Ежелгі Месопотамия мифологиясының ерекшеліктері
Автор: ffffdsffv • Сентябрь 28, 2025 • Реферат • 3,560 Слов (15 Страниц) • 35 Просмотры
Ежелгі Месопотамия мифологиясының ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе
1. Шумерлер мен аккадтықтардың діни наным-сенімдері
1.1 Шумерлердің діни наным-сенімдерінің ерекшеліктері
1.2 Аккадтықтардың діни түсініктері және оның ерекшеліктері
2. Шумерлер мен аккадтықтардың мифологиялық таным-түсініктері
2.1 Шумерлердің негізгі мифтері және мифологиялық түсініктері
2.2 Аккадтық мифтердің өзіндік ерекшеліктері
3. Шумерлер мен аккадтықтардың діни ритуалдары
3.1 Шумерлердің діни ритуалдары
3.2. Аккадтықтардың діни ритуалдары
Қорытынды
Ежелгі Месопотамия мифологиясының ерекшеліктері
Ежелгі Шығыстың алғашқы өркениеттері қатарында Шумер мен Аккад мемлекеттері ерекше орын алады. Олардың мәдениеті, қоғамдық құрылымы және діни жүйелері адамзат тарихында терең із қалдырды. Бұл халықтардың діни наным-сенімдері, мифологиясы мен ритуалдары тек ежелгі әлемнің діни-рухани көзқарастарын ғана емес, қазіргі өркениеттердің қалыптасуына да зор ықпал етті. Шумерлер мен аккадтықтардың сенім жүйелері өз заманының айнасы ғана емес, сондай-ақ адам мен ғарыштың байланысын түсінуге деген алғашқы ұмтылыстардың көрінісі болды.
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі Шығыс халықтарының діни жүйелері тарих, этнология, мәдениеттану сияқты ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Шумерлер мен аккадтықтардың діни дүниетанымы сол замандағы өркениет дамуының маңызды аспектілерін ашуға мүмкіндік береді. Олар жасаған мифтер, құдайлар пантеоны және ритуалдық дәстүрлер тек сол халықтардың ғана емес, кейінгі өркениеттердің де дүниетанымына негіз болды. Сонымен қатар, бұл халықтардың діни жүйелерін зерттеу арқылы біз адамзаттың рухани-мәдени дамуының бастауларына үңіле аламыз. Әсіресе, қазіргі қоғамда діни мәселелердің өзектілігі артып келе жатқан тұста, олардың тарихи тамырларын зерттеу үлкен ғылыми және практикалық маңызға ие.
Зерттеудің мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты – шумерлер мен аккадтықтардың діни наным-сенімдері мен ритуалдық дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, олардың мифологиялық таным-түсініктерінің адамзат тарихындағы орнын анықтау және екі өркениеттің діни жүйелерінің өзара ықпалдасуын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Шумерлердің діни наным-сенімдерінің ерекшеліктерін талдау;
- Аккадтықтардың діни түсініктерін және олардың ерекшеліктерін айқындау;
- Шумерлер мен аккадтықтардың мифологиялық көзқарастары мен негізгі мифтерін зерттеу;
- Шумер мен аккад халықтарының діни ритуалдарын салыстырып қарастыру;
- Екі өркениеттің діни және мифологиялық жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
Осы зерттеу нәтижелері шумерлер мен аккадтықтардың діни дүниетанымының тарихи және мәдени маңыздылығын ашуға, олардың рухани мұрасының қазіргі заман өркениетіне тигізген әсерін түсінуге мүмкіндік береді.
1.1.Шумер өркениетінде дін басқа өмір салаларынан басым болды. Әрбір шумер қаласында белгілі бір құдайға арналған зиккурат тұрғызылды. Қала зиккураттың айналасына салынып, сол арқылы дамыды. Зиккурат- ежелгі Месопотамия мен Эламдағы шумер, ассириялық, вавилондық және эламдық сәулет өнеріне тән көп қабатты діни құрылым. Халықтың дүниетанымы мен мәдениеті ежелгі «пұтқа табынушылық» сеніммен толығымен тығыз байланысты болды. Көптеген сына жазулар, мифтер, аңыздар, дұғалар, рәсімдер және басқа да жазбалар шумер халқының өз дініне қаншалықты саналы әрі терең көзқараспен қарағанын дәлелдейді. Белгілі американдық шумеролог Сэмюэл Крамер былай деп жазды: «Шумерлер қазіргі әлемге үлкен әсер еткен діни идеялар мен рухани концепцияларды дамытты, космология мен теологияны дамытқаны соншалық, оның негізгі сенімі мен догмасына айналды. Таяу Шығыстың көп бөлігінде құдайларға қызмет ету және оларға ұнамды болу, сондай-ақ адамның сүйіспеншілігін қамтамасыз етуге арналған рәсімдер мен рәсімдер кешенін жасады. Фестивальдер мен спектакльдер, барлық үзінді ақпаратқа қарамастан, құдайларды адами стандарттармен сынап, түсінушілікпен, нәзіктікпен және қиялмен Ежелгі Шығыстың ең бай мифологиясы болып табылатын нәрсені жасады».
...