Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Евразия

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  1,262 Слов (6 Страниц)  •  389 Просмотры

Страница 1 из 6

Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.

Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.

Орыс тарихы сақтардан (скиф) басталуы керек пе? деген сұрақ ғылымда бір жақты жауап болмады. Скифологтардың мәселесін шешуде артефактілер басты рөл атқарды. Көне ескерткіштерді археологтар, нумизматиктер, филологтар, лингвистер, өнертанушылар зерттеуге кірісті. Ресей ғалымдарының жан-жақты зерттеулерінің арқасында ортақ бір шешімге келе алмады.

Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мәдениетімен сабақтастығын зерттеуде ауыз әдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография, ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып, тарихтан аластатылды.

Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бәрін төрт топқа бөліп талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып — мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.

Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.

Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде ділін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М.П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.

-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары.Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді... Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл «жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймын. Қазақ халқында, бұрыннан жалғасқан салт бар. Бұл «жеті» санына тіркес болып келеді. Бұл туыстық қатынасқа тікелей байланысты.Бұл «Жеті ата» дәстүрі. Яғни, «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала , немере , шөбере, шөпшек, немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген. Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді. Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.Адамның басты мақсаты – өз ұлтының, өз жерінің мәдени ұстындарына сүйене отырып, өз бойындағы қасиеттірді дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру. Яғни мәдениет өмірдің тиянақтылығын, тұрақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын қамтамасыз ететін үлкен институт болып табылады. Ал қазіргі таңда қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық секілді белгілердің көбейіп кетуіне байланысты соңғы онжылдықтарда осы мәдениет феноменіне қызығушылық артып отыр. Бүгінгі қоғам өмірінде жиі көрінетін жағдайлар – ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік танытуы, бір мемлекеттің азаматтары бола тұра, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымдарға бөліну, бірін-бірі белгілі бір себепсіздіктерге байланысты жек көру секілді құбылыстар теріс бейсаналық пен түрлі келеңсіздіктерге жол ашып жатыр. Бұл қоғам, мемлекет, әлем бойынша орын алуда. Міне, қоғамдағы мәдениет функцияларының бірі – осындай қоғамдық немесе жеке әрекет түрлерін реттеу болып табылады. Яғни мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді [1]. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени нысан оқшау, мәңгіге берілген үлес емес. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады. Ал қазақ мәдениетін әдептік құндылықтардан тыс талдау мүмкін емес. Мысалы, «Мәдениеттану» оқулығының авторлары егер Батыста – рационалды ғылым, Шығыста – жантану өрістесе, онда қазақ сахарасында «адам болу» ұстанымы алдағы қатарда болған. Сол секілді дана халқымыздан «Адам әдебімен көрікті» деген сөздің қалуы да тегін емес. Демек, ұлттық мәдениет және руханиятымыздың негізгі көзіне адами ізгіліктер мен әдептілік белгілері кіреді. Әсіресе, ұлтымыздың мәдени өміріндегі мұсылмандар дүниетанымына жататын әдептілікті жіктейтін болсақ, оның ең бірінші қозғаушы күші деп адам мен пенде ұғымдарын ала аламыз. Адамға келсек, ол құдіреті күшті жаратушының ықпалымен дүниеге келген жанды жаратылыс. Барлық адамзаттың түп тамыры. Сондықтан ол кез келген елдің пәлсапасында тектілік ұғымымен түсіндірілетін сипатқа ие. Алла тағала адамды топырақтан жаратқан және оған өзіндік мән мен жан берген. Күшті адам ол – рухани бай адам. Осындай мақсат тұтатын пенде туралы қазақ халқын зерттеуші Қ. Жарықбаев өз ойларын былай түсіндіреді: «Ақылы бар адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыт-бағдары бар, кез келгеннің артынан еріп кетпейді. Салмақтылық, тұрақтылық, мінезділікке – адам ауадай зәру. «Қайда болсаң да өзіңді тізгіндей білу», «Тұлға болу үшін батырлық пен қатар ақпейілдік те керек», «Сабырлық – жақсы қасиет»

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (91.6 Kb)   docx (217.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club