Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астанаға 20 жыл

Автор:   •  Сентябрь 29, 2019  •  Реферат  •  255 Слов (2 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 2

Астанаға 20 жыл!

Егеменді еліміздің Елордасы Астана қаласына мерейлі 20 жыл толып отыр. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.  Елордамыз Астана –  Отанымыздың жүрегі. Бүгінде Астана қаласында, бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Астана елдің экономикалық, саяси орталығы ғана емес, рухани-мәдени орталығы. Еліміздің бас қаласын   таңдау неге Ақмола қаласына түсті? /Тағдырымызға  1991 жылдың 16 желтоқсанында берілген тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің арқасында халқымыз бақытты да баянды ғұмыр кешуде. Елбасымыздың мықты саясатының,  көрегендігінің арқасында қазақ елі 26 жылда мүмкін емес белестерді бағындырды. Оның көрегендігін, парасаттылығын, кемеңгерлігін ел Астанасын таңдауынан көре аламыз. Бұл таңдау жасауда елбасымыз 30-дан астам параметрге сүйеніпті. Соның ішінде аса маңыздыларын атап өтсек: қаланың климаты, сейсмологиялық жағдайы, еңбек ресурстарының болуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші, инфрақұрылымның болуы. Сонымен қатар, бұл келісімде қауіпсіздік мәселесі де қаралды. Келешек астана неғұрлым шекарадан қашық орналсуы қажет еді. Онымен қоса, еліміздегі түрлі ұлт-өкілдерінің мүддесін ескере отырып, құрамы жағынан көпұлтты қалаға көшіру. Халықтар достығы, және ынтымақтастық бұл біздің мәңгілік ел идеясының негізі. /Астана үлкен жетістіктерінің бірі,   1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алуы. Бүгінде Астана халықаралық дәрежедегі түрлі форумдар, конгрестер және өзге де іс шаралар өтетін орталыққа айналды. Соның бірі , 2017 жылы өткізілген «EXPO 2017» халықаралық көрмесі. Дәл осы көрме арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, келген қонақтарға біздің тарихымызды, мәдениетімізді таныстырдық./  Біз 6 шілде күні елорданың 16 жылдығымен қатар астананы Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 20 жыл толуын да атап өтеміз. Ендеше, бүгінде қазақ елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік!

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (56.8 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club