Найман тарихи
Автор: nb.saya.89 • Октябрь 11, 2018 • Реферат • 3,202 Слов (13 Страниц) • 910 Просмотры
ТАРИХЫН БІЛГЕН ХАЛЫҚ ЕШҚАШАНДА ЖЕҢІЛМЕЙДІ!
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰЛДАРЫ
ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ ДЕРЕК
НАЙМАНДАР БАСТАПҚЫ ТАРИХЫ
Найман тарихи – деректі естігелі жайлы пікір қозғамас бұрын ескі заманғы мұраларға біраз тоқталып кеткеніміз жөн. Себебі төл тарихымыздың өзегі Түркі тектес халықтардың көне дәуірінен басталатыны шындық. Міне осыған байланысты, көне тарихта есімі көп аталатын тіпті ертеректе Қазақ тайпаларының бірі Наймандар еді.
Алайда, көне тарихымыз 70 жыл бойы жолы кесіліп, жабулы қазан жабық күйінде жаттты. Кезінде жазылған жарыққа шыққан шежіре кітаптар құмға сіңген судай болып, көреген көзден ғайып болды.
Сан ғасырдан келе жатқан халқымыздың тарихи шежіресі, батырлар-хандар, жыр-дастандары ата-тегі жайында жазылған деректер мен ел аузында айтылып жүрген жыр дастандар, дәстүр , мәдениет, мұраларымыз талан-таражға түсті. Кеңестік дәуірде дінімізге, әдет ғұрпымызға тоқтау салды. Көне көз қарттар қолда бар жазба шежірелерді халыққа уағыздап айтуға заманның ағымынан қорықты.
Міне соның салдарынан, ұлттық санамызды айқындайтын салт-дәстүріміз ұмыт бола бастады. Көне тарихты білітін қарт адамдарымыз азайып кете барды, одан кейінгі уақыттарда тарихи мұра жайында жазған деректерге теріс пікір беріп оларды ұлтшыл деп қуғындады. Алдын түрмеге жауып, одан қалса жұмыстан шығарды, партиядан босатты.
Наймандар туралы деректер
Бұрынғы тарихи деректерден газет журналдан оқығандарымды және ел аузынан естігінімлі айта кетсем.
«Парасат» журналында 2001 жылы жарыққа шыққан тайпалар тарихы атты тақырыпта жазушы Сәбетқазы Ақатаевтың Наймандар бастапқы тарих деген деректерден аздап мағлұмат береді.
Наймандар Түркі қағандығы кезінде «Сегіз – Оғыз» атанған. ҮІІІ – ғасырдағы «Сегіз – Оғызбен» ХІІІ – ғасырдағы наймандар арасында тарихи және этикалық – тұқымдық жағынан бір тектес тайпа. Орыс ғалымы Л.Л.Виктарова өз зерттеуінде «Найман әулетін әуелде «Сегіз – Оғыз», кейінірек «Цзу-Бу», одан кейінгі уақытта НАЙМАН деп аталып кеткен Оғыз тайпасынан шыққан Түркі тілдес халық екенін дәлелдеп берді. «Сегіз – Оғыз» атауы Түрік қағандығының соңғы әміршісі Өзміш - Тегінді 745 жылы женгол Ұйғыр ханы Мойыншора ескерткішіеде кездеседі.
Екі ғасыр бойыны, Орталық және Орта-Азияға бірдей билік жүргізген Түрік қағандығы өмір сүруін тоқтатты. Осыдан былай Мейіншора «Тоғыз – Оғыз» мемлекетіне тәуелсіздік алып беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге ол жаңа империя құрды. Ұйғыр қағанатының іргесін қалады (745-840ж.). «Сегіз Оғызды» қосып алған жас мемлекеттің бой көтеруі көршілес отырған елдерге оншы ұнамады. Осыдан кейін Мойыншараның қыстағында болған «Үш қорлық» одағы 747 жылы, Ұйғырлар талқандаған «Он – оқ» тайпаларымен бірігіп Батысқа казіргі Қазақстан жеріне көшіп кетті. Бұдан кейінгі уақытта Ұйғырлар бұрын өзіне қарсы болған «Тоғыз татармен» одақ құрып, келісім жасап, «Сегіз Оғызға» қарсы шабуыл жасайды. Бұл оқиға жазба деректерге қарағанда 747-750 ж. шамасында еді. Бұл жерде "Сегіз Оғыздың» алағашқы әскери шаралары ғана емес, олардың тіршілік мезгілінің бастауы еді. Сол кездің өзінде этносаяси ретінде қасындағы отырған көрші елдермен қарым қатынас жасағаны мәлім. Шамамен ХІІІ- ғасырдың кезінде Наймандар Моңғолыстанның Солтүстік өңірінде тұрып, өзінің бүкіл болмағанмен Түрік қағанатының құрамына кірген "Сегіз Оғызға" қатысы бар деп дәлелдейді.
Наймандар Түркі қағандығы кезінде «Сегіз Оғыз» атанған. Құлпы тастағы таңбалар «Сегіз Оғыз» таңбасы мәңгілік тарихи шежіре еді. Наймандардың байырғы ата жұрты Хинган (Корея) жотасы деуге негіз бар. Мойыншара – «Тәңірі жердің» қолдауымен Түрік мемлекетін, өзінің бақталасы Тай – Білге – Тұтықты, «Сегіз Оғызбен», «Тоғыз татарды» жеңгенін мақтан етіп, мақтанышпен тасқа жазған.Сол уақытта
...