Штангенциркульді қолданып, бөлшектерді абсолюттік әдіспен өлшеу
Автор: sakenovazhuldyz • Май 1, 2020 • Лабораторная работа • 8,976 Слов (36 Страниц) • 556 Просмотры
Лабораториялық жұмыс №1. «Штангенциркульді қолданып, бөлшектерді абсолюттік әдіспен өлшеу» 4 сағат
Өлшенетін шаманың мағынасының өзгешелігіне баға беруге байланысты өлшеу әдістері тікелей, жанама, диффереренциялау және жинақы (құрама) болуы мүмкңн.
Өлшенетін шаманың мағынасын немесе оның ауытқуын құралдың болмаса прибор шкаласының көрсетуі бойынша бағалауды тікелей өлшеу деп атайды (мысалы, әмбебап өлшеу құралымен өлшегенде).
Тікелей өлшеу – бұл өте күрделі, түрлі өлшеулердің негізі. Ол абсолюттік және салыстырмалы әдістерге бөленіді.
Абсолюттік әдіспен өлшегенде, өлшенетін шаманың барлық мағынасы прибор шкаласының тікелей көрсетуі бойынша бағаланады (мысалы, штангенциркульмен өлшегенде, тетіктің нақты мөлшері осы аспаптың шкаласынан алынады).
Салыстырмалы әдіспен өлшегенде, өлшенетін шама ауытқуының мағынасы белгілі бір қондырғы мөлшерден немесе эталоннан алынады (мысалы, индикаторды ішкі өлшеуішпен өлшегенде прибор шкаласынан гильзаның қондырғы мөлшерінен ауытқу алынады). Мұнда гильзаның нақты мөлшерін қондырғы өлшем мөлшеріне прибордың көрсетуі мәндерін алгебралық қосындылау арқылы анықтайды.
Жанама әдіспен өлшеуде, өлшенетін шаманың немесе оның ауытқуының мағынасын ізделіп отырған шамамен белгілі байланысы бар басқа мөлшерлерді тікелей өлшеу нәтижесімен анықтайды (мысалы, конустың шамасын, оның екі қимадағы диаметрі мен осы қиманың арақашықтығын табу арқылы анықтайды).
Дифференциялаулы әдіспен өлшеудің ерекшелігі көп параметрлі тетіктің әр мөлшерін бөлек тексеруде, мысалы, шлицті біліктің диаметрін, тісінің қалыңдығы мен биіктігін элементтеп өлшеу.
Жинақы әдіспен өлшегенде күрделі тетіктің бірнеше элементтерін бірлестіріп тексереді, мысалы, шлицті білікті шлицті калибр-сақина арқылы тексергенде қолданылады.
Өлшенетін шаманы абсолюттік әдіспен өлшегенде, оның мәні аспап шамасымен тікелей көрсетумен анықталады. Абсолюттік әдіс арқылы өлшегенде қарапайым өлшеу құралдары штангенциркуль, микрометр және ұзындық өлшеуіштері қолданылады. Жұмыстың мақсаты бөлшектердің өлшемдері сызбаға сәйкес жасалғанына көз жеткізу.
Қарапайым өлшеуіш құралдарға сызғыштар, рулеткалар және тағы басқалары жатады. Олардың шкала бөлігінің нарқы мен шкала бөлігінің аралығы бір-біріне тура келеді, яғни 1 мм.
Ол үшін бөлшектің қондыруына (допуск) қойылған барлық өлшемдерін, сонымен қатар геометриялық формасының дұрыстығын тексеру қажет. Бөлшекті барлық жағынан өлшеу үшін штангенциркуль қолданылады. Өлшеу құралын таңдап алғанда, оның өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету керек. Оның қателігі (погрешность) кестеде көрсетілген қондыру шегінде болу қажет.
Жұмыс орнының жабдықталуы.
Зертханалық жұмыс штанген құралдар, өлшенетін бөлшектермен және нормативтік-техникалық құжаттармен (альбомдар, анықтамалық кестелер) жабдықталған жұмыс орынында орындалады. Штанген құралдарға штангенциркульдерді, штанген тереңдік өлшеуіштер, штангенрейсмас (штанген биіктікті өлшеуіштер), штанген тіс өлшеуіш және т.б. Барлық құралдар сызықтық мөлшерлерді абсолюттік әдіспен өлшеу үшін, сонымен қатар бөлшекті белгілеу кезінде мөлшерді қайта қалпына келтіру үшін арналған. Штанген құралдардың ерекше белгісі екі штрих шкаласының болуы болып табылады - негізгі және қосымша. Негізгі шкала тікелей өлшеу үшін арналған. Бұл шкаламен өлшенетін мөлшердің салыстыруы жасалады. Қосымша шкала, нониус деп аталады, негізгі шкала бойынша санақтың дәлдігін жоғарлату үшін қызмет етеді. Нониус шкаласының көмегімен негізгі шкаланың бөлу үлесін көзбен қарағаннан дәлірек бағалауға болады.
Санақтың мағынасы нониус бойынша 0,05 және 0,1 мм сыртқы және ішкі мөлшерлерді 2000 мм-ге дейін өлшеу үшін арналған штангенциркульдер (МЕМСТ 166-80). Оларды бірнеше түрде шығарады: ТТТЦ-1 (екі жакты тереңдік өлшеуішпен) өлшеу диапазоны 0-125 және нониус бойынша санақ мәні 0,1 мм; ШТЦ-1 (бір жақты тереңдік өлшеуіш қатты қорытпамен қапталған) өлшеу диапазоны 0-125 және нониус бойынша санақ мәні 0,1 мм; ПЩ-11 (екі жақты) өлшеу диапазоны 0-160, 0-200, 0-250 және нониус бойынша санақ мәні 0,05 және 0,1 мм; ТТЩ-111 (бір жакты) өлшеу диапазоны 0-315, 0-400, 250-630, 250-800, 320-1000, 500-1250, 500-1600, 800-2000 және нониус бойынша санақ мәні 0,1 мм.
...