Казакстанда туризмдi дамытудын өзекти мәселелерi
Автор: Nazym90 • Сентябрь 13, 2018 • Реферат • 3,619 Слов (15 Страниц) • 466 Просмотры
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қоғам дамуы барысында адамдардың сана сезімін оятуда елімізде бастау алған туризм саласына қатысты сан түрлі концепциялар мен бағдарламалар неге жемісін бермеді деген ой толғандырады. Біздің ойымызша ел туризмінің әлсіз тұстары мен кемшіліктеріндегі жіберілген қателерді мойындай отырып оны жолға қою жолдарына тоқталсақ талдап көрсек. Егемендік жылдарының бастапқы кезеңінде туризм министрлігі (министр Қаратай Тұрысов) жұмысының бастапқы қадамы оң болды. Мазбаев О.Б 9 ай осы құрылымда жұмыс істей отырып алғашқы туризм зерттеу орталығының құрылғаның оның нәтижелі жүмыстарына атсалысқанына куа. Өкінішке орай ол министрлік жойылып туризм саласы 7-8 министрлік қарамағына қолдан қолға өтіп қазір мәдениет және спорт министрлігінде жеке туризм индустрия комитеті болып қалыптасып отыр. Жақын арада «Қазақтуризм» ұлттық компанияның қүрылғаны жақсылықтың нышаны сияқты. Қазіргі таңда осы құрылымдардың жанында ғылыми зерттеу институтының жоқтығы анық. Туризм шаруашылық саласы ретінде ғылыми тұрғыда қарастырыла, алға жылжу қажет. Туризм дамуының , оны іске асыру механизмін жасамай біз қағаз жүзінде туризмді жақын 5-10 жылда ретке келтіре алмасымыз анық. Қазақстандық туризмнің 26 жылдық жұмысын саралау барысында біз географиялық тұрғыда дәлелді мысалдар арқылы осы проблеманың шешу жолдарын қарастырамыз. Туризммен қазір кімдер айналыспайды, маман кадр мәселелері неге шешілмеуде? Осы мәселелер шешілмей аяққа тұсау дүниелер ретке келе алмасы анық. Барлық баспасөз құралдары мен ғылыми зерттеулерде туризмнің табиғи ресурстық әлеуеті айтылып келеді. Жауыр болған инфрақұрылым мен сервистік қызмет тағы да бар. Сондықтанда тындарман қауым төмендегі жайттарға назар аударыңыздар.
Туризм ресурстарды пайдалану жолдары ысырапсыз, жұмыспен қамту орайы өте жоғары, әмбебап өнімділігі жақсы стратегиялық кәсіп. Егемендік алғаннан бері, әсіресе кейінгі жылдары Қазақстанның туризмі дамудың бастапқы қадамына аяқ басты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жаппай өнеркәсіптендіру-индустрияландыру, қалаландыру үрдісі жүргізілуде. Көп салалық тұтынудың қажеттілігі туризмнің дамуына жаңа мүмкіншілік ала келді. Тұрақты даму экономикалық дағдарыс кезінде тек туризм арқылыы оңтайландыруға болады.Туризмнің тұрақты дамуы, ішкі сұранысты арттыру, экономикалық құрылымға реттеу теңеу жүргізуге оң әсерін тигізу үшін төмендегі өзекті мәселелерді ойластыру қажет.
Туризмді ретке келтірудегі басты талап. Мемлекет тарапынан туризмді жолға қоюды біртұтас ойластырумен, өзара сәйкестілікті күшейтіп, дамудың жобасына, құрылымына, орындалу сапасына өзгерістер жасап, туризмді шаруашылық саласындағы страгетиялық тіректі кәсіп ретінде қалыптастыру қажет.Қазіргі таңда үкіметтік Қазақстанның ішкі туризмін дамыту туралыт қаулысы қажет.Жалғыз министрлік ,туризм индустрия комитеті оған қоса Қазақтуризм жеке дара туризм сферасын дамыта алмайды.. Себебі басқа министрліктер осы жұмыстан шет қалып отыр.
Туризм іс-әрекетін ретке келтірудегі негізгі кағидалар. Шаруашылық құрылымы және түзілістердегі кедергілерді анықтап, нарықтың, ресурстардың негізгі рөлін толықтай пайдаланып, даму қарқынын, құрылымын, сапасын және өнімділігін өзара ұштастырып, адамдарды негіз етіп, ішкі туризмді қарқынды дамыта отырып, шекараға қатысты туристік формальділікті шешу қажет. Шекарадан кіретін шетелдік туристерді еркін өтуге ұмтылып, шекарадан өтіп, ел аумағында саяхаттауды тәртіпке түсіріп, әр аумақ (облыс) туризмінің ерекшеліктеріне ресурстық мүмкіндігіне қарай дамытып, сол жерлердің тұрақты даму мәселелерін шешуге бағыттауымыз керек. Ал қазіргі жасалынып жатқан облыстық,қалалық туризмді дамыту бағдарламалары негізінен негізсіз еш зерттеусіз қағаз жүзінде қалатын кезекті бір іс шара.
...