Қазақстан бойынша жергілікті желдерді қарастыру
Автор: Shuglaaa • Сентябрь 14, 2022 • Реферат • 859 Слов (4 Страниц) • 605 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «Метеорология және гидрология»
СӨЖ
Тақырып: «Қазақстан бойынша жергілікті желдерді қарастыру»
Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне байланысты. Жел ауа массаларын қозғалысқа келтіреді, сонымен қатар жылу мен суық, ылғал әкеледі. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай шамамен 50° с.е. бойымен жоғары қысым, яғни Воейков белдеуі кесіп өтеді. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел болып есептеледі. Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке қарай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс желі басым болады. Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдің орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/сек, ал оңтүстігінде 2-4 м/сек-қа дейін баяулайды. Ал жазда желдің жылдамдығы азаяды.
Қазақстанда ең күшті желдер Жоңғар қақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы желдер.Олардың орташа жылдамдығы 6-8м/сек. Қазақстанның таулы аймақтарында жел біршама жоғары болады. Тауларда желдердің негізгі түрі – жазда соғатын және тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын жел түрлері көп. Бұларды тау аңғарлық желдер деп атайды.
Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырынан Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жоңғар қақпасы - ені тектоникалық жер, ені 20-40 км болатын, ал ең тар жері – 10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап келеді. Сонда жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Ал қыста қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10° С жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 40-100 күндей соғады. Ебі желін алғаш сипаттап жазған Шоқан Уәлиханов. Бұл күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, шаруашылыққа зиянын тигізеді.
Сайқан желі – Ебі желіне кері бағытта, Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға соғатын жел.Сайқан желі солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/сек. Алакөл ойысында температура – 30-37 ° С-қа төмендейді.Сайқан жоталарын кесіп өтетіндіктен, Сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен сәуір айларында күшейеді, қалған айларда баяу соғады. Қатты соққан кезде Алакөл көлінің деңгейі 1 метрге дейін көтерілуіне әкеліп соқтырады. Табиғат жағдайына тигізетін зияны көп. Сайқан желі 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып, топырақты құрғатады, мал басын шығынға ұшыратады, жол қатынасын қиындатады.
Шілік желі – Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады. Жел өзен аңғарын бойлай өтіп, күндіз солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа, ал түнде керісінше бағытта соғады. Жыл бойы жылдамдығы 8-10 м/сек. Қыста жол жағдайын қиындатады.
Арыстанда-Қарабас желі Қарабас жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады. Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін ұшыртып, жолдың көрінісін жабады. Сондықтан халық бұл желді «Қарабас» деп атап кеткен. Бұл желдің күшті болу себебі, ауа ағыны Қызылту және Шақпақ арасындағы тау асуынын өткенде ауа ағынының жылдамдығы артады. Арыстанда-Қарабас желі жылдамдығы 35 м/сек.
...