Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сапаның басқару әдістері

Автор:   •  Октябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,528 Слов (7 Страниц)  •  1,318 Просмотры

Страница 1 из 7

Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді.

Сапаны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және

маркетингті басқарамыз.Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының өзекті қажеттілік-тері үшін оңтайлы.Енді оған тығыз өзара байланыспен қоса жаңа экономикалықкөзқараспен қарау қажеттілігі туындады.

Қазіргі таңда, өнім шығарушылар өздерінің нарықтық ортаға бейімделулері мен орын алуына ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төзімді, сапалы өнім

шығару керек екендігін түсінген кез туды. Сапа мәселелеріне назар

аудармаған кез келген кәсіпорындардың істері алға баспайды, тіптен

мемлекет тарапынан бөлінген жәрдем қаражаты да дәрменсіз келеді.

Нарықтық экономиканың шарттарының бәсекелестігі сапа мәсе-

лелеріне үлкен назар аударуға мүмкіндік беруде. Бәсекелестіктің

орындалу әдісі бойынша, оны бағалы (бағаның түсуі, түсіру жолымен

бәсекелестікті анықтау) және бағасыз деп бөледі. Осы бойынша сол

бағаға сапа параметрлері жоғары және кешенді шарттары бар басқа

тауар ұсынылады, ал оны маркетинг тілімен айтқанда «ұсынылмалы

тауар» – деп атайды.Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі бәсекелестік, сапаны көтеру бағдарламаларын жасаумен ерекшеленеді. Кәсіпорынның өнімді қажетті сапалық сипаттамалармен шығару қабілетін бағалау үшін объективті көрсеткіштерді дайындау қажеттілігі туындады.

Көптеген кәсіпорын-өндірушілер халықаралық стандарттарға сәйкес

сапа жүйесіне ие. Қазіргі таңда өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификат – өнімді жеткізуге келісім жасау үшін шешуші фактор. Сапалы өнімге сәтті түрде ие болу, кез келген кәсіпорынның

өмір сүруінің басты көзі болып табылады.

Сапаны басқару жүйесіндегі өндіруші түсінігіндегі сапа мен

тұтынушы түсінігіндегі сапа өзара бір-бірімен байланыста бола-

ды. Олардың негізгі айырмашылығы командалық – әкімшілік және

нарықтық экономика жағдайларымен анықталады.

Сапа экономикасының командалық әкімшілік шарттары өндіруші-

нің позициясымен анықталса, нарықтық экономикада тұтынушының

позициясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну үдерісінде

көрінуі мүмкін. Тұтынушының шарттарымен сәйкес өнімнің сапа

түсінігі дәл нарықтық экономика шарттарында көрінеді.

Нарықтық экономикада өндіруші мен тұтынушы нарықта бір-бірін

өздері табады, олардың қызметінің бағытталуы қаржылық ұтыс пен

тұтынушылық тиімділікті арттыруға негізделген. Соған байланысты

тұтынушы әртүрлі өндірушілердің жақсы тауарлары арасында таңдау

құқығына ие. Басты тұлға болып табылатын тұтынушы өз қалауына

сәйкес тауарлар мен қызметтерге ие бола отырып, өндіріс бағытының

дамуын анықтайды. Сапа мәселесін көтере отырып, айта кететін жайт, бұл түсініктің артында барлық жағдайда тұтынушы тұратынын ескерген жөн. Дәл осы адам тұтынушылық құқықтардың жақсысын таңдайды.

Өндірістік өнімнің қолданылу тиімділігі мен сапасы арасында

тікелей байланыс бар. Жоғарғы сапа өнімнің қолданылу тиімділігі

өмірлік шығындар мен нарық үлесін көтере отырып, сапаның көтері-

луіне сәйкес келеді.

Сапаны басқару тәжірибесі мен теориясында екі мәселе қарастырылады: өнім сапасы мен сапа менеджменті.

Сапаны қамтамасыз ету ауқымды шығындарды талап етеді.

Алғашында сапа шығынының негізгі үлесі физикалық еңбекке тиеді.

Бірақ қазіргі кезде зияткерлік еңбектің үлесі жоғары.

Сапа мәселесі ғалымдардың, инженерлердің және менеджерлердің

қатысуынсыз шешілмейді. Сапаға кәсіпті әсерлердің барлық құрау-

шыларының үйлестірілген сәйкестігі болу керек.

Машина жасаудағы сапа басқару (жобалау, сараптама, бақылау) мен

басқарма сапасына тәуелді кәсіпорынның қызмет атқаруын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Сапаға басшылықтың жауапкершілік деңгейін ИСО 9000 халықаралық стандарттары анықтайды. Кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясатты дайындауға, нақты анықталып, құжаттармен

рәсімделетін сапаны басқару жүйесін енгізу және қызмет атқаруына

...

Скачать:   txt (24.8 Kb)   pdf (103.1 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club