Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Анатомия

Автор:   •  Май 14, 2018  •  Реферат  •  1,892 Слов (8 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 8

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы:Организмнің әр түрлі аурулары (геморрагиялық инсульт) кезінде көкбауырда көрінетін гистологиялық, морфометриялық өзгерістер.

 Жұмыстың өзектілігі: Инсульт әлемде кең таралған аурулардың бірі.Әр 2 секундта әлемде 1 адам осы ауруға шалдықса, әр 6 секундта  1 адам өлім құшады. БДҰ мәліметтеріне қарағанда 2012 жылы инсульттан 6,7 млн адам өлген. ЖИТС пен салыстырсақ ЖИТС пен 1,7 млн адам өлген.Салыстырмалы тұрғыда инсульт кең таралған әрі қатерлі аурулармен 1 ші орында (1)

Бұдан бөлек тақырып өзектілігінің екінші нүктесі :инсультпен 65 пен тен жоғары қарт кісілер ауырсада соңғы кездері бұл аурумен жастармен балалардың ауыруы.Инсультпен әр жылы АҚШ та 4000 мың бала тіркеледі екен.

Әлем бойынша недефиринсальді инсултьқа 17,4% суббарахноидальді инсультқа 3,3 геморрагиялық инсультқа 17,8%  ишемиялық инсультқа 67,7% тиесілі.Ишемиялық инсултьтан өлім 12-37%  геморрагиялық инсульттан 52-87% индефиринсальді инсульттан 32%.(1)

Студенттің өзіндік  жұмысының міндеттері:

  1. Геморрагиялық инсульт кезіндегі жалпы организимде орын алатын негізгі және қосымша морфометриялық өзгерістерді анықтау (эксперименталды-теоритикалық)
  2. Геморрагиялық инсульт кезіндегі көкбауырдағы гистологиялық  өзгерістер
  3. Орын алған өзгерістердің жалпы организм гомеостазына әсері механизмін анықтау

Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты:

Көкбауырда орын алатын гистологиялық және морфометриялық өзгерістерді анықтау.

Студенттің өзіндік жұмысының жаңалығы:

Осы кезге дейін жүргізілген зерттеулер көкбауырда  орын алатын өзгерістерге бей жай қарап келді. Көптеген ғылыми зерттеу барысында геморрагиялық инсульттің көкбауырда ауыр пато-морфологиялық өзгерістерге әкелетіні анықталды. Көкбауырдағы өзгерістер   жалпы организмнің  тұрақты қалпына өз кезегінде  өзгерістеріне алып келеді.мидың қанайналым бұзылуы кезінде көкбауырда Т- және В-лимфоциттер көшпеу керек орынға көше бастайды, макрофагтар сандық жағынан көбейеді, жасушаның программаланған өлімі қызыл пульпада да, ақ пульпада да байқалады;

Жұмыстың материалы мен әдіснамасы:

Осы өзіндік жұмысыма ғылыми конференцияда қорғаған тақырыбымдағы  материладарымды да қолдандым.

Орта жастағы 59 мәйіттің  ашылу протоколы мен ауру тарихына ретроспективті анализ жасалды. Зерттеуге алынған мәйіттер –ЖМҚБ (жіті мидың қан айналым бұзылысы) (ОНМК-острое нарушение мозгового кровообращения) және 22 әртүрлі бақытсыз жағдайлардан өмірден өткендер.Морфологиялық әдістерді қолдана отырып- көкбауыр мен ми зерттеліп, көкбауыр мен мидың құрылымында  патоморфологиялық және морфометриялық өзгерістерді анықталынған болатын. Алынған мәліметтер негізінде ми инсультінің  клиникалық симптомдарына қарап  осы морфологиялық өзгерістерді болжауға негіз салдық. Қан құйылу ошақтарының топографиясына  зерттеу жүргізілді, Флексиг әдісімен жұмсарту, Ван-Гизон әдісімен гемотоксил және эозинмен бояу арқылы мидың гистологиялық құрылымы анықталды.

Жұмыс мазмұны:

Геморрагиялық инсульттің негізгі себебі гипертониялық ауру мен микроангиопатиямен байланысты. Ұзақ уақытқа дейінгі артериалды гипертензия липогиалинозға алып келеді, артынан басқа тамырлармен анастомоздардың болмауымен сипатталатын артериялардың фибриноиды некрозын шақырады. [1,2]

Артериялық қысым көтерілгенде артериялардың қабырғасының жыртылуы, гематомдардың пайда болуы (субкортикалық, путаменьталді, мишықтық) немесе артериялардың патологиялық өзгерістерінен таламус пен  бағаналы ми бөлімдерінің  қан элементтерін сіңіріп алуы байқалады. Бұл көріністегі қан құйылу – гипертензиялық немесе біріншілік деп аталады. [3,4,5]

Гипертензиялық ми ішілік қан құйылуларға келесі белгілер тән: аурудың жіті барысы, менингиальді , жалпы миды қамтыған, ошақтық, дислакационды  симтоматикасы. Аурудың клиникалық көрінісі ең алдымен геморрагиялық инсульттің локализациясына (орналасқан жеріне) байланысты. Жиі гипертинезивті инсульттер келесі жерлерде кездеседі: ми қабығында (55%), сирек субкортикальді (15%), көру төмпешігінде(10%), мишықта (10%), ми бағанында (10%)[6,7].

Геморрагиялық инсультқа мидың қан айналыс бұзылыстары ауруының 8-20%  тиесілі.Геморрагиялық инсультпен ауыру 100000 халыққа 10-35 жиілікте кездесіп, жас ұлғайған сайын көбейіп отырады.[8,9]

...

Скачать:   txt (30.5 Kb)   pdf (619.2 Kb)   docx (976.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club