G-Global коммунативтік платформасында «Инфрақұрылым,инновациялар,инвестициялар»
Автор: Bibigul • Январь 23, 2018 • Реферат • 1,634 Слов (7 Страниц) • 1,157 Просмотры
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Медициналық биофизика,информатика және математика кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:G-Global коммунативтік платформасында «Инфрақұрылым,инновациялар,инвестициялар», «Қазақстанның ІТ-саласындағы инвестициялық жағдайдың проблемалары мен перспективалары» проблемаларын талқылау.Медицинадағы және денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау.
Орындаған:Бекпатша Б.
Тобы: 305 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Абдримова З.М.
2016 жыл
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері
2.Жалпы,факторлық және қалдық дисперсиялар
3.Бір факторлы дисперсиялық талдауды қолданудың сызбасы.Бір факторлы дисперсиялық талдауды қолданудың мысалы.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиет
Дисперсиялық талдау деп ағылшын математигі және генетигі Р.Фишер ХХ ғасырдың 20-жылдарында биология мен ауыл шаруашылығының бірқатар эксперименттік тапсырмалары үшін әзірленген статистикалық әдістер топтамасын атайды.
Есептің қойылуы. Х1, Х2....Хk бас жинақтары берілсін, мұнда:
- барлық «k» бас жинақ қалыпты үлестірілген;
- барлық бас жинақтардың дисперсиялары бірдей.
Осындай шарттар орындалғанда және «р» маңыздылық деңгейінде орташа шамалардың теңдігінің нөлдік болжамын (гипотезасын) тексеру қажет, яғни Н0: [pic 1] .
Бас жиынтықтың әрбіріне бір немесе бірнеше факторлар әсер етіп, олардың орташа мәндерін өзгертуі мүмкін.
Соңғы нәтижеге әсерін тигізетін көрсеткішті фактор деп атайды. Фактор бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Фактордың нақты іске асуын фактор деңгейі деп атайды.
Өлшенетін белгінің мәнін фактордын әсеріне берілетін жауап (үн қату) деп атайды.
Мысалы, гипертония ауруына шалдыққан кейбір науқастар санына қарай кездейсоқ түрде «k» топтарына бөлінген, олардың әрқайсысына белгілі бір дәрі-дәрмек қабылдау тағайындалған. Нәтижесінде артериалдық қысым көрсеткішінің орташа мәнінің өзгеруі бақылауға алынады.
Бұл мысалда:
- «ni» науқастардан құрылған «i» тобындағы көрсеткіштердің мәндері – бұл «ni» көлемдегі «i»-ші таңдама;
- дәрі-дәрмек – бұл бақылаудағы көрсеткіш шамасына ықпалын тигізетін фактор;
- артериялық қысым өзгерісінің көрсеткіші – бұл фактор ықпалына деген үн қату.
Топтар бойынша қабылданатын дәрі-дәрмектер не түрімен, не мөлшерімен, не қандай да бір басқа жағдайларымен ажыратылады деген болжам бар. Онда ықпал етуші фактор, фактор деңгейлері деп аталатын бірқатар құрамдарға бөлінеді.
Егер фактор шаманың үн қатуына әсер етсе, онда шамалардың орташаларының теңдігі туралы H0: [pic 2]нөлдік болжам қабылданбайды.
Зерттеліп отырған факторлар санына байланысты дисперсиялық талдау бірфакторлы және көпфакторлы болып бөленеді.
Мысалдағы артериалдық қысымның өзгеруін зерттеу жолдары:
- фактор – жыл маусымы (деңгейлері: қыс, көктем, жаз, күз);
- фактор – тәжирібе жүргізілетін орын (оның деңгейлері: ауруханада немесе үйде емделу);
- фактор – режим (оның деңгейлері: төсекте, әдеттегідей немесе таза ауада үнемі жаяу жүру) және т.б.
Бір факторлы дисперсиялық талдау үшін таңдалған деректерді әдетте кесте түрінде көрсетеді. ( 9.1. кесте).
9.1. кесте.
Сынақ нөмері | А факторының деңгейі | |||
A1 | A2 | … | Ak | |
1 | x11 | x12 | … | x1k |
2 | x21 | x22 | … | x2k |
... | … | … | ||
R | [pic 3] | [pic 4] | … | [pic 5] |
Топтық орташа | [pic 6] | [pic 7] | … | [pic 8] |
2. Дисперсиялық талдаудың негізгі мақсаты таңдамалы дисперсияны екі құрамдас бөлікке бөлу:
- біріншісі – бұл орташа мәндердің өзгеруіне әсерін тігізетін факторге сәйкес келетін факторлық дисперсия;
- екіншісі – бұл кездейсоқ себептер әсерінен пайда болатын, орташалардың өзгергіштігіне әсерін тигізбейтін қалдық дисперсия.
Зерттелетін факторды сандық жағынан бағалау үшін осы құрамдас бөліктерді Фишер белгісімен салыстыру қолданылады.
...