Жұмыс орнының микроклиматы
Автор: Aikagirl94 • Март 29, 2022 • Контрольная работа • 307 Слов (2 Страниц) • 391 Просмотры
1 Дәріс. Жұмыс орнының микроклиматы
1) Желдету туралы жалпы меліметтер.
2) Еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз етудегі міндеттері.
3) Жұмыс орнының және қалалардағы ayaныңқұрамы.
Атмосфераның жер бетіндегі қабатындағы таза ауа бірнеше газдардың және су буының қоспасы түрінде болады. Таза атмосфералық ауның құрамына кіретін газдар (азот 78,09%, оттегі 20,95%, аргон және басқа инертті газдар 0,93%, көмір қышқыл газы 0,03% колем бойынша) ауаның құрғақ бөлігін құрайды. Ауаның құрғақ бөлігімен су буының қоспасын ылғал ауа деп атайды. Атмосфераның жер бетіндегі қабатындағы ауада оттегінің мөлшері тұрақты деп есептеледі, ал көмір қышқыл газдың мөлшері өзгеріп тұрады: ауылдық жерлерінің атмосферасында 0,03% көлем бойынша 0,03% болса ірі өндіріс орталықтарының ауасында 0,14% немесе оданда артық болуы мүмкін.
Атмосфераны ластайтын өнімдер табиғи (табиғи химиялық және биологиялық процестердің өнімдері, шаң-тозаң, микроорганизмдер, өсімдіктердің тозаңы ж.т.б.) және жасанды (өндіріс кәсіпорындарының жұмысы нәтижесінде шығатын зиянды өнімдер, жанған отын өнімдері ж.т.б.) болады. Сол зиянды заттар адамның және жануарлардың денсаулығына, өсімдіктерге, микроорганизмдерге жарамсыз әсерін тигізеді, ғимараттарды, құрылыстарды, ескерткіштерді қиратады, саймандарға және технологиялық процестерге зиянын келтіреді.
Ғимарат ішіндегі бөлмелердегі ауа құрамы атмосферелық ауа құрамынан мүлде өзге болуы мүмкін. Бөлме ішіндегі ауаны ластайтын өнімдер бөлмедегі адамдар санына, бөлмеде орындалатын технологиялық процестерге, бөлмеге кіретін заттардың түріне тәуелді. Сондықтан, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына аса көңіл бөлу қажет.
Өндірістегі жұмыс істейтін еңбекшілердің денсаулығын қорғаудың ең маңызды ісінің бірі - өндіріс бөлмелер ішіндегі ауаның тазалығын қамтамасыз ету. Ол бөлменің ішін желдету және бөлмеге кіретін ауаны баптау арқылы жүзеге асырылады.
Өндірістік желдету – бұл өндіріс цехтарында жарамды микроклимат сақтауға арналған шараларды жобалап және соларды жүзеге асыру жолдарын белгілеу болып табылады.
Өрындалатын курстық жобада әр түрлі өндірістерінің цехтарында желдету жүйесі есептеліп ауаны енгізу және шығару каналдарының сұлбалары салынып қажетті желдеткіштер іріктеліп алынады.
Мәскеудегі еңбекті қорғау институтындағы жылулық камерасында ауамен қабырғаның температурасы бірдей болғанда метеорологиялық кондициялар алынған. Жеңіл және ауыр жұмыстарға кондициялардың мәндері кестеде келтірілген
...