Сызықты перспективаның геометриялық негіздері дегеніміз не?
Автор: Mina_ • Ноябрь 30, 2022 • Реферат • 823 Слов (4 Страниц) • 245 Просмотры
[pic 1]
«Сызба геометриясы Инженерлік пәндер» Кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Сызықты перспективаның геометриялық негіздері дегеніміз не?
Орындаған:Ердаулетқызы.А
Тобы: ФӨТҚ(А ) 04- 21
Қабылдаған: Момбавева А. М.
Шымкент- 2022жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі ой бөлім
2.1. Сыртқы беттерді сызбада кескіндеу
2.2. Қисық беттер
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сызықтық перспектива- көрінген алыстаған сайын заттардың бөлшектерінің және ара қашықтықтарының кішірейтіп көріну құбылысы.
Сызықтық перспектива 2 -ге бөлінеді:
1)фронтальды
2)бұрыштық
Фронталь перспектива бойынша суретшілер заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді. Мысалы, заттың тура алдынан қарағандағы ққұбылысы.
Бұрыштық перспектива бойынша суретшіге заттың тек бір бұрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді. Сызықтық перспектива заңдылықтары туралы мұғалімнің оқытушыларға меңгеретін түсініктері мынандай бағыттарды қамтиды:
- Белгілі бір бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.
- Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уакытта көкжиек сызығында жатады.
- Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың арақашықтығы бір біріне жақындай түседі. Мысалы, темір жолдың рельстері мен шпалдарының көрінісі.
- Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың ара қашықтық өлшемдері кішірейе түседі.
Сыртқы беттерді сызбада кескіндеу.
Жазық көп бұрыштары мен шектелген геометриялық денені көп жақтары деп атайды. Егер көп жақтын барлық төбелері кез келген жағы аркылы жүргізілген жазықтықтың бір жағында орналаса, онда оны дөңес көп жақ , ал барлық жақтары өзара тең және бірдей дұрыс көпбұрыштар болатын көпжақтарды дұрыс көпжақтар дейді. Дұрыс дөңес көпжақтардың тек бесеу ғана болатындығын ежелгі грек ғалымдары айткан. Кейіннен Платон бұл денелерді толық зерттеп, сипаттағандықтан математикада Платон ережелері деп аталады (1- сурет).
Тетраэдрдің 4- жағы, 6- қыры, 4- төбесі болады.
Октаэдрдің 8- жағы, 12- қыры, 8- төбесі бар.
Гексаэдрдің -6 жағы,12- қыры, 8- төбесі болады.
Ал, икосаэдрде 20- жақ, 30- қыр, 12- төбе болады.
ДДодекаэдрді-12 жағы, 30- қыры, 20- төбесі болады.
Тетраэдр, октаэдр, икосаэдрдің әрбір жағы тең қабырғалы үш бұрыштар. Гесаэдр шаралардан құралады. Додакаэдрдің бір жағы дұрыс дөңес бес бұрыш.
Көпжақтардың проекцияларын салу үшін олардың төбелерін нүктелер, қырлары түзу кескіндері және жақтары жазықтық қиындығы деп қарастырылады.
[pic 2]
Қисық беттер .
Қисық беттерді түзудің немесе қисық сызықтарының кеңістіктерге қозғалу траекториясы деп есептеуге болады. Жалпы беттердің түрі шексіз көп жак және әралуан. Беттерді берудің жә_е кескіндеудің көп тараған түрі аналитикалық әдісі. Берілген берудің және кескіндеудің көп тараған түрі аналитикалық әдіс. Берілген теңдеуі қанағаттандыратын нүктелердің жиыны беттің координаттар болу керек. Сызба геометрияда фигуралар графикалық тәсілмен беріледі, сондықтан бетті кеңістіктегі қозғалған сызықтың барлық орындарының жиыны деп қарастырған тиімді.
Кеңістіктегіқозғалысымен бет жасайтын сызықты жасаушы деп, ал жасаушы сығып отыратын қозғалмайтын сызықтарды бағыттаушылар деп атайды.
Кеңістіктегі m, n сызықтарын қиып өтетін l жазықтық қисық сызығы берілсін .
l- жасаушы;
m, n- бағыттаушылар;
- паралелелизм жазықтығы
Жасаушы (l) кеңістіктегі а жазықтығына тұрақты параллель бола отырып, m және n сызықтары бойымен жылжысын. Сонда l сызығының орындарының жиыны бет болады.
Қарастырылған жағдай- бетті алудың кинематикалық тәсілі. Кинематика тәсілімен әр алуан беттерді қарастыруға және эпюрде кескіндеуге болады. Беттерді құраушы сызықтардың немесе нүктелердің белгілі бір ретті жиынын қанқа (каркас) деп атайды. Берілуіне карай нүктелік және сызықтық қаңқалар бөлінеді. Беттің пішінін қажетті дәлдік пен анықтау және әр түрлі есептер шығаруға мүмкіндік беретін нүктелер немесе сызықтарар (қанқа) таңдап алынады.
...