Аудару
Автор: kaz.kz.96 • Май 23, 2019 • Лекция • 1,830 Слов (8 Страниц) • 613 Просмотры
Аудару - адам баласының бұрыннан бергі келе жатқан іс - әрекетінің түрі. Тарихта тілдері бір бірінен өзгеше адамдар тобы пайда болғаннан бері оларға қарым қатынас жасауда көмек беретін екі тілді меңгерген адамдар да пайда болды.Жазу пайда болғаннан бастап ауызша аудармашыларға қоса діни,ресми және іскерлік қағаздарды аударатын жазбаша аудармашылар пайда болды.Алғашыннан бастап- ақ аударма адамдарға бірнеше тілде қарым - қатынас жасауға мүмкіндік жасау арқылы ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды.Аударма ұлттық тілдер мен әдебиеттің құрылуы мен дамуында маңызды роль атқарды.Көбіне аударылған шығармалар жаңадан тілдік және әдеби нормалардың қалыптасуына,оқырмандар санының көбеюіне ықпал етті.Батысевропа елдерінің тілі мен әдебиетінің қалыптасуына классикалық тілден аударған шығармалар ықпал етті.Аудармалар ежелгі орыс әдебиетінде,грузин,армян және басқа да көпғасырлық тарихы бар әдебиеттерде маңызды орын алды.Аудармашылардың Шығыс арабиясы,Үндістан, Қытай және басқа да Азия елдерінің мәдениетінің дамуына қосқан ықпалы аз емес. «Аударма» ұғымының ауқымы өте кең.Бір тілден екінші тілге өлеңдер,көркем шығармалар,ғылыми және ғылыми танылған кітаптар,дипломатиялық құжаттар,іскерлік қағаздар,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендік сөздер,газет - журнал материалдары,өзге тілде сөйлейтін және аудармашы көмегін қажет ететін адамдардың әңгімелері аударылады.
Аударма әрекеті түрлерінің барлығына ортақ екі жағдайы бар:
1. Аударма мақсаты- бастапқы мәтінді білмейтін оқырманға аударманы неғұрлым түсінікті етіп жеткізу.
2. Аудару- ол бір тілдің құралдары арқылы аударманы толық та нақты етіп жеткізу.
Аударма мынадай жағдайларда болуы мүмкін: 1) бір тілден екінші тілге- туыстық, жақынтуыстық және мулдем жақындығы жоқ тілдер арасында.
2) әдеби тілден диалектіге және диалектіден әдеби тілге немесе бір тілдің диалектісінен екінші тілдің әдеби тіліне (керісінше мүмкін емес)
3) ерте кезеңдегі тілден қазіргі кезеңдегі тілге аудару кезінде.
Аударма теоретиктері ретінде аудармашылардың өздері болды.Олар өздерінің, кей кезде өз әріптестерінің тәжірибесімен бөлісіп отырды.Әрине, жиындарда өз «аудармашылық сенімдерін» баяндауда тәжірибелі, әйгілі аудармашылар сөз сөйлейтін еді, алайда көбінесе олардың дәрістері қазіргі заманға сай келмейтін болды.
Антикалық дүние аудармашылары аударманың бастапқы мәтінге жақындығы мәселесін көп қарастырды.Ерте кездегі қасиетті және үлгілі болып саналған Библия және басқа да шығармаларды аудару кезінде сөзбе- сөз аудару қолданылған.Нәтижесінде бұрмаланған, тіпті мүлдем түсініксіз аударма пайда болатын.Кейін аудармашылар аударма дұрыстығын таңдап, әрбір әрпін емес, жалпы мағынасын беруге тырысты.Осы кезеңдерде аудармашының басты міндеттерінің бірі - бастапқы мәтіннің басты мақсатын жеткізіп, оның тыңдаушыға тигізер әсерін сақтап қалу болып табылды.
Кейінірек жеке аудармашылар «нормативті аударма теориясын» құрып, онда нағыз аудармашының жауап беруге міндетті қасиеттерін және жақсы аударманың қандай болуы керектігін жазды.Француз гуманисті, ақын және аудармашы Этьенн Доле (1509- 1546) аудармашы аударманың төменде көрсетілген басты бес принципін ұстануы қажет:
1) аударма мәтінінің мазмұнын және автордың мақсатын толығымен түсіну;
2) өз ана тілін және аударатын тілді толығымен, жоғарғы деңгейде меңгеру;
3) аудармада сөзбе - сөз аударуды қолданбау, бұл аударма мәтінін бұрмалап, оның мағынасын жоғалтады.
4) Аудармада жалпы қолданыстағы сөздерді қолдану
5) Сөздерді дұрыс таңдау арқылы бастапқы мәтіннің өзіндік «ырғағында» берілген әсерін сол қалпында жеткізу.
1790 жылы ағылшындық А.Тайтлердің «Аударма принциптері» кітабында
...