Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Географии"

Автор:   •  Май 18, 2018  •  Шпаргалка  •  10,342 Слов (42 Страниц)  •  943 Просмотры

Страница 1 из 42

1.ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту жүйесіндегі тарихи өлкетану мәселесінің орын алуы.?ХХ ғ. басында зиялылар халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі салауаттылық қоғамдарының ашылуы туралы шешімді зор жігермен қарсы алды, сондықтан орыс географиялық қоғамның қайраткерлері оларға белсене қатысты. Мәселен, Семей облысындағы Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі коммисияның төрағасы – орыс географиялық қоғамының қайраткерлері көп еді. Нақ сол Семейдегі В.Н. Белослюдов, В.С. Усов, Н.Я. Коншин және басқалар Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі комитетінің лекторлары болды.

Жұмыстың мұндай нысандарымен қоса, қоғам мен оның бөлімдері алуан түрлі көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге үнемі және қызу қатысты. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында жұмыстың бұл нысаны тәжірибе алмасуға да, ғылыми жұмыста жаңа бағыттар іздестіруге де, зерттеу жұмысындағы жетістіктерді көрсетуге де қызмет етті. П.П. Семеновтың пікірі бойынша, Батыс Сібір далалық тобы коллекцияларының тамаша толықтығы ерекше болып, келушілерді көптеп тартқан. Орыс географиялық қоғамның мүшелері одан кейінгі көрмелерге де шама-шарқынша қатысты. 

2.Ежелгі батыстағы тарихи өлкетанымдық көзқарастардың қалыптасуы туралы айтып беріңіз?

А.С.Барковтың айтуынша «Өлкетану пәні бірнеше ғылымдардың жиынтығы. Құрылымы мен мазмұны, зерттеу әдісі жағынан әртүрлі, бірақта мақсаты жағынан өлкені барлық қыры жағынан зерттеу болып табылады».

Өлкетану пәнін оқыту барысында этнография, археология, топонимика, нумизматика, тарих ғылымдарымен тығыз байланысты.

Өлкетануды өзінің ұйымдық түрі жағынан мемлекеттік, мектептік және қоғамдық етіп бөлуге болады. Туған өлкені зерттеуге тек ғалымдар емес, сонымен қатар жергілікті халықтың да құқысы бар. Яғни, өлкетану ғылымы қоғамдық деп айтуға болады.

Мектепте өлкетанумен айналысу – ол оқушылардың отанына деген патриоттық сезімін оятады. Тарихқа деген қызығушылық қоғамды, өлкедегі тарихи ескерткіштерді құрметтеуге үйретеді.

Тарихи өлкетануды оқытуда этнография және этнология ғылымының маңызы өте зор. Әрине, өлкетанушы өз білімін этнография ғылымының қайнар көзінен бастайды.

Этнографиялық білімдердің қайнар көзі көзі көне дәуірден басталады. Алайда ғылыми сала ретінде этнография XIX ғ. екінші жартысынан бастап қалыптасты. Көне Шығыс жеріндегі Мысыр, Бабыл, Парсы мемлекет-тері оздерін қоршаған елдерге, халықтарға қызығушылықпен қарап, кейде олардың байлықтарының мөлшерін білу мақсатымен оларға соғыс ашса, кейде сауда байланысын орнатуға тырысты.

 

3.Қазақстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі мұражай деректерінің маңызын жазыңыз? 

Өлкетану мұражайының негізгі қорына түпнұсқалар  түп дерек ретінде өлке тарихын зерттегенде қажет болады. Әрине бұл жерде ескеретін жай - өлке ол еліміздің бір ғана бөлігі, сондықтан да өлкенің тарихы бүкіл Республика тарихымен тығыз байланысты. Негізгі қор мәңгі сақталу үшін негізделген. Негізгі қордан бір нәрсені ауыстыру немесе алу үшін министрліктен рұқсат алып, заңды түрде жазылуы керек. Мұражайдың айырбас қорына профильді емес материалдар, көшірмелер бөлінеді. Міне, осы айырбас қоры арқылы мұражайлар арасында айырбастар жүргізуге болады. Негізгі және ғылыми-көмекші қорлардың материалдары экспозицияларда, көрмелерде  немесе сақтау қорларында қолданылады. Өлкетанушы өлкенің тарихын зерттеу үшін түп деректерді негізгі немесе айырбас қорынан ала алады. Әрине бұл белгіленген тәртіп пен инструкциялар арқылы жүзеге асады.  Революцияға дейін Қазақстанда небары 3 мұражай бар болатын. 1920 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, өз алдына өлкенің тарихын жан-жақты зерттеуді мақсат етіп қойды. Зерттеу жұмысымен қатар өлкетану мұражайын құруды бастапқы жоспар етіп қойды.

1925 ж. мұражай ісі бойынша ортазиялық комитет Оңтүстік Қазақстанға аттанып, ортағасырлық тарихи ескерткіштерді қорғау үшін бірнеше экспедиция ұйымдастырды.

Біздің өлкемізге, оның ішінде Шуға (зоологиялық), Талас даласына – археологиялық экспедиция ұйымдастырды. Осы экспедицияны Городецкий басқарды. 1927 ж. қарсаңында Қазақстанда 7 мұражай, 1928 ж. – 9, 1930 ж. – 10, 1931 ж. – 11 мұражай ашылды.  Барлық мұражайлар оқу ағарту Халық  Комиссариатына бағынды.

1931 ж. Әулие-Атада аудандық мұражай, кейіннен 1939 ж. облыстық мұражай болып қайта құрылды. Алғашқыда мұражай өте жұпыны болды, онда оқушылардың салған суреттері, декоративті қолөнер туындылары болды. Мұражай ескі қала территориясында орналасты, ескі мешіттің ішінде ашылған.

...

Скачать:   txt (148.7 Kb)   pdf (607.3 Kb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club