Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

35/10 кВ "Зайсан" қосалқы станциясы жұмысына анализ

Автор:   •  Февраль 15, 2023  •  Реферат  •  2,665 Слов (11 Страниц)  •  266 Просмотры

Страница 1 из 11

КІРІСПЕ.

Экономиканың серпінді дамуы жағдайында тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және электрмен жабдықтау жүйелерінің энергия тиімділігіне, әсіресе қалалық инфрақұрылым объектілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, жекелеген өндірістер ауқымының төмендеуіне және технологиялық процесті оның жекелеген кезеңдерінде ғана қамтамасыз ететін көптеген шағын кәсіпорындардың пайда болуына байланысты электрмен жабдықтау желілерінің тармақталуы артады.

Қосалқы станциялардағы ескі жабдықтар жоғары қуатты жабдықтармен ауыстырылады. Сонымен қатар, ірі энергия объектілерін салу әрдайым экономикалық тұрғыдан мүмкін емес, мысалы, егер объект халқы аз ауданда болса және бір ғана ірі тұтынушыға қызмет көрсетуі керек болса. Бұл жағдайда жаңа орташа қуат көздерін салу, қосалқы станцияларды кеңейту және қайта құру процесінде жабдықтың қуатын арттыру оңтайлы болып табылады.

Өндірістерді электрлендірудің ағымдағы үрдістерін талдауда энергиямен жабдықтаудың сенімділігі үздіксіздік, төзімділік және қауіпсіздік сияқты қасиеттерге байланысты екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау желілерін модернизациялаусыз және жетілдірусіз, электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету, заманауи жабдықтар мен жаңа автоматты басқару және микропроцессорлық қорғаныс жүйелерін пайдалану мүмкін емес.

Бітіру біліктілік жұмысының мақсаты 35/10 кВ "Зайсан" төмендеткіш қосалқы станциясының жоғары вольтті аппараттарын таңдап электр бөлігін реконструкциялау жобасын әзірлеу болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынандай тапсырмаларды орындауым қажет:

  1. "Зайсан" қосалқы станциясы жұмысына анализ жүргізу.
  2.  Ауданның тұтынатын қуатының өсуін ескере отырып, электр жүктемелерін есептеу.
  3. Қысқа тұйықталу токтарын есептеу.
  4. Қосалқы станцияның жоғары вольтты электр жабдықтарын таңдау.
  5. Релелік қорғаныстың микропроцессорлық блоктарын таңдау және күш трансформаторын қорғау үшін блок параметрлерін есептеу.
  6. "Зайсан" қосалқы станциясының найзағайдан қорғанысын және жерге тұйықталуын есептеу.

1-Бөлім. 35/10 кВ "Зайсан" қосалқы станциясы жұмысына анализ.

35/10 кВ "Зайсан" қосалқы станциясы 1971 жылы пайдалануға берілді. Қосалқы станцияда пайдалану уақытында жабдықты ауыстыру және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ. Жабдықтың пайдалану мерзімі 25 жылды құрайды. 2006 жылы 35/10 кВ "Зайсан" қосалқы станциясында жабдықтардың жекелеген түрлеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта "Зайсан" 35/10 кВ ҚС қосылған тұтыну қуаты мынаны құрайды  . Олай болса , Қосалқы станцияның жүктелу коеффициенті . Мұндай шамадағы жүктелу коэффициенті қосалқы станцияның қалыпты жұмыс режимінде рұқсат етіледі.[pic 1][pic 2]

Реконструкциялау жобасын әзірлеу кезінде қоректендірілетін ауданның электр жүктемелерінің ықтимал өсуін бағалау және күштік трансформаторлардың ұзақ қызмет ету мерзімін (36 жылдан астам) ескеру қажет.

"Электр энергиясын тұтынушылар бойынша тарату "Зайсан" қосалқы станциясына кабельдік және әуе желілерімен қосылған 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардан жүзеге асырылады. Кернеуі 10 кВ тарату желілері сақина схемасы бойынша жасалған. Ауданда техникалық жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, жүктемесі 50-70% болатын             10/0, 4 кВ-тық 27 трансформаторлық қосалқы станция бар"[2].

Зайсан ауданының электр энергиясын тұтынушылары тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, сыртқы жарықтандыру объектілері және шағын өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады.

"Электрмен жабдықтау сенімділігінің дәрежесі бойынша аудандағы электр тұтынушыларын жіктейтін болсақ , аудандағы ғимараттар ІІ, ІІІ және кейбір тұтынушылар І – топқа(су құбыры сорғы станциясы, канализациялық сорғы станциясы, лифттер, авриялық жарықтандыру, өрт-қауіпсіздігі қондырғысы, күзет сигнализациясы) жатады[2].

Қоректендірілетін ауданның перспективті жүктемесін есептеу барысында , тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар(администрациялық, оқу орындары, емдеу, сауда, ойын – сауық, спорт орталықтары), коммуналдық кәсіпорындар, транспорттық қызмет көрсету объектілері, сртқы жарықтандыру және шағын өнеркәсіптік кәсіпорындардыңжүктемелері ескерілді. Электр жүктемелері туралы деректер төмендегі 1.1-кестеде көрсетілген.

...

Скачать:   txt (42 Kb)   pdf (247.9 Kb)   docx (775.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club