Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таңбалы таңбалары

Автор:   •  Октябрь 1, 2018  •  Реферат  •  995 Слов (4 Страниц)  •  840 Просмотры

Страница 1 из 4

                                Таңбалы таңбалары

        Таңбалы тау алқабы мен осы аттас Ащысу өзеніне құятын ащылы-тұзды сулы бұлақ алғаш рет Верный уезінің картасында белгіленді, оны 1911 жылы Жетісу облысының Қоныс аудару комитеті басқармасының экономист-статистик, социал-демократ П.П.Румянцев (1870-1924) басқарған қызметкерлері құрастырған болатын. Осы картада «Таңбалысай» деп аталатын шатқалдың кескін-келбеті айқын көрінген. Ащысу, Қояндысай, Дербенсай, және т.б. осы ауданның картасын жасауға 1909 жылы Таңбалыға шағын топты басқарып ғалымдардың алғашқысы болып келген верныйлық танымал табиғат зерттеушісі В.Е.Недзвецкийдің материалдары пайдаланылады.

        Жарты ғасырдан кейін, 1957 жылы ғажайып петроглифтері бар щатқал ҚазССРҒА-сының А.Г.Максимова басқарған археологиялық экспедициясының қатысушыларымен екінші қайтара ашылды, уақыт өте келе, Таңбалы деген төл атаумен әлемге әйгілі болды.

        « Таңбалы» деген дәлелді жер атауы Моңғол Алтайынан Маңғыстауға дейін белгілі. Таңбалы шатқалының едәуір ерте кезде аталуы подпоручник Д.Телятников пен сержант А.Безносиковтың 1796 жылы Ертістен Ташкентке дипломатиялық сапарындағы жолжазба журналында кездеседі. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі жазбаша және картографиялық дерексөздер осы жерден жазулары бар және көне белгілер бейнеленген таңбалытастар табылғандығын айғақтайды. Одан әрі 1848 ж. Орта жүз бен Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің Аягөз әкімшілігінің ішкі округі мен приставымен жазысқан хаттарына қатысты құжатта Үлкен орда қырғыздарына (қазақтарына) берілген нұсқауда «Іледе Абылай хан мен Әбілфайыз сұлтан таңба салдырған (қолтаңба белгісі немесе таңба белгінің орнына қолданылатын белгі) Таңбалы тас (Тамгалы-Таш)» бар, онда арғы жағы үйсіндерге, ал мұндағы жер найман болыстарына қарайтыны күәландырылған. XVII-XVIII ғғ. Іле Қапшағайының Таңбалыжар құзының баурайында орналасқан алып өнер және тибет-ойрат эпиграфикасын-Таңбалытасты зерттеу оған 1856 ж. Ш.Ш.Уәлихановтың келуінен соң басталады, ал бір жылдан соң П.П.Семенов өзінің Тян-Шаньға екінші мәрте сапарын бастар алдында келген. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың соңында Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында тибет жазбалары бар бірнеше тас үйіндісі табылғандығы жөнінде мәлімет белгілі болған.

        Барлық белгілі жағдайларда «таңбалы» анықтамасы бар жер атаулары жартастарға немесе тас үйінділеріне символикалық бейнелермен қатар көбінесе көне араб, моңғол немесе тибет жазуымен түскен таңбалары бар көрнекті жерлерді білдіреді. Орыс тіліге қисынымен аударғандағы мағынасы – «таңбаланған белгілер», белгілі яғни ұсынушының белгілі бір туыстық топқа, тайпаға немесе руға қатыстылығын айғақтайтын естелік таңбалары немесе символикалық суреттері бар есте қаларлық жер. Ежелгі түркі сөздерінде «таңба» зат есімі «мөр», «қолтаңба», «белгі (сиқырлы) деген мағынаны, ал «таңбашы» деген мәртебелі лауазым қағанның «мөрін сақтаушы» деген мағынаны білдіреді. Күлтегін жазбаларында (732 ж.) оны құметпен еске алу үшін «жылап-еңіреп... менің ұлымнан, түргеш қағанынан мөрді сақтаушы (таңбашы) Макрач, және мөрді сақтаушы Оғыз Білге келді. Махмұд әл Қашғари «Диван лұғат ат-түрік» атты еңбегінде мынадай түсінік береді: тамға – «патша (немесе басқа) мөрі; таңбалық – мөрмен белгіленген. Қазіргі бірнеше түркі тілдерінде «тамға» зат есімі өзінің бастапқы мәнін сақтай отырып өзгеше жазылып және фонетикалық дыбысталатын болды: тамға – түркменше, таңба – қазақша. Сәйкесінше, ХХ ғ. Басындағы тарихи дерексөздерінде көрсетілген бүгінде баршаға мәлім Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Тамғалы деген жер атауы қазақ тілінде Таңбалы деп аталады.

        2004 ж. «Таңбалы археологиялықкешені» мәдени ландшафтының адам мен табиғаттың ортақ туындысының бірі ретінде ЮНЕСКО – ның Бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді, онда әртүрлі дәуірлердегі жартастарға салынған суреттер басқа ескерткіш түрлерімен қатар (қоныстар, обалар және т.б.) адам игерген табиғи кеңістікті ұйымдастыруға қатысады. Таңбалы археологиялық ландшафтысындағы көне петроглифтерді талдауға ондаған ғылыми мақалалар мен бірнеше монографиялардың көптеген парақтары арналды, сол кезде ежелгі түркі заманындағы көшпелілер мен қазақтардың ру-тайпа белгілерінің суреттері мен жартастағы туындылары тұтастай алғанда ең аз зерттелгені деуге болады.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (96.3 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club