Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Искусству"

Автор:   •  Февраль 18, 2023  •  Контрольная работа  •  484 Слов (2 Страниц)  •  121 Просмотры

Страница 1 из 2

1. Сұрақ:Швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі неде?

 Менің пайымдауымша, Швеция әлеуметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі - ол халықтың ойы еркін түрде қарасталатын әлеумет болып табылуында. Яғни, әрбір адам өзінің қалайтынын тәуелсіз түрде айта алады. Осы фактілер бойынша, Швеция әлеуметі - демократиялық ел болып табылады. Биліктегі адамдардың, лауазымды тұлғалардың әрбір ісін бақылай алады, оларға баға бере алады. Қарапайым халық елдегі билікке, биліктегі адамдарға наразылық таныта алатын болған. Сонымен қатар, қарапайым халық еркін түрде митинг ұйымдастыра алатын болған. Елдегі әрбір ақпаратты еркін таратуға да ешқандай құқық шектелмеген. Сонымен қатар, Швеция әлеуметінде жоғарғы лауазымдағы адамдарды сайлау құқығы да еркін түрде жүзеге асады. Әрбір адамның өз ойы еленеді, әр адам еркін таңдау жасайды, жоғарғы лауазым иелерінің әрбір ісін бақылай алады. Менің ойымша, бұл мәдениеттің ерекшелігі өте зор. Өйткені, қарапайым халықтың қалағаны барлық елде бірдей елене бермейді. Халықтың ойы арқылы ел дамиды, елдегі зиян тұстар дұрысталатын болады. Қорытындылай келе, Швеция әлеуметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана осылайынша ерекшеленеді.

2. Сұрақ: Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс өзінің "Левиафан" атты еңбегінде сыбайлас жемқорлық туралы не деп айтты?

Ерекше тұлға сыбайлас жемқорлықты аса ерекше түрде сипаттайды. Оның пайымдауынша, елдегі жағдайы керемет адамдар сыбайлас жемқорлықтың баурауына түсіп қалады. Әрбір маңызды шешімді сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге бейім болады. Олар өзінің жаңқалтасының қалыңдығына сеніп, әрбір мәселені сол арқылы шешемін деп ойлайды. Ауыр істі болсын, қылмысты болсын еш қысылмай істей салады. Бірақ істерін өз мойнына алудан қашады. Бәрін тек қана сыбайлас жемқорлықпен өлшейді. Материалдық тұрғыда шешемін деп ойлап, өз ісін мойындамайды. Егер ісі әшкереленетін болса ісін материалдық тұрғыда шешемін деп ойлайды. Мен сыбайлас жемқорлық туралы бұл пайымдаумен толық келісемін. Қазіргі қоғамда сондай адамдар елді құртады. Қорытындылай келе, егер де елде осындай қалтасына сеніп қалған адамдар азаятын, тіпті жоқ болып кететін болса, елдегі сыбайлас жемқорлықта анағұрлым азаяды және сыбайлас жемқорлық жойылады деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (42.9 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club