Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мөде шаньюйдің тарихи портреті

Автор:   •  Апрель 20, 2023  •  Реферат  •  3,164 Слов (13 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 13

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық

Университеті

Реферат

                           

Тақырып: «Мөде шаньюйдің тарихи портреті»

                           

                                                               Орындаған: Мурсалимов М.А.

                                                               Қабылдаған: Садыкова А.М.

                                               Павлодар 2022ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2.1 Ысқырғыш жебелер

2.2 Мөде шаньюйдің саяси-құқықтық көзқарастары

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

Еліміздің көне тарихындағы тарихи оқиғаларды сөз еткенде, ең алдымен көне ғұндар еске түседі.  Бұл кезеңдегі ең көрнекті тұлғалардың бірі – Мөде қаған.  Мөде қаған туралы мағлұматтардың басым бөлігі бір сарынды, бұл тақырыпта тың ғылыми зерттеулердің жоқтығынан Мөденің тарихы мен саяси-құқықтық ой-пікірлерін айта отырып, кеңес дәуірінде жарық көрген еңбектерге жүгінеміз [5].  Ғұндар есімі тарихта кеңінен танымал. Бұл  халықтың аты соғыстың, қаталдылықтың, жаттықтың бейнесі сияқты.  Аттила бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жорық жасап, оларды ойсыратып, халықтардың ұлы көшін бастады. Біздің заманымызға дейінгі соңғы ғасырлар және біздің заманымыздың алғашқы ғасырларда Орта Азияны, оның ішінде Қазақстанды мекендеген азиялық ғұн тайпалары олай атақты емес еді. Тарихи әдебиетте олар сюнну немесе хунну деген атпен белгілі. Ежелгі қазақ жерінде ұлан-ғайыр жерді мекендеген Ғұн ордасы біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда пайда болып, біздің заманымыздың 216 жылға дейін өмір сүрген, олар 24 тайпадан құралған. Бұл тайпалардың басын біріктіріп, бір орталыққа бағыттап, Ғұн ұлысының шаңырағын асқақтатқан атақты Мөде шаньюйы.

Орта Азия атақты ғұн тайпаларының өсіп-өніп, тарихи аренаға шыққан жері саналады.  Зерттеу есебіне сәйкес, Селенга өзенінің аңғарында және оның салаларының жағасында 1500-ден астам қорымдар мен орындар белгілі. Ал Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтарына ғұндар б.з.б.  II-I ғасырларда келе бастады.  Ғұн мемлекеті саяси жағынан бытыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз және этникалық жағынан алуан түрлі болды.  Олар жаулап алған жерлерінде жергілікті халық наразылықтарын білдіріп, сонымен қоса өздерінің ішінде саяси билік үшін талас-тартыстар болды.  Қытай үкіметі ғұндар ішіндегі бұл қақтығыстарды өз пайдасына жаратып отырығу тырысты.

Ғұн тайпаларының екінші толқыны Қазақстанның оңтүстік-батысына және Арал теңізі бойына келді. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында басталады. Олардың көрсетілген жерге келуі аландар мен ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай жылжуға мәжбүр етті. Олар кейін Дунай арқылы Батыс Еуропаға барады. Ғұндар бірсыпыра руларды өздеріне бағындырды, жартысын ертіп, Сырдария облысы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына басып кірді. IV ғасырда олар Еуропада пайда болды. Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне қарасақ, түріктердің арғы бабалары Қазақстан жеріне келуінің арқасында Иранның шығысындағы қанды тайпаларының түріктенуін бастаған. I мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық құрамы өзгерді, моңғол тайпалары пайда бола бастады.  Ғұндардың этникалық шығу тегі мен тілі әлі дәлелденген жоқ.  Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды cюнну (солтүстік) және дунху деп атаған.  Бұл cюнну сөзі кейіннен xунга немесе ғұнға болып кеткен тайпаның атауына айналған сияқты. Қытайлардың тағы бір жылнамасында олардың көршілес түркі тілдес тайпаларды далалықтар деп атайды. Қытай жылнамалары мен археологиялық зерттеулер бойынша б.з.б.  IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейін қуатты ғұн тайпаларының одағы құрылып, көрші елдерді жаулап алумен бірге Қытай жеріне шабуыл жасайды. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тудырды.  Осылайша, cюнну мен Қытай үкіметі арасындағы күрес 300 жылдан астам уақытқа созылды. Шежіре деректеріне қарағанда, ғұн тайпаларының саяси жағынан күшейген кезі б.з.б. II ғ. мен І ғ келеді. Бұл кезеңде шаньюй  Мөде болған еді, оның реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.  Оның заманында шығыста Ляуха өзенінен батыста Памир тауларына, солтүстік Байкал алқабынан оңтүстікте Ұлы қорғанаға дейінгі ұлан-ғайыр аумақта үстемдік еткен. Оның үстіне олар өте жауынгер халық болған, сол себепті Қытай шығысындағы жерлерін қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды.  Батыста Рим империясының құлауына да ғұндар себепкер болды. Қытайлар өз шежіресінде ғұндар туралы көп деректер қалдырған. Ғұн мемлекетінің құрылуы және оның күшеюі Мөде тәңірқұты (шаньюй) атымен байланысты.

...

Скачать:   txt (39.1 Kb)   pdf (255.9 Kb)   docx (136.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club