Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоршаған ортаның улы өнеркәсіптік ластағыштары

Автор:   •  Май 17, 2022  •  Реферат  •  601 Слов (3 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 3

  Қоршаған ортаның улы өнеркәсіптік ластағыштары

            Біз- яғни адам  баласы  пайда  болғаннан  бастап, сонау  заманнан, дәл  қазіргі  сәтке  дейін, оның  тіршілікке  деген  талпынысы  үшін  жасаған  әрекетінің  барлығы, бізді  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыстырушы  болып  келеді. Тек  бұл  ғана  емес  әрине, біздің  айналамызда  болып  жатқан  құбылыстардың  барлығы  бізді  қоршаған  орта  болып  табылады.  Қоршаған орта  деп  жалпылама  айтылғанымен, барлығы  бірдей  пайдалы  зиянсыз  деген  сөз  емес. «Таяқтың  екі  ұшы  бар  демекші» тура  солай  әрбір  заттардың  да, пайдасы мен  зияны  болады. Мысалы: табиғат пен адамды  алып  қарасам, екеуі  бір-біріне  тәуелді  құбылыс  деп  айтар  едім. Себебі: «табиғатсыз адам-адамсыз табиғатты елестету» миға  симайтын  дүние  болып  көрінеді, мен  үшін.  Әсіресе  дәл  қазіргі  уақытта табиғи, таза  өнім  көздері  азайып, улы  кері  әсерін  көрсететін  заттар  көбейіп  барады.

          Осы  тұста  менің  бір  қосар  өзіндік  ойым,  біз  неге  қалдықты  өнімді-қалдықсыз  өнімге  айналдырмасқа  деген  ой  келеді  басыма. Алысқа  барып  керегі не, осы  эссе  тақырыбының  өзі  атында  айтып  тұрғандай «қоршаған  ортаның  улы өнеркәсіптік  ластағыштары» деп, мен  өзіміздің  осы  Семей  қаламызда  орналасқан, әртүрлі  сынақ  алаңдарын  айтар  едім. Соның  кесірінен   кері  әсерін  әлі  күнге  дейін  кейбір  жандар  көріп  келеді.  Одан  бөлек  әр кез  сынақ  жасағанда, ол  заттан  бөлінетін  «улы  ластағыштар» ауаға  тарап, ауаны ластайды. Ал  ауаға  тараған  дүние  барлық  адамдарға, жалпы  бойында  жаны  бар дүниеге,  кері  әсерін  тигізбесе, пайдасын  тигізбейтіні  анық. Осының  салдарынан  қаншама  мүгедек  балалармен, денсаулық  жағдайы  төмен  қарттарымыз, тіпті  керек  десеңіз  оның  арасында  кейбір  жастар да, бар. Бұның  бәрі  күрделі  әрі  қиын  дүние  көрінгені  сияқты, кері  әсері  тисе  одан да, қиын  болатыны  аныққой. Сондықтан  осындай  улы  заттар  бөлетін, қалдық  көп  қалатын  өнеркәсіптерді  мейлінше  қала, үй, ауыл  маңынан  барынша  алыс, әрі  ол  жаққа  көп  адам  аяғы  баспайтын  жақта  жасаған  дұрыс  деп  ойлаймын.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (59.5 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club