Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Метеорологиялық станциялар

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  2,545 Слов (11 Страниц)  •  529 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Метеорологиялық станциялар

2.2 Атмосфералық қысымның өзгерісі мен климат

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Метеорология - атмосфера туралы ғылым, оның құрамын, қасиеттерін мен онда жүріп жатқан физикалық және химиялық процестерді және олардың жер бетімен әрекеттесуін зерттейді, ал осы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде метрологиялық өлшеу құралдары қажет. Метеорологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдісі бақылау болып табылады. Әдісті таңдау табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды оқып үйренуді талап ететін ғылымның өз маңыздылығымен анықталады. Басты салалары – атмосфера физикасы (атмосферадағы физикалық құбылыстармен айналысады; Атмосфералық акустика, атмосфералық қысым, атмосфералық оптика, атмосфера электрлігі, аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы химиялық құбылыстарды зерттейді. Динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология, климатология жатады. Метеорологиялық зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). 17 ғ-дың 1-жартысында Италия ғалымдары Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеоролгиялық аспаптарды – барометр мен термометрді құрастырулары метеорологияның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік болды. 17 – 18 ғ-ларда атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеоролгиялық станция ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғарғы қабаттарымен танысу үшін 18 ғасырдың аяғында аэростат, 19 ғасырдың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғасырдың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. 20 ғасырдың ортасында дүниежүзілік актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның химиялық құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. Метеорология океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Метеорологияның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) ауа райы авиацияға, ғылыми-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау ауа шарына (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қалаларында ірі гидрометеорологиялық обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. құралдармен толық жабдықталған. Сонымен қатар Метеорология геологиямен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді.

2.1 Метеорологиялық станциялар

Метеорологиялық станция - тұрақты метеорологиялық бақылауға арналған мекеме. Метеорологиялық станция кешенінде атмосфераның және жер үстінің жағдайын бақылауға арналған метеорологиялық алаң және бақылау нәтижелерін алатын, өңдейтін және беретін приборлармен жабдықталған орындар бар.

Теңіз метеорологиялық қызметінің мақсаты: теңіздегі немесе теңіз жағалауындағы тұтынушыларға кемеде жүзу,

...

Скачать:   txt (37.1 Kb)   pdf (77.8 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club