Жай сандардың таралуы және мәлімет
Автор: ainura.kan • Декабрь 28, 2018 • Курсовая работа • 5,296 Слов (22 Страниц) • 770 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………….2-3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………....4-6
I ТАРАУ БОЙЫНША САН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ БОЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.Сандар туралы ұғым……………………………………………......4-6
1.2 Сандардың шығу тарихы…………………………………...........7-11
II ТАРУ БОЙЫНША ЖАЙ ЖӘНЕ ҚҰРАМА САНДАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.2 Жай сандардың таралуы және мәлімет………………….........15-20
2.3 Жай сандар кестесі………………………….........................…..20-22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………….............24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………...25
КІРІСПЕ
Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді,білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп атап өтті Елбасы. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ.
Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», — дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз
Курстық жұмыстың өзектілігі:Математика пәні-бастауыш сыныптағы ең негізгі пәдердің бірі болып табылады. Сондықтан да бала алғаш мектепке келгеннен бастап сан,түрлі амалдарды,қосу мен азайту,бөлу мен көбейту амалдарын тыңғылықты үйрету қажет.Осының ішінде біз балаға ең алғаш сан ұғымын айтамыз, түсіндіреміз.Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті. Жаңа буын математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады.
...