Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындар

Автор:   •  Февраль 27, 2018  •  Реферат  •  2,371 Слов (10 Страниц)  •  3,418 Просмотры

Страница 1 из 10

I Кіріспе

Ет өнеркәсібі тамақ өнеркәсібінің ішіндегі халықты азық-түліктермен қамтамасыз ететін ең ірі салаларының бірі саналады. Ол тамақ өнеркәсібінің ¼-ін құрайды.  Жыл сайын ет және ет өнімдерінің шығарылуын арттыру мақсатында жаңа ет өңдеу кәсіпорындары ашылып жатыр. Сонымен қатар жыл сайын автоматтандырылған, механикаландырылған, заманауи стандарттарға сай келетіндей техникалық жабдықталумен қамтамасыз етіледі.

Сапалы ет өнімдерін өндіру – күрделі комплексті мәселе.  Оның шешімі ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеудің қалдықсыз және комплексті технологияларын қолдану  мен болашақтағы өңдеу технологиясының автоматтандырылған, еңбек және энергетикалық шығындарды азайтып, өндірістік тәртіпті сақтауына байланысты.

Сойыс малдарын өңдеуге арналған мамандандырылған кәсіпорындар – ет өңдейтін, желатинді және желімді заводтар, малға арналған жем шығаратын, техникалық май, тыңайтқыштарды шығаратын утилизациялайтын кәсіпорындар

Ет өнеркәсібінің негізгі кәсіпорны болып ет комбинаттары саналады. Ол ет өңдеу, етмай өңдеу және тоңазытқыштық бөлімдерден тұрады.

Өндіретін қуатына байланысты ет комбинаттары шағын (бір маусымда 50 тоннаға дейін), орташа ( бір маусымда 50-100 тонна) және ірі ( бір маусымда 100 тоннадан аса) деп бөлуге болады.

Өндірістік типіне байланысты барлық ет өңдеу кәсіпорындары негізгі және қосалқы өндірістерден тұрады[1].

II Негізгі бөлім

2.1 Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындар

Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындарды сою кәсіпорындары деп те  атайды. Осы кәсіпорындар үшін негізгі шикізат ретінде сойыс малдарын сойылады.  Ет өңдейтін кәсіпорындарды  өнеркәсіптік мүддеге қарағанда  вет-санитарлық талаптар жоғары қойылатын кәсіпорын ретінде қарастыру керек. Олардың үлкен ветеринарлық және экономикалық маңызы бар.

Бұл кәсіпорындардың негізгі ветеринарлық-санитарлық мәні халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған. Сойыс малдарын сою және өңдеу технологияларын, сонымен қатар халық игілігіне арналған дайын өнімдерді шығару жұмыстарын, ветеринарлық-санитарлық бақылауды дұрыс ұйымдастыра отырып, сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындар адамдарға ет арқылы жұғатын инвазиялық және инфекциялық аурулардың, азықтық токсикоздар мен токсикоинфекциялардың алдын ала отырып өнімдердегі санитарлық жағдайды қамтамасыз етеді.

Маңызы рольдердің бірі жануарлардың гельминттерімен және эпизоотологиялық ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыратын сою кәсіпорындары атқарады. Жануарларды қабылдау және уақытша сақтау бөлімдеріндегі жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық бақылау ауру және ауруға күдікті малдарды анықтауға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар  әкелінген сойыс малдарының ішінде ауруды анықтаған кәсіпорынның ветеринарлық қызметкерлері әкелінген жердегі ветеринарлық органдарын хабардар етуі тиіс.

Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындарының экономикалық маңызы  сойыс малдарының барлық шикізаттарын қалдықсыз толық пайдалануы болып табылады.сойыс малдарын  сойыс маладарын өңдейтін кәсіпорындарынан басқа жерлерде сою  халық шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, себебі бұндай жағдайда сойылғаннан кейінгі керекті құнды шикізаттардың ( қан, асқаза, ішектер, сүйектер, тері) қолданылмай тасталынуы. Сондай-ақ малдарды сойыс пунктерінен басқа жерлерде сою салдарынан еттің сапасы төмендейді. Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындарада мынадай негізгі талаптар орындалады:

1) вет-санитарлық тұрғыдан сапасы жоғары ет өнімдерін шығару;

2) халықты ет және ет өнімдері арқылы адамдарға берілетін аурулардан сақтау;

3) қоршаған ортаны ластанудан қорғайтын профилактикалық шараларды жүргізу[2].

2.2 Сойыс малдарын өңдейтін кәсіпорындарының түрлері

Біздің елімізде  мынадай кәсіпорын түрлері бар:1) ет комбинаттары; 2) тоңазытқыштық қасапхана; 3) қасапхана; 4) сою пункттері; 5) сою алаңдары; 6) құс комбинаттары; 7) ет өңдеу заводтары; 8) шұжық заводтары; 9) консерві заводтары.

Ет комбинаттары – малды (құсты, қоянды) соятын және одан тағамдық, техникалық, мал азығын, дәрілік өнімдер шығаратын өнеркәсіп орны.  Ет комбинатында механикалық және автоматты құрал-жабдықтар қолданылып,  санитарлық тазалық жағдайлары қатаң сақталуы тиіс.  Өнім шығару мүмкіндігіне байланысты ет комбинаттары бірнеше дәрежеге бөленеді..  Өндірістік қуатын бойынша ет комбинаттары  5 категорияға жіктеледі. I категория – жылына 35 мың тонна ет, шұжық және басқа өнімдер  өндіретін кәсіпорындар, II категория –20-35мың тонна, III дәрежелі – 8-20 тонна,  IV категориялы- 3-8 мың тонна,V категориялы – 3 мың тоннаға дейін.

...

Скачать:   txt (34.7 Kb)   pdf (236.5 Kb)   docx (34.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club