Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі

Автор:   •  Апрель 25, 2024  •  Реферат  •  2,609 Слов (11 Страниц)  •  16 Просмотры

Страница 1 из 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

РЕФЕРАТ

СӨЖ №8 :Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы:

 әлеуметтік құрамы, білімі.

                                                                 Орындаған: Әлібекова Жанерке

                                                        Тобы:Экология 23-13

                                                        Тексерген:Маликов Бақытжан

Алматы 2024

Жоспар:

Кіріспе.....................................................................................................................3

Негізгі бөлім............................................................................................................4

2.1.XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ……………..................................................................4

2.2.МЕДРЕССЕЛЕРДІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ………..................................……………………. 6

2.3.ДӘСТҮРЛІ МЕКТЕПТЕР.…………………........…......................… 7

Қорытынды............................................................................................... 9

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................……………. 9

Кіріспе

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең əсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге əкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мəдениет тұрғысынан алғанда, дəуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда əлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі жəне ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мəдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмəнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады. ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, əрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мəдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мəскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шəлімбеков, Х.Досмұхамедов жəне басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мəселесін жеке дара мемлекет мəселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды.

...

Скачать:   txt (34.2 Kb)   pdf (151.7 Kb)   docx (26.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club