Геоэкологиялық аудандастыру
Автор: Innakak • Октябрь 18, 2021 • Реферат • 1,044 Слов (5 Страниц) • 10,252 Просмотры
Пән атауы: География Сабақтың тақырыбы: Геоэкологиялық аудандастыру Тобы: ШТ-105 Күні: 18.10.21 Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз адам әрекеті әсерінен өзгеріске ұшыраған, адам тіршілігі тұрғысынан алғанда қолайсыз деп саналатын қазіргі табиғи антропогендік ландшафтылардың немесе геожүйелердің кешенді аудандастырылуы. Бұл аудандастыру әкімшілік шараларға шегараларға бағынбайды, әрбір табиғи шаруашылық шегіндегі экологиялық жағдайды сипаттау барысында сол аудандағы табиғи ландшафтылық әркелкілік негізге алынады.
Геоэкологиялық аудандастыру нақты бір регион немесе геожүйелердегі экологиялық жағдайдың қаншалықты шиеленісті екенін көрсетеді. Жалпы алғанда қоршаған ортадағы адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қалыпты жағдайдың өзгеруін, табиғат ресурстарының жұтаңдануы немесе жойылуын, геожүйелердің негізін құрайтын компоненттердің түрлі өзгерістерін қамтиды.
Геоэкологиялық шиеленістер геожүйе шегіндегі ішкі құрылымдардың бұзылуынан, сонымен қатар антропогендік өзгерістер әсерінен де пайда болуы мүмкін. Қазақстан жеріндегі экологиялық жағдайдың белең алуы қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштерін геоэкологиялық тұрғыда түбегейлі қайта құру қажеттілігін анықтайды. Қазақстан аумағындағы мүмкіндігінше шектелген экологиялық жүктеме көрсеткіштеріне негізделе отрып, экологиялық шиеленістің бес деңгейін көрсетуге болады.
Экология лық шиеленіс деңгейі | Табиғи ортадағы экологиялық шиеленістердің критерийлері | Гео жүйенің бұзылуы, % есебімен | Кіретін аймақтар |
Апатты деңгей | Көптеген табиғат компоненттерінің түбегейлі, қайтымсыз өзгерістері тән аумақтар | 81-100 % | Арал теңізінің қазіргі, бұрынғы акваториясы, Кенді Алтайдың өндірістік ареалы; Семей ядролық полигоны; Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауы |
Қауіпті деңгей | Көптеген табиғат компоненттерінің үлкен, алайда қайтып қалпына келтіруге болатын өзгерістері тән аумақтар | 61-80 % | Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Теміртау, Шымкент өндірістік ареалдары; Алматы, Қарағанды қалалары, Соколов Сарыбай, Павлодар, Екібастұз өндірістік кешендері, Жетібай Өзен, Теңіз мұнай өндіру және мұнай химия кешендері, Байқоңыр ғарыш полигоны; Арал теңізіндегі Возрождение аралы; Ертіс, Сырдария, Нұра, Арыс өзендері, Балқаш көлі |
Шиеленіс кен деңгей | Жекелеген табғат компоненттері едәуір қолайсыз өзгерістерге ұшырап, алайда қалпына келтіруге болатын аумақтар тән | 41-60 % | Ембі, Ақтөбе мұнай өнеркәсібі алабы; Қарашығанақ газ конденсат кен орны; Ақшатау, Атасу Қаражал, Жаңатас Қаратау, Қашар, Саяқ, Текелі, Жетіқара өндірістік аймақтық кешендері; Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Семей қалаларының урбо өндірістік кешендері, Қапшағай, Шардара су бөгендерінің аквальды кешендері, Іле, Шу өзендері |
Қанағат танарлық деңгей | Табиғат компоненттері айқын, алайда тез арада қалпына келтіруге болатын өзгерістер тән аумақтар | 21-40 % | Нұр Сұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Петропавл, Орал қалаларының урбо өндірістік кешендері; Есіл, Талас, Тобыл, Сарысу, Жайық өзендерінің аквальды кешендері |
Қолайлы деңгей | Қолайсыз экологиялық өзгерістер байқалмайтын аумақтар | 0-20 % | Қазақстанның халық аз қоныстанған аймақтары: шөлейттер, шөлдер, тайлы аймақтар т.б. |
...