Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цифрлық коммутациялық станциялар

Автор:   •  Октябрь 31, 2018  •  Курсовая работа  •  1,353 Слов (6 Страниц)  •  718 Просмотры

Страница 1 из 6

КІРІСПЕ

        Бәсекелес коммерциялық кәсіпорындардың  жетістікке қол жеткізудегі шешуші факторы байланыс болып табылады, демек ол қандай да болмасын аумақтың гүлденуіне қол жеткізуші фактор.  Сондықтан 21 ғасырдың алдында  телекоммуникациялық және компьютерлік технологиялардың  бірігуі  шешуші мәнге ие болады.

Мамандардың бағалауы бойынша желі мен қызметті дамытудың  3  негізгі кезеңін бөліп қарастыруға болады:

  •  Елді телефонмен  толық қамтамасыз ету;
  • Телефон желілерін цифрлау;
  •  Байланыстың цифрлық желісі базасындағы интеграция (бірлестік).

Байланыс сапасын арттыру үшін, байланыс қызметін кеңейту мен байланысты автоматтандыру үшін дамыған елдерде 70 жылдары  ұқсас  коммуникациялық станциялар электрондық цифрлыққа ауыстырылды.  Олардың көбінде  қала аралық  байланысты цифрлау  аяқталды, жергілікті  АТБ желісінде  80% қамтылды.  Талшықты-оптикалық байланыс желісін енгізу жылдам жүргізіліп жатыр.

Цифрлық АТБ  ол  қазіргі заманғы телефон станциясы, онда  коммутация және басқару толығымен цифрлық түрде ол  оның қызметі мен мүмкіндіктерін  үздіксіз арттыруға мүмкіндік береді.

 Қазіргі заманғы цифрлық АТБ басты жетістігі ол  көп қызмет түрлері мен мүмкіндіктер. Біз   елуге шақты мүмкіндіктер ішінен бір тобын атай аламыз -  ол теру, оны  қандай да болмасын  цифрлық АТБ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар  көптеген өзіндік мүмкіндіктері бар,  олар әр түрлі АТБ жүзеге асырылып отыр. Бәрі техникалық тапсырысқа байланысты болады.  техникалық тапсырысты жасау  өз кезегінде  байланыс сыйымдылығы қанша болуына байланысты және  телефон тарифінің  рұқсат етілген жүктемесіне байланысты болады.

Бастапқы көзден шығатын дабыл абоненттік комплект бөлімінде цифрланады және  АТБ ішінде және  цифрлық түрде автоматты телефон станциялары арасында цифр түрінде беріледі. Ол  дабыл қашықтығына қарамастан дауысы бәсеңдеп қалмайтынының кепілі және кедергіні минимумдайды.  Цифрлық АТБ  универсалдығы  бағдарламалық қамтамасыз ету конфигурациясын өзгерту арқылы  тұтынушының талаптары мен қажеттілігіне қарай қызмет функциясы көп жүйелер құруға болады.

Бүгінгі күні әлемде  әр түрлі  цифрлық АТБ шығарылады олар дауыс хабарларын коммутациялауға арналған. Олардың әр түрлі желілермен  қосылатын  желілері бар (оның ішінде IP) және  телекоммуникациялық құрылымда тез кіріктіріледі.

 Цифрлық  коммутациялық  станциялар  толығымен электрондық жүйе, онда  цифрлық дабылдаримпульстық-кодты модулациямен (ИКМ) коммутацияланады,  АТБО коммутациялық алаңында  цифрлық каналдардың кіріс және шығыс трактілері қосылады, оның жылдамдығы 2,048 Мбит\с.  Абоненттер арасындағы қосылу  64 кбит\с жылдамдығымен әр бағытта сөзді жеткізеді, яғни  коммутация  үнемі төрт сымдық сызба бойынша беріледі.

 Цифрлық АТБ  жалпы және арнайы қолданылатын  микроэлектрондық компонент базасында құрылады.  Жалпы алғанда цифрлық АТБ  көптеген  периферейлік қондырғылардың және басқару құралдарының бірлігі ретінде түсінуге болады.  Переферейлік қондырғыға  абоненттік және қосу желілері қосылады, сонымен қатар  тондық және сөз дабылдарын құру мен оны өңдеу құралдары қосылады. Переферейлік қондырғылар  басқару құралы тарапынан   телефон желісіндегі абонентке қызмет көрсету барысында басқарылады. Басқару құралы  микрокомпрессорлар және микробақылаушылар базасында  құрылады.

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ NEAX 61Ʃ

  1. АТБ NEAX 61Ʃқұрылымының ерекшеліктері

NEAX 61Ʃ цифрлық АТБ 1997 жылы пайдаланыла бастады. Оның архитектурасы квазибөлу ретінде жіктеледі, себебі  жүйені  пайдалану басқаруды хост-процессор арқылы  ұйымдастырады.  Коммутациялық алаң  Уақыт-Кеңістік-Кеңістік- Уақыт  (УККУ) принципі бойынша құрылады.

 Аппараттық құралдың жүйе ішілік архитектурасында  линиялық LMи модулі біріктіру ТМ модулі бар,  олар  өңдеудің барлық  қызметтерін орындауды қамтамасыз етеді.  Телефон байланысын өңдеу туралы барлық ақпарат жалпы және локалды  жадында  сақталады ол CLP  барлық процессорларына қолжетімді.  ОМР  техникалық пайдалану процессоры  жүйеге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және  ол барлық CLP  жұмысын қолдап отырады.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (103 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club