Алматы энергетика университетінің тарихы
Автор: Ислам Алтай • Март 12, 2019 • Реферат • 13,971 Слов (56 Страниц) • 533 Просмотры
Алматы энергетика университетінің тарихы
Алматы энергетика және байланыс университеті еліміздегі энергетика және байланыс инженерлерін даярлайтын жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Қазақстанның беделді университеттерінің бірі саналатын аталмыш жоғары оқу орнының іргесі 1975 жылы қаланды. Бұл жыл 9-шы бес жылдықтың шешуші жылы болатын. Оның халық шаруашылығын дамытудың директивалық құжаттарында жоғары оқу орындарында мамандар даярлау халық шаруашылығы мен ғылыми техникалық прогресс талаптарына сай болуы талап етілді.
Екібастұздағы тас көмірді жедел игеру және Қазақстан мен Орта Азия энергетикасының қарқынды артуы жоғары білікті энергетик мамандар дайындаудың өткір қажеттілігін айқындады. КСРО Министрлер кеңесінің 1974 жылы 27 қаңтардағы № 666 қаулысына сәйкес және республикада энергетика бойынша мамандар дайындауды көбейту мақсатында Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитеті және Қазақ ССР Министрлер кеңесі 1974 жылы 4 қазанда № 526 қаулы қабылдады: «Алматыда 1975 жылдың 1 қаңтарында В.И.Ленин атындағы Қазақ Полтиехникалық институтының энергетика факультетінің базасында Алматы энергетика институты құрылсын». Осы қаулыға сәйкес Қазақ ССР Жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі 1974 жылы 22 қазанда № 732 бұйрық шығарды [1]. Осы министрліктің 1974 жылғы 31 желтоқсанындағы № 903 бұйрығымен Алматы энергетика институтының ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Альберт Васильевич Болотов тағайындалды.Ол өмірлік тәжірибесі мол тұлға еді. Ол өзінің ректорлық міндетіне 1974 жылдың 30 желтоқсанында кірісті.Алматы Энергетика Институтында (АЭИ) жалпы басшылықты ректор атқарады. А.В. Болотов өзінің қызметін кадрларды іріктеуден бастады. Институт қызметінің жекелеген салалары бойынша ректордың ең жақын көмекшілері саналатын оқу ісі жөніндегі, ғылыми жұмыс, кешкі және сырттай оқу, әкімшілік – шаруашылық проректорлықтарына кандидатуралары республиканың жоғары оқу орындары министрлігіне хатпен хабарлады. 1975 жылдың 14 ақпанында №12 бұйрықпен ректор техника ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Жүсіпұлы Арыстановты оқу ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әбидулла Өміряевті ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Кәміл Байұзақұлы Ермекбаевты кешкі және сырттай оқу жөніндегі проректоры, Керімтай Нұркерімұлы Бәйімбетовты әкімшілік–шаруашылық жұмыс жөніндегі проректоры қызметіне тағайындады [2].
2. Қараңыз Болатов А.В. Биобиблиографиялық көрсеткіш – Алматы -2014.-С. 69
Оқу-әдістеме, тәрбие және ғылыми зерттеу жұмысын студенттермен жүргізуді жетілдіріп, ұйымдастыру және мамандар дайындаудың сапасын жақсарту мақсатында Қазақ ССР Жоғары және орта арнаулы оқу министр Т. Катаевтың (бұдан әрі Қаз ССР ЖОО министрлігі) 1975 жылы 14 ақпанындағы №113 бұйрығымен институт қабырғасында келесі факультеттер ашылды:
1- Жылуэнергетика, 2- Электрэнергетика, 3- Электрмеханика,4- Электртехника, 5- Кешкі және сырттай оқу [3].
Ректор А.В.Болотов декандарды және олардың орынбасарларын тағайындауда ғылыми атақ-дәрежелерін, оқу әдістемелік тәжірибесін, ұжыммен жұмыс істей білу қабілеттерін және т.б. қасиеттерін ескеріп отырды. Осындай көрсеткіштерге орай техника ғылымдарының кандидатттарыЖігер Айтқазұлы Дәйірбеков, Генадий Викторович Стульников, Георгий Оскарович Маркус, Жүнісбек Құсанбекұлы Әміров, Гамиль Ходжаевич Хожин сәйкесінше жылуэнергетика, электрэнергетика, электрмеханика, электртехника, кешкі және сырттай оқу факультеттерінің декандығына тағайындалды. Бұлар жаңа құрылған Алматы энергетика институтының алғашқы декандарының құрамы еді.
Қазақ ССР ЖОО министрінің 1975 жылы 6 наурызындағы № 171 бұйрығымен 1975 жылдың 10 наурызынан бастап Алматы энергетика институтында 22 кафедра жұмыс істеді. Олардың құрамы техникалық білім беретін және жалпы білім беретін кафедралардан тұрды [4].
1. СОКП тарихы және саяси экономия, 2. Маркстік-лениндік философия және ғылыми коммунизм, 3. Жоғары математика, 4. Физика, 5. Химия, 6. Шетел және орыс тілдері, 7. Дене шынықтыру және спорт, 8. Қолданбалы механика, 9. Жалпы жылутехникасы, 10. Сызба геометрия және графика, 11. Электртехниканың теориялық негізі, 12. Еңбекті қорғау, 13. Электрді өлшеу және қолданбалы электртехника, 14. Электр жетегі, 15. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалаларды электрмен жабдықтау, 16. Электр станциялары мен кіші станциялар, 17. Жоғары қысым техникасы, 18. Электр желілері және жүйелері, 19. Жылуэнергетика қондырғылары, 20. Электр машиналары, 21. Экономика және энергетиканы ұйымдастыру, 22. Азаматтық қорғаныс курсы.
...