Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Моно Лиза

Автор:   •  Ноябрь 14, 2018  •  Реферат  •  757 Слов (4 Страниц)  •  1,470 Просмотры

Страница 1 из 4

Мона Лиза

Мо́на Ли́за (итал. Mona Lisa) — бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Лувр,Франция,Париж музейлеріне қойылған.Суреттің толық атауы итал. Ritratto di Monna Lisa del Giocondo —Лиза Джокондо ханымның суреті.Көркем өнерді жетік меңгерген мамандар Леонардо да Винчи "Мона Лиза" атты әйгілі суретінде 1479 жылы туылған Лиза Герардиниді кескіндеді деген тұжырымдамалар да кездеседі. Бірақ, бұл жерде бір келіспеушілік бар сияқты. Леонардо да Винчидің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген тарихшылар басқа пікір білдіруде. Олардың пайымдауынша "Джоконда" суретінде Флоренциядан келген жібек сатушысы Франческо дель Джокондоның жұбайын кескіндеген. Сол кезде оның жасы 24-те болған. Джокондо жанұясы екі баланы тәрбиелеген. Әлемге аты мәшһүр суретші неге оны таңдағаны құпия болып тұр. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысты тағы бір пікір ел аузында жүр. Кейбір жылнамашылар Леонардо бұл суретте өзін әйел кейіпінде бейнеледі деген пікірлерде бар. Ал суретті "Мона лиза" итальян тілінен аударғанда "менің ханымым" деп аударылғандықтан, осындай атау берген. Бұл суретті салуға Леонардоның 4 жыл уақыты кеткен. Суретке зейін қойып қарасаңыз Мона Лизаның қасы жоқ екендігін байқайсыз. Осыған орай Да Винчи перфекционист адам болған деген пікір бар. 1965 жылы Уго Унгаца атты бір кісі суретке тас лақтырғандықтан, Мона Лизаның сол шынтақ жағы сыр бүлініп кеткен. Бір қызығы қазір бұл сурет Париждегі Лувр мұражайының арнайы сол сурет үшін жасалған бөлмесінде сақталынып тұр. Оқ өтпейтін шынымен қорғалған суреттің ескіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін арнайы микроклимат қарастырылған. Бұл бөлмені құрастыруға мұражайдың 7 миллион доллардан астам қаражаты жұмсалған. Жақында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сенетін болсақ, бұл суреттің үш қабаты бар. Шамасы Леонардо бұл суретті бірнеше рет салған көрінеді. 1911 жылы Лувр мұражайының қызметкерінің көзі суретке түсіп, оны ұрлап алған. Сосын Мона Лизаны тек екі жылдан кейін тауып, заңды жеріне қайта орнатқан. Басқа ешбір суреттерде Леонардо тұманды және тереңдікті “Моно  Лизадағыдай” соншалықты дәл бейнелемеген. Бұл орындалуы бойынша ең озық шығарманың бірі болып есептелінеді. «Мона Лизаның» бүкіл әлемдік атаққа ие болуы көркем қызығушылар мен мамандарды сүйсіндіретін Леонарданың сапалы жұмысына ғана байланысты. Сурет тарихшылар зерттеуінен өткен.Бірақ ол ұзақ уақыт бойына тек өнер білгірлеріне ғана танымал болған.Егер «Мона Лизаның» ерекше тарихы болмағанда 1911 жылы «Мона Лиза» ұрланып, үш жылдан кейін кездейсоқ жағдайлардың әсерінен музейге қайта оралған. Осы уақыт аралығында «Мона Лиза» бүкіл әлемдегі газет пен журналдардың бірінші бетінен түспеген. Сондықтан басқа суреттерден қарағанда «Мона Лизаның» көшірмесінің көп болуы таң қаларлық жағдай емес. Сурет әлемдік классиканың шедеврі ретіндегі объектке айналған.