Газет-журнал аудару
Автор: 1516541 • Ноябрь 12, 2018 • Реферат • 5,537 Слов (23 Страниц) • 546 Просмотры
Газет-журнал аудару.[pic 1]
Бұған дейін аударылып келген өзге стильдік жанрдағы шығармаларға қойылған талаптар, айтылған сыйдар газет-журнал тілін аударуға да қатысты деп айтуға болады. Сол себепті талдау барысында тек газет-журнал тілін аударуға қатысты мәселелер қаоастырылмақ.
Публицистикалық газет стилі ерекше мәселелерге құрылып, белгілі бір мемлекет немесе бүкіл әлемді арнайы фактіге құрылған жаңалықпен хабардар етеді әрі ерекше көңіл-күймен жазылады. Мысал ретінде көлемі азырақ және темпераменттілігі жоғары үзінді келтіруге болады: Андре Вюрмсер “Юманите” (26.VIII.1980), мақаласында қазіргі Франция мен өзге де елдерге қатысты аса маңызды сұрақтар қояды, бірақ аталған сұрақтарға мақала ішінде тура жауап берілмегенімен, мақаланың өн бойынан оның жауабын аңғару қиынға соқпайды.
L’essentiel
L’histoire irait plus vite si cette predication d’Emile Zola. Que huit decennies confirmerent: “La question du XX siecle sera la lutte du travail” etait constamment presente a l’esprit de quiconque reflechit a unprobleme politique les profits des petroliers ou les marins-pecheurs, l’inflation ou la securite sociale, les chomeurs et les boursicoteuses, la France et l’Europe. “…”
Qui souhaite la victoire des tueurs, qui les recrute, les assiste, les arme et les paye? Le capital ou le travail? Au service de qui les concessionaires sont-ils du travail ou du capital ?
Gorki demandait: “Avec qui eyes-vous, maitres de la culture?” Plus simplement aujourd’hui: “Avec qui etes-vous, honnetes gens de notre pays?”
Берілген қысқа мәтінде кездесетін сөздердің өз тіліміздегі жеке тұрғандағы баламасын табу оңай шаруа болғанымен олардың контекстегі мағыналарын табу газет тілін аударудағы басты мақсатымыз болып отыр. Тек кейбір сөздер өз мағынасын беріп тұр, мәселен мына терминдер inflation, тілі және жалпы қолданыста бірізділікпен аударылатын сөздер: histoire, predication, dicennie, travail, және т. б. Бір жерде “boursicoteuses” және “әйел” деген баламаға сай келсе, келесі бір адекватты сәйкестілігінде “биржалық бойжеткен” деген мағынаға ие.
Мағыналық бірізділік көптеген сөздер мен сөз тіркестерін беруде, мәтіннің жалпы мазмұнының түсініспеушілікке алып келуі мүмкін, және аударылатын тілдің тілдік нормаларына қарама-қарсы келедіде, онда қалыптасқан заңдықты бұзады. Мәтіннің кейбір элементтері, әсіресе семантикалық бірліктері “la question du xx . siecle” – бұл ғасырдың басты сауалы, яғни ең басты мәселе екендігін белгілілік артиклі мен беріп отыр. Ал белгісіздік артиклі “de quinconque reflechit a’ un proble’me politique” тіркесінде жекеше сөзге көптік жалғау есебінде қолданылып тұр, яғни сөз көптеген мәселелерге (немесе сұрақтарға) тікелей қатысты болып отыр. Сонымен бірге қосарласа келген зат есімдер арасында да түрлі жалғаулық сөздер; яки шылаулар кездеседі, алғашқысында “ou” (немесе), ал екіншісінде “et” (және) шылауы берілген.
Осыдан келіп мәтін құрылысын асқан түсінушілікпен ұғынып, содан соң аудару мәселесі туындайды. Сөйлемнің алғашқы бөліміндегі “болжамы” сөзін өз тілімізге аударғанжа тікелей бастауыш ретінде қолдану қарастырылады және аталған сөзді толықтауыш ретінде қолданудың орынсыздығы мен оның нақты синтаксистік қызметін де ескергендігіміз жөн болады.
Мәтіннің айқын түсініктілігі мен қуатын беруде көптеген сөздерді тіркеспен берілетін ұғымына сай аударуымыз талап етіледі. Мәселен “boursicoteuses”- “биржалық бойжеткен” және т.б.
Публицистикалық пафос айқын берілген ортаңғы абзац аударуда онша қиындық тудырмайды, себебі мұнда жалпы қолданыстағы сөздер тізбегі берілген, сол себепті түпнұсқадағы пафосты барынша аудармада көрсету орындалып отыр (Plus simplement aujourd’hui).
Осы айтылған ерекшеліктерге сүйене отырып мәтіннің аудармасын былайша беруге болады:
[pic 2]
Ең бастысы
Егер Эмиль Зольдің сексен жылға созылған болжамы дұрыс болса, тарихтың жолы шапшаңдар еді: “XX ғасырдың басты мәселесі капитал мен еңбек арасындағы күрес болмақ”. Сол себепті кімде кім саяси сауалдарға жауап іздер болса, олар мынадай болады: балықшылар немесе мұнайөндірушілердің кірісі, қоғамның инфляциясы немесе қауіпсіздігі жұмыссыздық және биржа бойжеткендері, әсіресе Франция мен Европадағы бұлардың көрінісі.(…)
...