Қазақстан Республикасында
Автор: 77076091772 • Май 4, 2022 • Реферат • 263 Слов (2 Страниц) • 187 Просмотры
75-бап
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратындығы туралы түсіндіріледі.Заңда қаралған жағдайларға сот ісі алқабилердің тығыз қатысуымен шешілетіндігі баяндалған.Республика сот жүйесі Республика Конституциясымен белгіленеді.
76 -бап
Сот ҚР атынан жүзеге асырылады жәнеде азаматтардың құқықтарын қорғауды,халықаралық құқықтың тығыз орындалуын қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қояды.Сотта тағайындалған шешім барлығына ортақ міндетті күш болуы тиіс.
77-бап
Ортадағы судья сот кезінде Конституция заңына тікелей бағынуы тиіс.Заңды қолданған кезде судья белгіленген принциптерді қатаң сақтауы тиіс.Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар жауап беруге құқығы жоқ.
78-бап
Соттардың адам құқықтарына,бостандықтарына нұқсан келтіретін бөгде заңдарды қолдануға хақысы жоқ.Ал қолданған жағдайда Азамат жүргізілген істі тоқтатып, Конституциялық кеңеске жүгінуіне болады.
79-бап.
Сот тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституция және заңмен қорғалады.Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.
80-бап
Соттарды қаржыландыру,судьяларды үй жағдайымен қамтамасыз ету,қорғау республика бюджетінен бөлініп,жүргізіледі.
81-бап
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.
82-бап
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.
...