларына еркіндік,теңдік беру,олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару,қазақ балалары үшін мектеп,медрессе,университеттер ашу,т.б.Отарлық езгіге қарсы жалпы ұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ.Қазақ зиялылары тарапынан жалпы ұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 ж тағы да бой көрсетті.М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап,белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әректтерге көшуге үзілді-кесілді қарсы болды.Саяси пармия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 ж Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты.Алғашқы жалпы қазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып,оған мынадай негіз келтірді:«Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар.Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған.Оны білетін адамдарда мағлұм:қай партияның даболса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді.Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».1917 ж 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселеге қарап мынадай шешім қабылдайды:«Қазақ  халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп,бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастағанпартияның басшысы Ә.бөкейханов ресейлік кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді.Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге,яғни Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып,оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды.Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 ж қазан айынан бастап қалыптаса бастады.Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен  және басшылығымен қазанның  12-20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде,кейіннен Омбыда,қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды.

...

Скачать:   txt (34 Kb)   pdf (130.2 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club