Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дyниетyзi тарихы

Автор:   •  Май 12, 2023  •  Тест  •  949 Слов (4 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 4

ДҮНИЕТҮЗІ ТАРИХЫ

І-НҰСҚА

Бір жауапты сұрақтар

1. Юпитер –

A\ Ежелгі Римнің соғыс құдайы

B\ Ежелгі Римнің теңіз құдайы

C\ Ежелгі Римнің бас құдайы, аспан құдайы

D\ Ежелгі Римнің от және ұсталық құдайы

2. Спартак көтерілісіне қатысты қалалар қатары

A\ Рим, Помпей, Геркуланум

B\ Цирцеи, Иерусалим, Карфаген

C\ Пальмира, Сур, Гиппон

D\ Капуя, Мутина, Брундизий

3. Түгелдей мәрмәр тастардан салынған, әйел құдай Афинаның құрметіне тұрғызылған:

A\ Афины ескерткіші    

B\ Парфенон храмы  

C\ Афины амфитеатры

D\ Афина триумфалды аркасы

4. Батыс Еуропада ХІ ғ аяғы XV ғасыр, кейбір Азия елдерінде XVI ғасыр қоса кіретін ортағасырлық кезең:

A\ дамыған орта ғасырлар    

B\ ерте орта ғасырлар    

C\ кейінгі орта ғасырлар            

D\ құл иеленушілік құрылыс тарихы

5. ХІ-XV ғғ жер тізімі мен кадастры (халық санағы мен салық төлемдері) дерегіне мысал болатын ағылшын корольдігіндегі санақ кітабы

A\ «Жер грамотасы»

B\ «Салий ақиқаты»    

C\ «Қаһарлы сот кітабы»    

D\ «Эпарх кітабы»

6. Рим империясында сенат іс жүзінде маңызынан айырылып, өз орнын императорлық кеңеске берген кезде билік құрған:

A\ Константин (306-337)      

B\ Гай Юлий Цезарь (б.з.б. 49-44)

C\ Октавиан Август (б.з.б.27-14)

D\ Диоклетиан (284-305)    

7. Рим тарихында 381 жыл –

A\ Рим империясы екіге бөлінді

B\ Христиан діні мемлекеттік дін ретінде жарияланды

C\ Никей қаласында христиандық епископтар жиналды

D\ Император Константин астананы Византий қаласына көшірді

8. V ғасырдың аяғына қарай ғұндардың ығыстыруымен Рим империясының жеріне басып кірген герман тайпаларының жаулап алған жерлерін сәйкестендіріңіз:

I

Франктер

А

Солтүстік Африкаға

II

Остготтар

В

Испанияда

III

Вестготтар

С

Италияда

IV

Ағылшын-сакстер

D

Галлияда

V

Вандалдар

E

Британия аралдарына

A\ I.D, II.C, III.B, IV.E, V.A

B\ I.A, II.C, III.B, IV.D, V.E

C\ I.D, II.C, III.B, IV.A, V.E

D\ I.A, II.B, III.C, IV.D, V.E

9. Рим императорларын хронологиялық реттілікпен қойыңыз

I.Константин   II.Ромул Августул   III.Диоклетиан    IV.Нерон   V.Октавиан

A\ I, II, III, IV, V

B\ II, I, III, IV, V

C\ V, IV, III, I, II

D\ III, IV, II, I, V

10. Византияның аумағына ислам туы астына біріккен арабтардың шабуыл жасай бастаған уақыты:

A\ VII ғасырдың 30-жылдары  

B\ VI ғасырдың 30-жылдары  

C\ VIII ғасырдың 30-жылдары      

D\ IX ғасырдың 30-жылдары

Бір немесе бірнеше жауабы бар сұрақтар

11. Византияның қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар қатары:

A\ Александрия    

B\ Эдесса  

C\ Триполи  

D\ Иерусалим    

E\ Фессалия  

F\ Константинополь

12. 451 жылы Ғұндар жаулап алған Галлия қалалары:

A\ Рим    

B\ Мец  

C\ Орлеан    

D\ Шпейер  

E\ Каталаун  

F\ Реймс

13. 680 (681) жылы Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті:

A\ Болгар патшалығы    

B\ Чех мемлекеті    

C\ Польша мемлекеті

D\ Орыс княздығы

E\ Черногор мемлекеті

F\ Киев Русі

14. Шығыс елдерінің тарихи деректері қатары:

A\ «Ролланд туралы жыр»    

B\ ерте орта ғасырлардағы Қытай жылнамалары

C\ «Қаһарлы сот кітабы»    

D\ Араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері

E\ «Нибелунгтар туралы жыр»

F\ «Монғолдардың құпия шежіресі», «Яса» («Жасақ»)

15. Гректер мен римдіктердің «варварлар» деп аталған Рим империясының солтүстіктегі көрші халықтары:

A\ аландар  

B\ германдықтар    

C\ сарматтар  

D\ кельттер  

E\ ғұндар  

F\ славяндар

ДҮНИЕТҮЗІ ТАРИХЫ

ІІ-НҰСҚА

Бір жауапты сұрақтар

1. Друидтер –

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (99 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club