Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в Зайсан ауданы Зайсан қаласында ТЖД ОС “АҚЖҚ” №25 “

Автор:   •  Октябрь 1, 2019  •  Отчет по практике  •  2,252 Слов (10 Страниц)  •  556 Просмотры

Страница 1 из 10

Мазмұны

1.Кіріспе...............................................................................................................3

2. Өндірістің сипаттамасы.................................................................................4

3. Технология жүйесі.........................................................................................5

3.Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.............................................................................................................6

4. Құқықтары және міндеттері..........................................................................10

5.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары..................................11

6. Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары......12

7.Төтенше жағдайларды жою жұмыстары.......................................................13

8.Қорытынды......................................................................................................15

9.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................16

Кіріспе

        Мен Слямбеков Нұртілеу Жұмағалиұлы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің “ Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ” мамандығының 3-ші курс студенті 12.06.2019 бастап 17.07.2019 дейін Шығыс Қазақстан обылысы Зайсан ауданы Зайсан қаласында ТЖД ОС “АҚЖҚ” №25 “ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары” бойынша қызымет ететін мекемесінде өндірістік іс-тәжірбиеден өттім.

        Бұл практикада кәсіпорын тағайындаған жетекшім Мұсылманбеков Сымбат Маратұлымен бірге оқу орным тағайындаған міндеттемелермен танысып үйрендім.

1.Өндірістің сипаттамасы

Қазақстанның тәуелсіздігін алуы, қоғамдық қатынастардың барлық негіздерінің терең түрде қайта құрылуы халық пен аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесі мен еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуын міндетті түрде қажет етті. Осы тұғырнамада аталған қайта құрулардың негізгі деңгейлері, АҚ және ТЖ саласында, мемлекеттік басқару органдарының құрылымында, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымында уәкілетті арнайы мемлекеттік органның ТЖ алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің рөлі мен орны жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысының  Зайсан ауданың Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, аудан аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аймақтық бөлінісі болып табылады.

Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

2.  Технология жүйесі

Өрт сөндіру және авариялық құтқару мекемесі қарастырады:

-төтенше жағдайда 24 сағат тұрақты дайындық және шұғыл түрде автокөлікпен шығуға дайын болу;

-төтенше-құтқару жұмыстарын жеке құраммен бұйрық арқылы жүргізу;

-арнайы төтенше-құтқару белгісі бар киім;

Өрт сөндіру және авариялық құтқару мекемесі заңды тұлға болып табылады. Мекеме өзінің атына берілген ағымдағы шот, басқада банктің шоттар, мөр, бланкты пайдалана алады. Жедел бөлімшелер әскери-құтқару жасақтары, взвод, отрядтары тұрады. Бөлімшелер мен басқару орталықтандырылған. Штаб басқарушы орган болып табылады.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару мекемесінің бастапқы жедел бірлігі болып әскери-төтенше бөлімшесі. Бұл бөлімше 8 адамнан тұрады. Оның ішінде бөлімше командирі, құтқарушылар респираторы және жедел көлік жүргізушісі.

Жинақтау ҚР “Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі ” заңына сәйкес жүргізіледі. Жеке құрамы ерікті негізде жинақталады, жедел әскерилендірілген және әкімшілік-техникалық болып бөлінеді. Әскерилендірілген жедел құрамға тікелей авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін тұлғалар, ал қалған барлық бөлімшелерге жеке құрам жатады. Лауазымдардың тізбесі, қолданылатын құтқарушы мәртебесі қосымшаға сәйкес айқындалады.

...

Скачать:   txt (37.9 Kb)   pdf (166.6 Kb)   docx (725.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club