Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Геофизике"

Автор:   •  Октябрь 5, 2022  •  Шпаргалка  •  1,229 Слов (5 Страниц)  •  247 Просмотры

Страница 1 из 5

1.Сейсмикалық барлау түрлері.

1. Аймақтық сейсмикалық барлау жұмыстары майда масштабта алдын-ала болжау үшін жүргізіледі. Олар, әдетте, жекелеген профильдермен, маршруттармен, геотраверстармен болжанған тектоникалық құрылымның созылу бағытына перпендикуляр жүргізіледі.

2. Сейсмикалық барлаудағы іздеу жұмыстары алдын-ала болжау үшін жүргізіледі, маршрутты және аудандық болып бөлінеді. Олар құрылымдық зерттеулер, түрлі пайдалы қазбаларды іздеу үшін өткізіледі.

 3. Нақты аудандық сейсмикалық барлау шағын учаскелерді мұнай мен газ өндіруге дайындау мақсатында толық зерттеуде және барлауда қолданылады.

2. Вертикаль сейсмикалық профильдеу.

Вертикаль сейсмикалық профильдеу – толқындар жер бетінде пайда болып, өтпелі толқындарды тіркеу ұңғыларда орындалатын сейсмикалық барлау тәсілі. Бұл тәсіл түрлі толқындар табиғатын, олардың тарау жылдамдықтарын анықтауға арналған.

3.Сейсмикалық акустикалық каротаж.

Сейсмикалық акустикалық каротаж ұңғы маңындағы таужыныстардағы толқынның тарау жылдамдықтарын анықтауға арналған.

4.Сейсмикалық барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Жұмыс ауданы анықталғаннан кейін, бақылау жүйесі, өрісті алу тәсілі белгіленеді, ары қарай далалық жұмыстарды ұйымдастырады.

- аппаратураны өлшеу

-арналардың біркелкі жұмыс істеу 

-бірдей сигналдар жазбасы барлық арналарда бірдей болуы керек. Өлшеу жұмыстары алдында профильдер жүйесін белгілейді. Әр профильге толқын таратушы пункт пен сейсмикалық қабылдағыштар орнатады. Сейсмикалық қабылдағыштар тік (вертикаль) орнатылғанда, негізінен, қума толқындарды, горизонталь орнатылғанда көлденең толқындарды тіркейді. Профиль бойымен сейсмикалық бұрама сымдар (сейсмическая коса) таратады. Олар сейсмикалық қабылдағыштар мен күшейткіштер блогына жалғанады. Сигналдар қабылдағыштардан радио арқылы да беріледі. Нәтижесінде сейсмограмма немесе магнитограмма алынады.

5.Сейсмикалық барлау жұмыстарының түрлері.

-Теңіздік және тағы басқа сейсмикалық барлау

-Акваториялық сейсмикалық барлау

-Ұңғылық, жерасты сейсмикалық зерттеулердің тәсілдері ретінде вертикаль сейсмикалық профильдеу, акустикалық каротаж, сейсмикалық жарықтандыруды келтіруге болады.

 

6.Сейсмикалық барлаудың негізгі әдістері.

Сейсмикалық барлаудың негізгі екі әдісі бар: шағылған толқындар әдісі, сынған толқындар әдісі.

7.Таужыныстардың серпінділік параметрлері.

-Юнг  модулі Е, ауданға әсер етуші күш Fs пен деформация арасындағы пропорция коэффициенті: Fs = Eε.

-Пуассон коэффициенті δ, көлденең деформацияның бойлық деформацияға қатынасы:  .

-жылжу модулі (μс), Юнг модулі мен Пуассон коэффициенті қатынасы: μ = Е/2(δ+1)

-жан-жақтан қысылу  модулі:  Кс = Е/3(1-2δ).

8.Гюйгенс-Френель принципі.

Бір жиіліктегі әрбір монохромды толқынды оның ұзындығы (λ), периоды (T), жиілігі  (f = 1/T) арқылы сипаттауға болады. Олар фазалық жылдамдықпен (V) байланысты:

        λ = TV = V/f

Толқындардың таужыныстарда тарау заңдары геометриялық оптиканың негізгі принциптері -  Гюйгенса - Ферма принциптерінен алынады. Гюйгенс принципіне сәйкес толқын шебінің әрбір нүктесін тербелістердің дербес қарапайым көздері деп қарастыруға болады

9.Толқын шебі ұғымы.

Кеңістіктің белгілі бір нүктесінде жарылыс немесе соққы болса, онда серпінді (сейсмикалық) толқын пайда болады. Оның тарау жылдамдығы ортаның серпінділік қасиеттеріне байланысты. Толқын өткенде таужыныс бөлшектері тербелісте болады. Бөлшектер тербелген облыс пен толқын әсері жетпеген облысты бөліп тұрған жазықтық толқын шебі деп аталады.

10.Сейсмикалық сәуле ұғымы.

Шепке перпендикуляр сызықтар сейсмикалық сәуле деп аталады. Сәуле бойымен серпінді толқындардың энергиясы тасымалданады. Өріс көзі маңында толқындар шебі сфералық пішінде, қашықта – жазық күйінде болады.

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (144.6 Kb)   docx (29.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club