Тест по "Анатомии"
Автор: Sabina13 • Май 7, 2018 • Тест • 12,906 Слов (52 Страниц) • 2,554 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР
Пән: «Анатомия»
Пән коды: Ana - 1214
Мамандық – 5В110100- «Мейіргер ісі»
Курсы – І, оқу семестрі - І
2013 жыл
Морфологиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама №_____ «_____» _______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор __________
- Пән бойынша тестілер:
1. Мойын омыртқаларының саны:
- 7+
- 5
- 4
- 8
- 12
2. Кеуде омыртқаларының саны:
- 12+
- 5
- 7
- 8
- 11
3. Бел омыртқаларының саны:
- 5+
- 4
- 7
- 8
- 12
4. Сегізкөз омыртқаларының саны:
- 5+
- 4
- 7
- 8
- 12
5. Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:
- мойын омыртқалары+
- кеуде омыртқалары
- бел омыртқалары
- сегізкөз омыртқалары
- құйымшақ омыртқалары
6. Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:
- кеуде омыртқалары+
- мойын омыртқалары
- бел омыртқалары
- сегізкөз омыртқалары
- құйымшақ омыртқалары
7. Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:
- сүйек тінінің сиректенуі+
- сүйек табақшалары санының көбеюі
- сүйек затының (заттегінің) тығыздануы
- дәнекер тінінің өте көбеюі
- өсінділердің пайда болуы
8.Жауырынның буындық ойысы ... орналасқан.
- латералдық бұрышында+
- жоғары бұрышында
- төменгі бұрышында
- акромионда
- құстұмсықтәрізді өсіндіде
9.Жауырын қылқаны ... орналасқан.
- дорсалды бетінде+
- жоғарғы бұрышында
- төменгі бұрышында
- латералді бұрышында
- қабырғалық бетінде
10. Акромион және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:
- жауырын+
- төс
- тоқпан жілік
- шынтақ жілік
- кәрі жілік
11. Екі мойны бар сүйек:
- тоқпан жілік+
- ортан жілік
- шынтақ жілік
- асықты жілік
- кәрі жілік
12. Шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлар ... жілікте орналасқан.
- тоқпан+
- ортан
- шынтақ
- кәрі
- асықты
13. Қол ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:
- білек+
- тілерсек
- толарсақ
- аяқ ұшы саусақ бақайшықтары
- апофиз
14. Аяқ ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:
- тілерсек+
- білек
- толарсақ
- қол ұшы саусақ бақайшықтары
- метафиз
15. Мықын, шонданай және шат сүйектерінің жамбаста бітісетін жері ...
- ұршық ойысының аймағы+
- қасағалық бітісу
- құлақтық бет
- бұдырмақ
- қасаға қыры
16. Бассүйектің милық бөлігі (мисауыттың) сүйегі:
- шүйделік сүйек+
- көзжастық сүйек
- мұрындық сүйек
- жоғарғы жақсүйек
- төменгі жақсүйек
17. Бассүйектің бет бөлігіне ... сүйегі жатады.
- жоғарғы жақ+
- шүйделік
- маңдайлық
- сынатәрізді
- самайлық
18. Тесіктелген табақшасы бар сүйек:
- торлы сүйек+
- маңдайлық сүйек
- көзжас сүйегі
- сынатәрізді сүйек
- мұрын сүйегі
19. Гаймор қойнауы ... сүйекте орналасқан.
- жоғарғы жақ+
- маңдайлық
- сынатәрізді
- кеңсірік
- самайлық
20. Бассүйектің ең үлкен тесігі ... сүйекте орналасқан.
- шүйделік+
- маңдайлық
- төбелік
- самайлық
- бет әлпеттік
21. Бассүйектің милық бөлігінің тақ сүйегіне жатады.
- маңдайлық+
- жоғарғы жақ сүйек
- төменгі жақ сүйек
- самайлық
- төбелік
22. Шүйде сүйек ... тұрады.
- базилярлы бөлік+
- дене
- мойын
- өсінділер
- доға
23. Омыртқаның … өсіндісі бар.
- қылқанды+
- құстұмсықтәрізді
- тәждік
- иық (акромион)
- бізтәрізді
24. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылым:
- көлденең өсінділеріндегі тесікте+
- қабырғалық шұңқырларда
- тәждік өсіндіде
- емізіктәрізді өсіндіде
- бізтәрізді өсіндіде
25. Омыртқа бағанасының … мүйіс орналасқан.
...