Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы көріністегі сызбаны оқу

Автор:   •  Апрель 25, 2019  •  Реферат  •  393 Слов (2 Страниц)  •  476 Просмотры

Страница 1 из 2

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ.Нормативтік сілтемелер

ІІІ.1.Негізгі бөлім

1.1Жалпы көріністегі сызбаны оқу

2.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Негізгі бөлім

 Жалпы көріністегі сызбаны оқу

1)Бұйымның атауы: тасымалдауыш;

Форматы:А3;

Масштабы: 2:1 (үлкейтілген масштаб);

Сызба литері-оқу жұмысы;

2)Таспалы тасымалдауыштың негізгі бөліктері: жетекші аунақша, жетектегі аунақша, кергіш құрылғы және таспа.

Берілген тасымалдауыш бұйымдарды машинаға даналап беруге арналған. Тасымалдауыш таспасының қозғалу жылдамдығы қырылдақ механизммен қамтамасыз етіледі. Тартқыш (сызбада шартты түрде көрсетілген) біліктегі 16 жетектемені 6 қандай да бір бұрышқа бұрады. Жетектемемен 6 жетекші шкивке 1 бұрамалармен 23 бекітілетін, қырылдақ доңғалаққа 2 қозғалыс беретін ілмек 3 жалғанған. Серіппе 5 ілмекті қырылдақ доңғалаққа қысады. Білік 16 машинаның орнағында орнатылған мойынтіректерде 15 айналады. Оған ось 18 бекітілген, онда жетектегі шкив 19 айналады.

Тасымалдауыш жұмыс істегенде жүктің ауырлық күшінің және меншікті салмағының әсерінен таспа созылады. Таспаны тарту үшін кергіш құрылғыны пайдаланады, ол кергіш шкивтен 11, рычагтан 13 және аспадан 9 тұрады. Рычагты 13 бұратын серіппе 8 онда орнатылған тартым шкивін 11 белдікке 39 қысады, сонымен керу тудырады. Үйкелетін беттер май сауыттар 38 арқылы майланады.

3)Құрастыру сызбасындағы көріністер мен кескіндер санын және түрлерін анықтаймыз:тасымалдауыш бұйымының басты көрінісі-фронталь жазықтықта, негізгі көріністер саны-3,жергілікті көріністер саны-3.Қималар саны -6.Берілген сызбада 3 тілік және 1 шығарма элементі бар. Сызбадағы бейнелермен таныстым және басты көріністі анықтадым.

4)Сипаттізімде берілген барлық құрамдас бөлшектердің атауымен, реттік белгілерімен, сандық мөлшерлерімен, массасымен, жасалған затымен таныстым.

Жалпы позициялық саны-39,жалпы бұйым саны -56, стандартты бұйымдар саны-36, ерекше бұйымдар саны-19.

5)Ось бөлшегінің позициясы -12, фронталь көріністе бейнеленген. Ось бөлшегінде жергілікті тілік саны-1, көлденең қимасының саны- 2,сызбаның шығарма элементінің саны-1.Анықталған бөлшектің геометриялық пішіндері бойынша әр түрлі өлшемдегі цилиндрлерден,конустық тесіктерден және басты көріністе тікбұрыштан, трапециядан,үшбұрыштан тұрады.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (76.8 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club