Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Библиография құрастыру

Автор:   •  Март 22, 2022  •  Реферат  •  1,803 Слов (8 Страниц)  •  364 Просмотры

Страница 1 из 8

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТI

Жылуэнергетика және басқару жүйелері институты

«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы

4-апталық тапсырма

Пәні: «Ғылыми зерттеу негіздер және академиялық жазу»

Тақырыбы: «Библиография құрастыру»

Мамандығы: 5В073100-Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Орындаған: Казиханов Т.Ж.    Тобы: БЖДк 18-1

Нұсқа: № 9

Тексерген: доцент Ажиев Қ. Ө.

_____________  ____________  «___» _______________ 2022 ж.

      (бағасы)              (қолы)

Алматы, 2022

4 – ші апталық тапсырма.

Сіздер 4-апталық тапсырманы тапсыру үшін төменде берілген 2 тапсырманы орындайсыздар. 2 тапсырмаға бір баға қойылады.

Тақырып: Библиография құрастыру.

Ақпараттық-библиографиялық сипаттама.

Ақпаратпен танысыңыз.

Библиографиялық сипаттама – дереккөз туралы библиографиялық мәліметтердің жиынтығы.

Библиографиялық сипаттама 7.1–2003 Мемлекеттік стандартта көрсетілген ережелерге негізделеді.

Библиографиялық сипаттаманың құрылымы:

1. Автордың тегі, аты мен әкесінің атының бас әріптері. (Бірнеше автор болса, олардың аты-жөні үтір арқылы беріледі).

2. Еңбектің атауы. (Тырнақша қойылмайды).

3. Басылым саны.

4. Қаланың атауы.

5. Баспаның атауы.

6. Бет саны кітап және жинақ түріндегі еңбекке/ мақала жарияланған журналдың немесе жинақтың беттері.

Библиографиялық сипаттамада біріншіден басқа, сипаттаудың әр саласының алдына нүкте мен сызықша (. – ) қойылады. Әр саланы және элементтерді бөлу үшін және белгіленген грамматикалық тыныс белгілерін айырып отыру мақсатында, шартты белгінің алдынан не соңынан бір баспа белгілік бос орын қалдырып отыру қажет. Нүкте мен үтірден кейін ғана – бос орын қалдырылады.

Библиографиялық сипаттамада тыныстық белгілерді қоюдың да қатаң тәртібі бар. Мысалы:

1) кітаптық басылымның библиографиялық сипаттамасы: Төлеуп М.М., Советова З.С. Қазақ тілі: Техникалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2015. – 192 б.

2) журналдағы мақаланың библиографиялық сипаттамасы: Әбдіманап М.А., Әбдиманұлы Ө. «Қаһар» романындағы «мәңгілік ел» идеясы// «Қазіргі қазақ тілі өркениет бәсекесінде: зерттеу парадигмалары және оқытудың мобильді технологиялары» атты халықаралық ғыл.-әдіст. конференцияның материалдары. – Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017.- Б. 260-268.

3) электрондық басылымның библиографиялық сипаттамасы: Күзекова З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2015. – 180 б. – URL: https://ru.b-ok.asia/book/ 3021807/1 baeda

4) интернет қорға сілтеме: Терминдер сөздігі: Энергетика, электроника, радиотехника және байланыс, информатика және есептеуіш техника. – URL: https://termincom.kz/

1 – ші тапсырма. 

Ақпаратпен танысқаннан кейін төмендегі ғылыми еңбектердің библиографиялық сипаттамасын дұрыстап жазыңыз.

1. Алматы қаласындағы Зият Пресс баспасында 2004 жылы шыққан М.Балақаев пен М.Серғалиевтің 140 беттен тұратын «Қазақ тілінің мәдениеті» атты оқулығы.

2. З.Қ. Құралбаевтың АЭжБУ-де 2011 жылы басылған «Ақпараттық жүйелердің негіздері» атты 80 беттік оқу құралы.

3. Р.Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000. – 532б. https://www.twirpx.com/file/2228277/

4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік https://sozdik.kz - Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік – Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. 800 б. https://www.twirpx.com/file/2517929/

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (122.4 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club