Суретте бейнеленген тұлғаның ұқсасын салу өте қиын. Осы күнге дейін осыған байланысты талас, тіпті ақылға сыймайтын пікірлер де айтылып келеді: Флоренциялық саудагердің әйелі Дель Джокондо Екатерина Сфорца Изабелла есте мінсіз әйел,жас бозбала ретінде қалған.Зерттеушілердің пікірі бойынша, «флоренциялық әйел» деп «Мона Лизаны» айтқан.Бірақ, бұл суреттің не көшірмесі, не куәгерлері қалмаған мүлде басқа сурет болуы мүмкін, бұның салдарынан Джулиано Медичи «Мона Лизаға» ешқандай қатысы жоқ болып шығуы мүмкін.Зерттеуші Вазари бұл портреттің сапасы жөнінде өте жақсы мақтаулар айтқан: “Өнердің табиғатты қалай дәл сипаттайтындығын көргісі келген әрбір адам, бұны баc мүсінінің кескініне қарап-ақ байқауына болады, өйткені Леонардо бұл жерді өте дәл бейнелеген. Көзінде тірі жандікіндей ұшқын мен ылғал бар... Нәзік мұрыны шын сияқты. Аузының алқызыл реңі бет әлпетімен әдемі үйлеседі... Оның мойнына назар салып қараған адамның бәрі тамыр соғысын байқағандай болады...” Ол сонымен қатар сәл күлімсіреген бейнесін былай деп түсіндіреді: “Леонардо әдейі әншілер мен сайқымазақтарды шақырып, ұзақ уақыт қозғалыссыз отырған әйелді көңілдендірмек болған.Мүмкін бұл мағлұмат шындыққа жанасатын да шығар, бірақ Вазари бұны Леонардоның өмірбаянына оқырмандарды қызықтыру үшін қосқан секілді. Леонардо суретті алып 1516 жылы Италиядан Францияға кетіп қалғанына қарамастан, бұл сурет өнерге қызығушылардың арасына өте танымал болған. Италияндық деректерге сәйкес сурет содан бері француз каролі Франциска I жинағында болған, алайда қашан және қалай оларда пайда болғаны және Леонардо неліктен оны тапсырысшыға қайтармағаны түсініксіз болып қалған.Композицияны талдау нәтижесінде Леонардо жеке тұлғаның портретін салуға талпынбағанын көруге болады. «Мона Лиза» суретшінің ойының іске асуы болып табылады, ол туралы жазбасы трактаттарында  айтылған. Леонардо жұмыстарына әрдайым ғылыми тұрғыдан қараған. Сондықтан оның бірнеше жыл жұмсап салған жұмысы «Мона Лиза» әдемі, сонымен қатар қол жетпес және сезімсіз бейнеге айналған. Леонардо үлгіні ХV ғасырдағы италияндық суреттердегі құдай-анаға ұқсас етіп бекер таңдамаған. Леонардо іс жүзінде портреттің ұқсастығынан толық босатылып, жазықтық, бояу және қылқаламың көмегімен атмосфера мен жаны бар тіршілік иесін бейнелеуді таңдаған. Біз үшін Джаконда мәңгілік Леонардоның шедеврі болып қалған.XVI жүз жылдықтың басында сурет Леонардо өмірден өткеннен кейін Франциск I патшалық жинағында болған. 1793 жылдан бастап Луврдегі Орталық өнер музейіне ауыстырылған. Луврдағы Мона Лиза әрқашан ұлттық жинақтың бір байлығы болып қалады. XX жүз жылдықта сурет Луврдан кеткен жоқ, 1963 жылы АҚШ-та және 1974 жылы Жапонияда болып келген. Жапониядан Францияға қайтар жолында сурет Мәскеудегі А. С. Пушкин атындағы музейге қойылды. Бұл сапарлар суреттің жетістігі мен даңқын нығайта түсті.[pic 1]

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (118.5 Kb)   docx (61.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club