Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік экология

Автор:   •  Май 14, 2018  •  Реферат  •  1,322 Слов (6 Страниц)  •  1,861 Просмотры

Страница 1 из 6

Өндірістік экология – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарын және күрделі жүйелерді зерттейтін ғылым.  Сондай-ақ басқа да шаруашылық объектілер және барлық өмір сүретін аумақтағы организмдерді қамтиды.         Өндірістік экологияның  мақсаты: қоршаған ортаның өндірістік кәсіпорындар туындаған келтiрген залалын барынша азайту болып табылады. Адамзат қоршаған ортаны кеннен және көмірден, газдан және мұнайдан, құрылыс материалдары, су және азық-түлік, оттегі және ағаш және тағы басқалар сияқты көптеген табиғи заттардан алады.

Наубайхана кәсіпорындары атмосфераға зиянды заттарды шығарады, олардың құрамында:

а) шикізатты дайындау, сақтау және қабылдау кезінде түрлі органикалық тозаңдар (ұн, қант);

б) қамырды ашыту кезінде этил спирті және көмірқышқыл газдарының булары;

в) нан-бөлішке пісіру кезіндегі этил спирті, ұшқыш қышқылдар ( сірке қышқылы), альдегид булары;

г)  қалыпты және таба нан пісіру кезінде акролеин;

д) пісірілген өнімдерді суыту және сақтау кезінде этил спиртінің, ұшқыш қышқылдардың (сірке қышқыл), альдегидтің булары (сірке қышқылы);

е) отын ретінде табиғи газды пайдаланылған кезде,  нан пісіру пештерінен көмертек тотығы және азот тотығы;

ж) жанама өндірістен - сүрек тозаңы, дәнекерлеу аэрозолі, марганец тотығы, аммиак, көміртек тотығы, азот тотығы, сілті булары.

Қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығаруды – заттарды атмосфераға шығарудың шекті ұйғарынды шамасын орнату жолымен нормалау (ҰШО). ҰШО– қала немесе басқа елді мекеннің атмосфераны ластау көзінен алынған  уақыт бірлігіне келетін зиянды зат қалдықтарының массасы. Мұнда өнеркәсіптің даму келешегі және адам, өсімдік және жануарлар әлеміне зиянды келетін шекті концентрацияның пайда болуына ықпал ететін, зиянды заттардың атмосфераға шашырауы ескеріледі. ҰШО атмосфераның ластануын алдын-алу шараларын және экологиялық сараптамаларды жүргізу негізі болып табылады. ҰШО нормативтері жалпы кәсіпорын үшін, реконструкцияланып жатқан, жобаланған және әрекет етуші ластау көздерінің ҰШО мәндерінің қосындысымен анықталады [51].

Технологиялық қалдықтар – этанол, сірке қышқылы, сірке альдегиді –негізінен пруферлерде, пештерде және нандарды суыту кезеңдерінде бөлінеді. Бұл заттардың булары нан пісіру камераларынан ауа тартқыш каналдар арқылы табиғи тарту күшімен шығарылады және атмосфераға металл құбырлар, биіктігі 10-15 метрден төмен емес шахталар арқылы шығарылады.

Наубайхана өнеркәсіптерінде отынды тікелей оттық ретінде нан пісіру пештерінінің құрылғыларында каналдық жүйелерді және нан өнімдерін пісіру процессі жүзеге асырылатын нан пісіру камерасын қыздыру үшін, өндіріс және технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалатын бу және ыстық алу мақсатында қазандарды жағу үшін де жұмсалады.

Пеш және қазандардың түтін мұржалары бір ортақ құбыр болып қосылған болса, әдетте технологиялық процесстер компонеттер бар екендігін білдіреді.

Ұн тозаңының қалдықтарының барлық көздері қоймаларда болады. Бұл аспирациялық құрылғылары (жеңдік сүзгі, циклондармен қатар)  болған жағдайда – ұйымдасқан және ұйымдаспаған (терезелер және т.б) көздері болуы мүмкін.  

Өндірістік ағынды сулар нан пісіру зауыттарында шикізаттарды (жұмыртқа,изюм және т.б), технологиялық жабдықтар және науаларды жуу нәтижесінде пайда болады. Өнімділігі 20 т нан болатын наубайханалар мен нан зауыттары үшін өндірілетін өнім бірлігіне келетін ағын сулардың жылдық орташа мөлшері, тікағынды жүйе бойынша тәулігіне 3,9, соның ішінде өндірістік - 3,3, шаруашылық-тұрмыстық - 0,6 құрайды, ал өнімділігі 30-дан 140 тоннаға дейінгі өндірістерде тәулігіне 2,3 - 1,5, соның ішінде өндірістік-2,2-1,2, шаруашылық-тұрмыстық - 0,6 -0,3  құрайды. Ағындардың жаз және қыс мезгілінде түсу әркелкілігі бірге тең. Нан зауыты ағындары ластану деңгейлеріне қарай ұн және ұн қоспаларымен ластанған сулар және жылу алмасу аппараттарын суыту кезінде пайда пайда болған, спецификалық ластанған, сонымен қатар шаруашылық-тұрмыстық суларға жіктеледі. Ағынды сулардың ластану деңгейлері кейбір деректер бойынша әртүрлі болып келеді [54].[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6]

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (109.5 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club