Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркстік-лениндік идеологияның қалыптасуы

Автор:   •  Май 8, 2023  •  Доклад  •  2,561 Слов (11 Страниц)  •  98 Просмотры

Страница 1 из 11

Маркстік-лениндік идеологияның қалыптасуы  

(ұлт мәселесі).

Алматы қаласы. әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университеті, тарих, археология және этнология факультетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының» оқытушысы  Ш.Т. Булгауов.

1917 жылғы қазан жеңісінен бастау алатын большевиктер ұстанған ұлт  мәселесінің тұжырымдары, мақсат-мүддесі: – ол, ұлт езгісінің және ұлт  теңсіздігінің жойылуы; тәуелді елдер мен отарлардың империализм езгісінен  азат болуы; халықтар арасындағы теңдіктің орнауы және олар арасындағы  достыққа негізделген өзара көмек пен ынтамақтастық болатын. Ұлт мәселесі – жұмысшы табының пролетариат диктатурасы үшін жалпы революциялық  күресінің құрамдас бөлігі, сонымен бірге оның социализм үшін күресіндегі  одақтастар мен жақтастар мәселесі, оның дұрыс шешілуі – социализмнің  капитализмді жеңудегі қажетті шартының бірі болды. Алғаш рет ұлт мәселесіне  ғылыми анықтаманы тарихты материалистік тұрғыдан негіздеген К.Маркс пен  Ф.Энгельс берді, ал, В.И.Ленин онан ары дамытты. Марксизм ұлттың және ұлт  қозғалысының әлеуметтік мәнін аша отырып, ұлттық езгі мен теңсіздіктің  жойылуы тек капитализмнің жойылып, социализмнің жеңуімен байланысты  екендігін дәлелдеді. «Коммунистік партияның Манифесінде» «бір адамды  екінші адамның қанауы жойылған жерде, бір ұлттың екінші бір ұлтты қанауы  жойылады, таптар антогонизмі жойылған жерде, ұлт арасындағы жаулық та  жойылады (Маркс К. и Энгельс Ф., Избраннные произведения, т. 1, 1952, стр. 26.)» деп  көрсетілген. Олар алдыңғы планға – «Барлық елдердің пролетарлы, бірігіңдер!»  деген интернационалистік ұранды қойды. К.Маркс пен Ф.Энгельс «өзге  халықтарды езгіге салып отырған халықтың өзі азат бола алмайды» деген  қағиданың да йегерлері. Сонымен бірге олар ұлттық егемендікті отар елдерге де  беруді талап етті, себебі ол елдердегі пролетариат революциялық күрестегі  одақтасы болатын. Егер пролетариат өкіметті өз қолына алса, онда тез арада  отар елдің азаттығына тырысар еді. Осы арқылы халықтардың өзін-өзі билеу  принципінің маркстік негізі қаланған болатын. 1896 жылы ІІ  Интернационалдың Лондондық конгрессі резолюция қабылдады, онда ұлт  мәселесін шешудің негізі ұлттың өзін-өзі билеу құқы жайлы марксистік ұраны  алғаш рет көтерілді. Дегенмен, ІІ Интернационалдың келесі конгресстерінде  (Париж 1900, Амстердам 1904) бұл ұлттық-отарлық мәселе бойынша нақты шешімдер  қабылданбады. Әсіре оңшылдар (крайние правые) (Э.Давид, Г.Куов, ван Кол  және т.б.) бұл принципті тіпті мойындамады, ал К.Каутский сөз жүзінде  қолдағанмен оның тым шектен шығар талап екенін айтуы арқылы іс жүзінде  бұл принципті жоққа шығарды. О.Бауэр, К.Реннер және т.б. қолдағанымен, бұл  принципті «ұлттық-мәдени автономия» түсінігімен ауыстырып пайдаланды.  

Осы мәселемен өз кезегінде В.И.Ленин де айналысуға мәжүр болды, оның  еңбектерінде алғаш рет марксизм тарихында Коммунистік партияның ұлт  мәселесі бойынша теориялық бағдарламасы мен саясаты қарастырылды.  «Проект программы Российской социал-демократической рабочей партий»  (1902) жобасында ұлт мәселесінің негізгі шешімі ұлттың өзін-өзі билеу құқы

1

ұлттың бөлінуге, жеке мемлекет құруға деген құқымен толықтырылды. Бұл  принцип Лениннің «О Манифесте армянских социал-демократов» (1903),  «Национальный вопрос в нашей программе» (1903), «Рабочий класс и  национальный вопрос» (1913), «Критические заметки по национальному  вопросу» (1913) және «О праве нации на самоопределение» (1914),  «Социалистическая революция и право нации на самоопределение» (1916), «О  брошюре Юниуса» (1916), «Итоги дискусии о самоопределение» (1916) деген  мақалаларында дамытылды. Ұлт мәселесінің кейбір қырлары 1913 жылғы  РСДРП-нің «Августовский» («жазғы») кеңесінің шешімдерінде. И.В.Сталиннің  «Марксизм и национальный вопрос» (1913) деген еңбектерінде: ұлттар теңдігі  және кіші ұлттар құқы; ұлттығын анықтау, тіптен бөліну құқы; тілдер, олардың  теңдігі; ұлт мәдениеті, оның таптық мәні; орталықтану және автономия жайлы  және т.б. жайлы қарастырды. В.И.Ленин «Теория и практика национальных  отношений» деген еңбегінде «ұлт» тек қана әлеуметтік емес, сонымен қатар  «этникалық қауымдастық екенін», ғылымның ұлттық психологияға көптеген  түсініктемелерді «ұлттық сана, ұлттық психологияның қыры, ұлттық мінез,  сезім, мақтаныш» ойлап тапқанын [М.С.Джунусов. Теория и практика национальных  отношений. А.:Казахстан, 1969. 7-9 бб.], коммунизмнің интернационалдық мәдениеті  ұлттық мәдениеттің ең асқан табыстарынан «қалыптасатындығын» айтқан  болатын. В.И.Лениннің осындай пайымдаулары кеңестік кезеңдегі  тарихшыларды, зерттеушілерді ұлт мәселесін қарастыруда таптық тұрғыда  қарауды талап етуге жол ашты. Осының нәтижесінде тарихнамада «Советтік  республика барлық ұлттардың еңбекшілерін біріктіреді және еңбекшілердің  мүддесін ұлттарға бөлмей қорғайды» (В.И.Ленин. ПСС, т.36, с.536.) [Развитие и сближение  Советской наций. Проблемы управления. А.:Наука, 1978./ Книга написано: М.М.Сужиковым,  Т.С.Сарсенбаевым, Г.В.Малининым, и т.д.» 69 б.]- деген тұжырым жасалды.

...

Скачать:   txt (33.9 Kb)   pdf (151.4 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club