Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Географии"

Автор:   •  Январь 30, 2022  •  Шпаргалка  •  33,032 Слов (133 Страниц)  •  302 Просмотры

Страница 1 из 133

1) Шығыс Қазақстанның Ерте Темір дәуірін саралаңыз

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі ескерткіштердің көпшілігі Ертіс өзені алабында орналасқан. Қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік жақтарында, Шыңғыстау және Тарбағатайдың батыс аудандарында шоғырланып жиналған. Оңтүстік Алтай тауларының жанында яки Шілікті аңғарында және Бұқтырма өзенінің жағалауында сақтардың «патша обалары» бар. Шығыс Қазақстандағы тас үйінділерден тұрғызылған обалар: Берел, Қатон, Майәмір. Бұл кезеңнің ескерткіштерін В.В.Радлов, С.С.Черников, М.П.Грзнов, З.С.Самашев, Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров, т.б. мамандар зерттеген. Ғылымда Шығыс Қазақстан сақтарына тиесілі заттай мәдениеттің мынадай үш басты-басты кезеңдері бөліп көрсетілген: майәмір – б.з.б. VІІ-VІ ғасырлар; берел – б.з.б. V-ІV ғасырлар; құлажорға – б.з.б. ІІІ-І ғасырлар.

1)Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорым атауымен аталған. Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обалары көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділерінен тұрды. Майәмір ескерткіштерінен қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене үзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың өтемол жиынтығы табылды. С.С.Черников қазған Шілікті обасы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Шілікті обасы б.з.б. VII- VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба. Шілікті алтындарындағы негізгі ерекшелік, мұнда басқа өңірлерге қарағанда құйма алтын басым. Санкт-Петербург ғалымдары В.Скрипкин мен Н.Ковалюктың дендрохронологиялық сараптамасы бойынша ағаш ғимараттың салынған мерзімі шамамен б.з.б. 810-760 жылдар аралығын қамтиды.

2)Берел қорымы Қазақ Алтайының аумағында Қазақстан, Моңғолия мен Ресей Федерациясы шекараларының тоғысқан жерінде орналасқан. Осы ескерткіштерде танымал жұмыс жүргізген мамандар В.В.Радлов, С.И.Руденко, М.П.Грязнов, З.С.Самашев. Онда тізбектеле орналасқан отыздан астам обалар бар. Алтайдың ежелгі көшпенділері өмірін сипаттайтын бірегей деректер – киім, аспап, соныменқатар ең маңыздысы адамдар мен жануарлардың мумияланған қалдықтары сақталған. Мұнда алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын 1865 жылы В.В.Радлов жүргізді. Моладан ағаш қабықтары астынан төрт-төрттен (4 қатар) қойылған 16 жылқы қалдықтары шыққан. Бал қарағай ағашынан ойылып жасалған, бұрыштары самұрықтың қола мүсіндерімен әшекейленген қима-табыттан қазба барысында адам сүйектері, қыш ыдыс, пышақ, қанжар, қылыш. Қайтыс болған адамның денесңн жерге көмгенге дейін сақтады оны жүзеге асыру үшін арнайы шөптер арқылы мүрде бальзамдалды. Жирен сәйгүліктердің басы күн шығатын жаққа, яғни шығысқа қаратылған. «Тоң басу» феноменінің арқасында жануарлардың тек терілері ғана емес,жұмсақ еттері, сондай-ақ салтанатты әбзелдері де сақталып қалған еді.  Берел кезеңінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады. Б. з. б. III ғасырға таман Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымы өз сипатын өзгертті.

3)Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу құрылыстары таралады. Өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген. Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бүрістіріп жерленгендер кездесті. Үстіне оба тұрғызылды. Қолажорға үлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең көбі қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жұмыр мойынды жатаған құмыралар, кіреңке тәрізді көзелер, ілмек сияқты сабы бар дөңгелек түпті, бүйірлі және аласа текшелер түрінде болып келеді.

...

Скачать:   txt (471.4 Kb)   pdf (750.1 Kb)   docx (134 Kb)  
Продолжить читать еще 132 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club