Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Археологиялық мұраны қорғау

Автор:   •  Ноябрь 14, 2020  •  Реферат  •  5,963 Слов (24 Страниц)  •  412 Просмотры

Страница 1 из 24

Археологиялық мұраны қорғау ғаламдық мәдениет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Археологиялық мұра – материалдық тарихы мәдениет байлығының және ұлттық тарихи жадының тереңдігінің дәлелі, археологиялық ескерткіштерді өз территориясында сақтауды қамтамасыз етуге ұмтылудан шығады. Одан әрі өнеркәсіптік өсім екпіндей түскен сайын технологиялық және әлеуметтік үдерістер қарқындай түседі, оған қоса ұлттық жәдігерлерді сақтауға үлкен мән беріледі. Ежелгі қоныстар, қорымдар, өндірістік құрылыстар және мәдениет объектілерінің ландшафтында қозғалмайтын археологиялық объектілерді физикалық сақтау беталысы басым болып тұр.

Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері көптен бері саяхатшылардың назарына ілікен болатын. Солтүстік және Орталық Қазақстан даласы арқылы Тобылдан Түркістанға дейін жүріп өткен Ф.Скибин мен М. Трошин айтқан болатын.

1733 ж. Г.Ф. Миллер жетекшілігімен Сібір және шектесетін аймақтарға Бірінші академиялық экспедиция ұйымдастырылды, оның нәтижесінде археология және этнография бойынша қызықты мәліметтер алынды.

1768-1774 жж. ұйымдастырылған Екінші академиялық экспедиция Орал, Еділ маңы, Қазақстан және Сібір халықтарының тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеуді жалғастырды. Екінші академиялық экспедицияның қызметкерлері, соның ішінде: И. П. Фальк, X. Барданес, И. Г. Георги, П. С. Паллас, П. И. Рычков және т.б. болған. Олар осы аймақтың археологиялық ескерткіштеріне шынайы қызығушылық білдірген. Орталық Қазақстанның ескерткіштері туралы офицерлер Волошанин, Н. Рычков, И. Андреев, Безносиков және т.б. аймақтың археологиясы жөнінде маңызды мәліметтерді қалдырды [4, 20 б.].

XIX ғасырдың І-жартысында Орталық Қазақстанға қола дәуірінің ежелгі қорымдары мен молаларын тонаумен айналысқан қазына іздеушілер жүздеген өте сирек кездесетін ескерткіштерді жойды. Табылған алтын мен күмістен жасалған өнер туындылары музейге өткізілмей, қолды болды.

Октябрь революциясынан кейін, 1932-1933 жж. П.С. Рыков жетекшілігімен Н.Я. Марр атындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясы Орталық Қазақстанға ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Оның құрамында белгілі археологтар П. С. Рыков (жетекшісі), М. И. Артамонов, М. П. Грязнов, Н. Арзютов және т.б. жұмыс жасады. «Дәндібай» қола дәуірі ескерткішінің Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан табылуы экспедицияның маңызды жетістігі болып табылады. Осы ескерткішті қазу барысында қола дәуірі мәдениетінің неғұрлым ерте кезеңіне тиісті емес ғимараттар мен керамика табылды [3, с. 9].

Аймақтың тарихи өткенін кеңінен зерттеудің жаңа белесі 1946 ж. ҚазКСР Ғылым академиясы мекемесімен байланысты. Жүйелі түрде зерттеуді Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты бастады.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылып, құрамында тарих, археология және этнография институты ашылды. Осы кезден бастап Қазақстанның археологтары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ә.Х.Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы  (1947 ж.) Сарыарқаның қола және темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеуді бастады. Арқа өңіріндегі зерттеу кезінде Ә.Х.Марғұлан Нұра, Сарысу, Мойынты, Шерубайнұра және Атасу өзендерінің бойындағы, Ұлытауда орта ғасырлық қоныстары мен қалардың орындары картаға түсірді.

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының іздеу-барлау жұмыстарымен қатар, Орталық Қазақстан жәдігерлерінің хронологиясын анықтау және нақтылау үшін бірқатар ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстарын жүргізілді.

Соның ішінде 1947 ж. Байбала қонысына ішінара қазба жұмыстары жүргізілді. Байбала қонысы Ақкезең қонысынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырымда, Талды - Нұра өзенінің оң жағасында орналасқан. Үй-жай және шаруашылық жалғастыра салынған үйлердің пішіндері жер бетіне шығып тұрған тақталар шетінен көрініп қалды. Өзінің тас қабырғаларының арқасында жоспарын түсіріп, бір жертөленің қазбасы жартылай жүргізілді. Өкінішке орай, оның солтүстік қабырғасы трактормен бұзылып кеткен [5,с.196].

...

Скачать:   txt (85.4 Kb)   pdf (222.3 Kb)   docx (28.8 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club