Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геоэкологиялық аудандастыру

Автор:   •  Июнь 4, 2024  •  Реферат  •  1,300 Слов (6 Страниц)  •  90 Просмотры

Страница 1 из 6

                                       [pic 1]

                                «ALT педогогикалық колледжі»

[pic 2]

                               

        

   Тақырыбы: Геоэкологиялық аудандастыру.

                                                     Орындаған: Советхан Айбол      

                                                            Қабылдаған: Іскендірова Айдана

                                   Алматы 2024

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  1. Қоршаған ортаның экологиялық қауіптілік деңгейі.
  2. Аймақты геоэкологиялық аудандастырудың негізіне жататындар.
  3. Қазақстан аумағын геоэкологиялық аудандастыру.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

                                   КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен жаңалығы.

XXI ғасырда ғылым мен техника дамыған заманда мемлекеттердің арасындағы экономикалық және басқа да салалардағы бәсекелестік күн сайын артып келе жатыр. Міне, осындай жағдайда халықаралық қатынастарда әр мемлекет өзінің географиялық еңбек бөлінісі бойынша өздерінің артықшылықтарын дамытып, экономикалық  бәсекелестікке түсіп отыр. Сыртқы сауда -халықаралық экономикалық қатынастардың ең басты саласы болып табылады. Сондықтан, сыртқы саудадағы ұтымдылық, ұткырлық мемлекеттердің экономикасының дамуының негізгі кездерінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің сыртқы саудасының дамуы ол отандық өндірістің дамуына тікелей байланысты. Отандық ғылым мен техника дамыған жерде, отандық өндіріс дамиды. Отандық экономиканың дамуы сыртқы сауданы арттырады. Сыртқы сауданың дамуы мемлекеттің ұлттық қорын байытады.

Әлемдік деңгейде сыртқы сауда жыл сайын артып, түрленіп келе жатыр. Сондықтан, сыртқы саудаға мән беріп дамытқан мемлекеттер өзінің экономикалық қуатын үнемі арттыру үстінде. Ғылым мен техника, соның ішінде интернеттің дамуы сыртқы сауданы барынша тездетіп және оңтайлы етіп отыр. Соның бірі, болашақтағы адамзат үшін ең маңызды сауда түрі болып табылатын - электрондық сауда. Электрондық сауда жалпы интернет арқылы істелетін кез - келген сауда түрі. Ол мемлекет ішінде де, халықаралық саудада да күн сайын ауқымы артып келеді. Электрондық саудасының дамуы мемлекеттің экономикасының дамуының бір көрінісі. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ұлттық экономикасын дамытуда осы электрондық сауда нарығын дамыта түсуі керек. Электрондық сауда нарығы тек қана шаруашылық емес, ол іскерлік қарым қатынастардың дамуы және сауда қарым қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуының көрсеткіші болып табылады.

Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз – адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи – антропогендік ландшафтылардың немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы. Геоэкологиялық аудандастыруда- аудандастыру әкімшілік шегараларға бағынбайды, әрбір табиғи шаруашылық шегіндегі экологиялық жағдайын сипаттау барысында сол аудандағы табиғи – ландшафтылық әркелкілік негізге алынады.

Геоэкологиялық аудандарды ажырату кезінде ескерілетін экологиялық жағдайлар мен ерекшеліктер:

• Экологиялық жағдайдың таралымы мен үйлесімі

• Экологиялық қатынастар

• Тарихи жағдайлар

• Табиғи ерекшеліктер

• Этникалық қатынастар

• Шаруашылық іс-әрекеттер

• Әлеуметтік экономикалық жағдайлар

Геоэкологиялық аудандастыру белгілі бір аумақты экологиялық бағалауда көрініс табатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қазіргі жағдайдың кеңістіктік заңдылықтарын көрсетуге арналған. Шегінде сол немесе басқа геоэкологиялық жағдай қарастырылатын аймақтардың табиғи қасиеттерінің біртектілігі біртекті геожүйелер шекарасында табиғатты қорғау шараларының бірдей біртекті жүйесін ұсынуға мүмкіндік береді. Соңғылары географиялық ортаның экологиялық тұрақсыздануын болдырмауға немесе оның динамикалық тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қалпына келтіруге бағытталған Қазақстан Кенді Алтайы (КРА) кіретін таулы аймақтардың күрделі табиғи-географиялық аймақтарында геологиялық жағдайлардың біртектілігінің критерийі ретінде біз өзара байланысты және әртүрлі жастағы құрылымдық-геологиялық түзілімдер кешенін қабылдауға мәжбүрміз. Геоэкологиялық аудандастырудың негізі ретінде мыналар пайдаланылды: ландшафт картасы және ҚР табиғи ортасының экологиялық тұрақсыздану картасы. Н.Ә.-ның еңбектері де пайдаланылды. Гвоздецкий мен В.А. Николаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының әзірлемелері, деректері А.В. Чигаркин, Шығыс Қазақстан университетінің қызметкерлері А.С. Чурсин, А.В.Егорина, т.б.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (168 Kb)   docx (273.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club