Күюді туғызатын организмдер
Автор: aslan_02 • Декабрь 2, 2022 • Реферат • 1,585 Слов (7 Страниц) • 304 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«АГРОБИОЛОГИЯ» факультеті
«ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН» кафедрасы
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы:Күюді туғызатын организмдер
Дайындаған: Қасымов Асылан
Тобы: ЗР-314(К)
Қабылдаған: Даутова З.А
Алматы, 2022
ЖОСПАР | беті | |
1 | КІРІСПЕ | 3 |
2 | НЕГІЗГІ БӨЛІМ | 4 |
2.1 | Enterobacteriaceae және Pseudomanadaceae. | 4-5 |
2.2 | Трипсілер тағы басқалары, биологиясы, зияндылығы. | 6-7 |
2.3 | Зиянкестермен кешенді күресу шаралары | 8 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 9 | |
| ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР | 10 |
КІРІСПЕ
Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары.
Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды.
Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады.
Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады.
Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады.
Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Enterobacteriaceae және Pseudomanadaceae.
Өсімдіктер арасында бактериялық ауруларды туғызатын негізгі қоздырғыштар екі жанұяға бөлінеді: Enterobacteriaceae және Pseudomanadaceae. Бұндай бактериалар ағаш өсімдіктерінің көп бөлігін сырттай бүлдіреді. Әсіресе қарағай, пихта, емен, бук, липа, ясен, терек ағаштары ауруға шалдығады. Ағаштын сыртқы қабатында жарық немесе ылғалды жара пайда болған жерден сұйық зат-эксудат ағады. Осыдан бактерия ағашты бүлдіре бастайды. Бактериалды күюді Erwinia amylovora( Burill) Com бактерия туғызады. Бұндай аурудың салдарынан ағаштың жапырағы қарайып қурайды, жеміс беретін ағаштардың жемісі қурайды.
Бактериалды күю және сарысумен бір ағаш ауырса, ағаштың төменгі жақ қабатынан көптеген бактерия қоздырушылар пайда болады. Бактериалды күю ағаштардың жоғарғы жағынан басталса, сарысу ағаштың төменгі жағынан басталады. Сарысу кезінде ағаш неғұрлым сулы болып, эксудат салдарынан ащы иіс шығады. Бактериалды күю неғұрлым жылдам тараса, сарысу ұзақ таралып, ағаштың ұлпалары ақырын-ақырын өле бастайды. Осы бактериялардың өкілдері аурудың соңында жасуша қабатын зақымдап, ісік пен жара туғызады. Жара көзбен қарағанда темірдің тотына ұсайды, бірақ жараның көзінен сұр түсті сұйықтық ағып тұрады. Ол сұйықтық ағаштың бойындағы суы. Жарадан дәмі ащылау және әлсіз қидың иісі шығады.[pic 2]
2.2
Бидай трипсі Haplothrips tritici Kurd. Шашақ қанаттылар - Thysanoptera тобының Tubulifera - түтікше құйрықтылар топ тармағы, флеотрипиде - Phloethripidae тұқымдасына жатады. Дәнді дақылға зақым келтіретін түрі: бидай, қара бидай, сұлы және түйнек трипсі. Негізгі және маңызды зиянкестің бірі бидай трипсі. Зияндылық аймағы Солтүстік Қазақстанның дала және құрғақ далаларын қамтиды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс дала қыраттарында елеулі зақым келтіреді. Ең көп зиянды жаздық және күздік бидайға, арпаға, жүгеріге, сұлыға, бидай және қара бидайға аз зиян келтіреді. Барлық жерде бір ұрпақ беріп көбейеді. Дернәсілі топырақтың жоғарғы қабатында, жаздық және күздік бидайдың өзегінде, аңыздарда қыстайды. Көктемде, топырақ 8°C және одан жоғары температураға қызған кезде, дернәсілі қыстайтын жерінен шығады. Дернәсілінің нимфаға айналу кезеңі ұзақ, шамамен бір айға созылады, бұл қыстайтын жердің әртүрлі температуралық жағдайына байланысты. Ерсектері республиканың солтүстігінде маусым айында, оңтүстігінде - мамырдың бірінші онкүндігінде пайда болады, алдымен күздік содан кейін жаздық бидайға қоныстанады. Жаздық бидайдың түтіктену кезеңінің соңында - масақтану кезеңінің басында олардың саны әдәуір көбейеді. Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2,0мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернәсілі ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Ұшуы бір айдан асады, ұшып шыққаннан кейін, көп ұзамай аналықтары жұмыртқасын масаққа бір-бірлеп немесе топтап 3-8 данадан масақшалар қабыршақтарына және масақ өзегіне салады. Аналықтары 20-25 жұмыртқа салып, жұмыртқа 6-8 күннен кейін дамып, одан дернәсіл пайда болады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдің түсі жасыл-сары, бірнеше сағаттан кейін бірінші түлеуден кейін түсі қызарады. Екінші түлеуі көктемде, қыстап шыққаннан кейін түлейді. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ ауа-райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40% - дан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жеріне кетеді. Ересектері мен дернәсілі зақым келтіреді, ересек трипстер сабақтағы масақша қабыршақтарын және жапырақ қынабының шырынын сорып қоректенеді. Соңынан масақшалары өсуін тоқтатады, дернәсілі дәнмен қоректеніп, соның әсерінен дән деформацияланады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді. Трипстер ерекше қабілетке ие олар бидайға әртүрлі егу уақытында
...