Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Моңғол шапқыншылығы

Автор:   •  Ноябрь 8, 2021  •  Лекция  •  6,139 Слов (25 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 25

2.8.МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ. АЛТЫН ОРДА, АҚ ОРДА, МОҒОЛСТАН.

ШЫҢҒЫС ХАН. МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ.

Моңғолдар деген кімдер?

Қытайдан солтүстік қарай өмір сүрген көшпелі тайпалар. Жері Орталық Азиядан Байқал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. ХІІ ғасырда оларда бір орталыққа бағынған мемлекет болмаған, ру-тайпалар бытыраңқы, бірде тату, бірде араз өмір сүрген. Олардың жері Керей, Найман, Жалайыр, Татар хандықтарымен көршілес жатқан.

Шыңғыс хан деген кім?

Моңғолдың Бөржігін руында Есугей баһадүр мен қоңыраттын қызы Оэлунның баласы – Темүжін 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жылы) дүниеге келеді.

Темүжін 9 жасқа толғанда әкесі Есугей қоңырат руынан шыққан 10 жасар Бөрте атты қызды өз ұлына айттырады. Өз ұлын келіннің отбасында қалдырып, өзі кейін қайтып бара жатқанда татарлардың қолынан уланып, кейін қаза табады.

Әкесі өлгеннен кейін, артынан екі жесір әйелі, балалары қалады. Есугейдін қоластындағылар оларды тастап көшіп кетеді, тайшауыттар малдарын айдап әкетеді, осылайша олар кедейлікке тап болады. Осылайша ол қиыншылықпен өседі. 11 жасында болашақ жалайыр билеушісі Жамұқамен ант жасасып, дос болады.

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:

1.Шыңғысхан дүниеге келген жыл:

Жауабы: 1155 жылы.

2.Шыңғыс ханның шың аты:

Жауабы: Темүжін

Шыңғыс ханның моңғол жерін бағындыруы

Біраз жылдардан кейін шаңырақ көтеріп, өз әкесінің анттасқан досы Керейіт ханы Тоғорыл ханға барып, қолдауына жүгінеді. Тоғорыл ханның қолдауына ие болған Темүжін нөкерлерін жинап, ел арасында танымал бола бастайды.

* 1184 жылы Меркіттерді талқандайды. Өйткені ол жоқта олар Темүжіннің қонысына шабуыл жасап, Жошыға жүкті әйелі Бөртені алып кеткен еді. Бұл жеңіске жетуде Тоғорыл хан және Жамұқамен одақтасады.

* 1186 жылы 30 мың әскер, үш түменнен тұратын өз ұлысын құрады.

* Кейін досы Жамұқа екеуінің арасында араздық туындап, Гулегу тауы етегінде Темүжін жеңіледі.

* 1196 жылы Тоғорыл ханмен бірге Татарларды жеңеді. Ван-ханның яғни Тоғорыл ханның вассалы болады.

* 1197-1198 жылдары Ван-хан өзі меркіттерге жорық жасап, өзі олжаға алған жерлерінің бір бөлігін атаған баласы Темүжінге сый ретінде бермей, арасында суықтық пайда болады.

* Найман ханы Инанч-білге қаза тауып, хандық Бұйрық және Даян хандарға екі бөлініп кетеді. 1199 жылы Ван-хан, Жамұқа, Темүжін үшеуі бірігіп Бұйрық ханды жеңеді. Бірақ шайқастан кейін Ван-хан мен Жамұқа сатқындық жасайды.

* 1200 жылы Тайшауыттарды жеңеді.

* 1201 жылы Темүжінге қарсы Жамұқаны Гурхан сайлап, қол астына біріккен моңғол тайпаларының одағын (татарлар, тайшауыттар, меркіттер, ойраттар, қырғыздар) жеңеді. Теміжүнге Ван хан көмектеседі.

* 1202 жылы татарларды жеңеді.

* 1203 жылы Жамұқа мен Ван-хан Темүжінге қарсы одақ құрып, Темүжін ақырында Керейітерді талқандайды.

* Жамұқа қалған әскерімен наймандарға қосылады 1204 жылы Даян хан мен оның ұлы Күшлік басқарған Наймандарды талқандайды.

* 1205 жылы Күшлік ханмен біріккен Тохтоа-Беки бастаған Меркіттерді құлатады.

* 1206 жылы барлық моңғол тайпаларын бағындырған Темүжін Моңғол империясын құрып, Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген құрылтайда хан сайланады.

Бұл хабарды керей ханы Торыға барып айтқанда, ол: «Моңғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деп бата берген. Сол «жеңісхан» деген сөз моңғолша «шыңғыс хан» болып аталып кеткен. Қаған – ұлы хан деген мағынаны білдіреді.

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:

1.Білгеден кейін Найман мемлекетінде билікке таласқандар:

Жауабы: Бұйрық, Даян

2.1201 жылы Шыңғыс ханға қарсы

...

Доступно только на Essays.club