Көгілдір мұхит стратегиясы
Автор: sakhipova__ • Декабрь 2, 2021 • Эссе • 750 Слов (3 Страниц) • 537 Просмотры
Эссе
«Көгілдір мұхит стратегиясы»
Табысты кәсіп құрудың ең тиімді жолы бұл «көгілдір мұхит» стратегиясын қолдану. Себебі, бәсекелестік пен сұраныстан ұсыныс көп «қызғылт мұхит» нарығында алға шығудың, табысқа жетудің басты көзі алпауыт қызғылт мұхит ішінен көгілдір бөлікті табу...
«Көгілдір мұхит» стратегиясын ұстанудың негізгі мақсаты - бәсекелестерден алда болу ғана емес, жаңа нарық кеңістігін құру арқылы бұл бәсекелестікті пайдасыз ету болып табылады. «Көгілдір мұхит» нарығында бәсекелестіктен қорықпай, өз жаңашылдықтарыңызды жүзеге асыру, тұтынушыларға пайдалы болу, бос нарықта өз шарттарыңызды құру да оңайырақ. Көгілдір мұхит идеясын нақты көрсету үшін кітап авторлары балалардың заманауи хоббиіне байланысты өзінің танымалдылығын тез жоғалтып жатқан цирк индустриясын мысалға келтіреді. Оған дәлел: «Cirque du Soleil» циркі. Олар қалайша жойылып бара жатырған нарықта осыншама үлкен танымалдылыққа қол жеткізе алды? Бұл сұрақтың жауабы – «көгілдір мұхит» стратегиясын қолдану. Компания өзге цирктердегі дөңгелек ареналар, жануарлар мен сайқымазақ қойылымдары сияқты классикалық цирк элементтерін пайдаланбады. Олар цирк пен театрдың ең жақсы элементтерін – жоғары деңгейдегі акробатика мен жанды концептуалды спектакльдерді байланыстыру арқылы өзінің жаңа концепциясының жасап шығарды және ескі цирк қойылымдарында қолданылған, жаңа концепцияға сай келмейтін барлық заттардан арылды. Және де, компания өзінің мақсатты аудиториясын балалардан - «төлем жасай алатын» ересектерге ауыстырды. Осылайша, жойылып бара жатырған нарықтың өзгелерге беймәлім болған бөлігін тауып, жаңашылдық енгізу арқылы «Cirque du Soleil» циркі жиырма жылдан аз уақытта «Ringling Bros.» және «Barnum & Bailey Circus.» секілді жүз жылдық тарихы бар алпауыт цирктерден көп табысқа жетті.
Осындай табысты «көгілдір мұхит» құру үшін бірнеше қағидалар қажет:
Біріншіден, нарықтың шекарасын қайта анықтау. Мұны жүзеге асыру үшін алдымен баламалы салаларға назар аудару қажет. Сәйкес баламаны табудың кілті – сатып алушыларды балама салалар арасында таңдау жасауға итермелейтін факторларды көру және түсіну болып табылады. Нарық шекарасын анықтаудың тағы бір жолы: қосымша өнімдерді немесе қызметтерді енгізу мүмкіндігін қарастыру. Мысалы, Borders және Barnes & Noble ірі кітап дүкендері бөлмелерін дивандармен және креслолармен жабдықтау және кафе-барлар ашу арқылы тұтынушылардың қызығушылығын оятты, оларға сатып алу үшін ыңғайлы әрі әдемі орта құрды. Бұл стратегияны қолдану арқылы компания өз тұтынушылар санын көбейте алды, сәйкесінше бизнестің табысы да өсті.
Екінші қағида: сандарға емес жалпы бизнес аумағына қарау. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін компания өз стратегиясын «қызғылт мұхит» нарығына ғана емес, басқа да жолдарды көрсететін жалпы нарыққа қарай отырып құруы тиіс.
Үшінші қағида: бар сұраныстың шегінен шығу. Көптеген компаниялар дәстүрлі түрде қалыптасқан тұтынушы түрінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ал, көгілдір мұхит құруды мақсат еткен компания саланың өзге де тұтынушыларына назар аударуы қажет. Мысалы: «Cirque du Soleil» цирктің дәстүрлі көрермендері, балалардан - үлкендерге, яғни төлем жасауға қабілетті тұтынушыларға ауысты, ал «Касселла Вайнс» шарапты бұрын ішпегендерге сата бастады. Бұл стратегияның ерекшелігі – өзгелер назар аудармаған мақсатты аудиторияны жаулау.
...