Англия
Автор: hdsjhusfj • Апрель 25, 2020 • Доклад • 983 Слов (4 Страниц) • 342 Просмотры
Слайд 4: 1765 жылы ағылшын үкіметі Парламент арқылы елтаңбалық жиын туралы (Акт о гербовом сборе) Актты өткізді, бұл дегеніміз газет, кітап, брошюра, ойын қарттары мен басқа тауарлар саудасына, сонымен қатар кез келген азаматтық құжаттардың рәсімделуіне штемпельдік салық салынды.
Сол уақытта 10 мыңдық ағылшын әскерін Америкадаға орналастыру шешімі қабылданды. Тұрғылықты халық оларды баспанамен, тамақпен және тұрмыстық жиһазбен қамтамасыз етуге тиіс болды.
1767 жылы Англия америкалық отарларға алып келінетін шыны, қорғасын, қағаз, бояулар мен шәйға кедендік баж салығын салды.
Слайд 5: 13 колонияның халқы біртекті болған жоқ, сол себепті соғыс қимылдарының басталуымен халық революцияны жақтаушылар («революционерлер», «патриоттар», «виги», «Конгрессті жақтаушылар», «американдықтар») және олардың қарсыластары («лоялисттер», «тори», «Корольді жақтаушылар») болып бөлінді. Кейбір топтар өзденің бейтараптықтарын жариялады (Пенсильвания штатының квакерлері).
Лоялисттердің қатарында Нью-Йорк, Бостон, Чарльстон сияқты ірі порттардағы саудагерлер, тері, жүн саудагерлері және отаршыл әкімшіліктің шенеуніктері болды.
Оларға қарсы Нью-Йорк, Пенсильвания және Виргиния штаттарының фермерлері, ұсталары (кузнецы) мен ұсақ саудагерлері, Аппалач тауы бойындағы қоныстанушылар тұрды. Қозғалысты сонымен қатар Виргиния мен Оңтүстік Королинаның плантаторлары қолдады. Лоялисттер консерватор болса, революционерлер жаңашылдықты қалады.
Слайд 6: Үндістердің көпшілігі еуропалықтардың өзара соғысына ерекше мән бермеді және бейтараптық сақтай отырып, соғысқа қатыспауға тырысты. Соғыс қимылдарына қатысқандары Корольді жақтады. Оған негізгі себеп – метрополия жаңадан қоныстанушыларға Аппалач тауларынан батысқа қарай қоныстануға тыйым салды. Тарихшылардың айтуы бойынша ирокездердің 4 кланы британдықтардың көмегімен американ аванпосттарына шабуылдаған. Сол кезде Нью-Йорк штатын мекендеген онейда және тускарора тайпалары керісінше революционерлерді қолдаған.
Слайд 7: Еркін негрлер екі жақта да шайқасты, алайда олар көтерілісшілерді жиі қолдады. Екі тарап да негрлерді өз жағына тартуға тырысты, олардың жағында соғысатындарға еркіндік пен жер телімдерін беруге уәде берді. Виргиния, Мэрилэнд және Делавэр штатының заңнамалық жиналыстары соғыстан кейін алғашқы жиырма жылда құлдарды босату үшін жағдайды жеңілдетеді.
Слайд 8: Американ іскері 2 бөлімшеден: Континенталды армия мен Штаттар полициясынан тұрды. Барлық соғыс уақытында әскер қатарына 231771 адам, милицияға 164087 адам шақырылды. Революционелер әскері қарапайым қала, ауыл тұрғындарынан құралса, британ әскері кәсіби дайындықтан өткен өз істерінің шеберлері еді.
Слайд 9: 1772 жылы 10 шілдеде таң атарда американ революциясындағы алғашқы қан төгілді. Оқиға 1772 жылдың наурыз айында контрабанда мен Британия жауларымен сауда жасалатын Род-Айленд колониясында тәртіп орнату үшін Наррагансетт шығанағына келген британ әскери флотының кемесі Гаспидің атымен Гаспи инциденті деген атқа ие болды.
Слайд 10: 1773 жылы «Сыны свободы» ұйымының мүшелері үндістердің киіміне киініп, Бостон айлағындағы үш кемеге енді. Олар 342 жәшік шәйды суға лақтырып жіберді. Қарсы әрекет ретінде Британия Бостонда теңіз саудасына тыйым салды.
Слайд 11: 1774 жылы Бірінші Континенталдық Конгресс ашылды. 12 колония қатысты (Джорджиядан басқа). Джордж Вашингтон, Сэмюэл және Джон Адамстар, т.б. көрнекті американ қайраткерлері қатысты. Полковник Джордж Вашингтон басқаратын әскер құру шешімі қабылданды.
Слайд 12: 1775 жылдың ақпан айында британдық парламент Массачусетсті бүлікшілік территориясы деп жариялады. Генерал Томас Гейдж Бостонда болған тұрақты армияның 4 полкі (шамамен 4 000 адам) өз иелігінде болды, бірақ барлық провинция көтерілісшілермен бақыланды. Гейдж 1775 жылдың 18 сәуірі Лексингтондағы қару қоймаларын басып алуға 700 адамды жіберді. 19 сәуір күні таңертең британдық әскер Конкордқа кірді, онда 77 адамнан тұратын көтерілісшілер отрядын кездестірді. Британдықтар кішігірім қақтығыстан кейін Конкордқа шабуылын жалғастырды, бірақ жақын арада олардың бөлімшесі 500 көтерілісшілердің шабуылына тап болды. Британдықтар Бостонға шегінді, бірақ көтерілісшілер оларды барлық жағынан шабуылдады, және тек көмекке келген жасақтың араласуымен олар аман қалды. Лексингтон мен Конкорд түбіндегі шайқас тәуелсіздік үшін күресті бастады.
...